Балабақшадағы жаңа жылдық мерекелік ертеңгілік. Бүлдіршіндердің бірің -бірі түсінуге, мерекелік сыйластыққа тәрбиелеу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жасыл шырша жанында» балабақша топтарына арналған мерекелік ертеңгілік.

Аңдар шыршаны безендіріп жатады.(қоян,түлкі,аю,сиыр,тышқан,тауық,) Машаның мульфил-ғы музыкасын қосу.Маша қолында суреті бар кіреді.

Қоян: «Тағы да маша келе жатыр,одан қалай құтыламыз?»

Маша: «Бір,екі,үш»-деп әндетіп келе жатады да, аңдарды көріп

Маша: «Жаңа жылдарыңмен»-деп айғай салады. Сол кезде аңдардың тығылып,қашады. Тек аю ғана қалады да,шыршанының алдына тығыла қалады.Маша келіп аюды түртеді.

Маша: «Жаңа жылыңмен,аю!»-дейді,аю сол кезде терең дем алады.Маша шыршадағы әдемі ойыншықтарға қызығады, бір ойыншықты қызықтап қолын созып,жұлып алады.Аю болса Машадағы ойыншықты жұлып алып кетіп қалады.Маша айғалап жылап қалады.Маша жылап отырып жан-жағына қарап отырады,торт салынған қорапты көріп,соны алмақшы болып жақындайды.Тортты қойып қойған қасқыр болатын.Қасқыр Машаны ұстап алмақшы болып,тортты жылжыта береді.Тортты тарта-тарта Машаны ұстап алып кетеді.Аңдар Машанының жоқ екеннің көріп қайтадан шығады.Тек аю ғана ренжіп кіреді.

Қоян: «Аю сен неге мұңайып тұрсын?»

Аю: «Машаның алып кетті емес пе,Машаның жоқ болғаны бізге көңілсіз,Машасыз жаңа жылды қалай қарсы аламыз?».

Аңдар:

Чебурашка: «Жаңа жыл болса келіп қалды, енді не істейміз?

Түлкі: Машаны қалай табамыз?

Микки маус: Маша болса жоқ»

Осы кезде «Шырша жыры» музыка әуенімен балалар парад болып өтеді.

Қатысатын топ қалады. Парадпен бірге жылан келеді.

«Ковбой» би орындалады.

Қоян: «Достар билерін тамаша екен.Сендер Машаны көрген жоқсыңдар ма?»

Балалар: «Ия,ия көрдік.Әне Машаның өзі де келе жатыр.»-дегенде бидің балалары шығып кетеді. Маша болса қасқырды емдеп келе жатады.

Маша: «Дем ал,дем алма,дем ал,дем алма!»-деп келеді

Қасқыр: «Міне Машаларың,міне сыйлықтарың,мен кеттім!»-деп бара жатқанда қоян тоқтады.

Қоян: «Қасқыржан «Ұрлық түбі қорлық» дегенді өзінде түсінген шығарсың,кел бізбен бірге жаңа жылды тойлайық.»-деп қасқырды қастарына шақырады.

Аю: Маша болса табылды.Мерекемізді тойламаймыз ба? Жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық.

Аңдар,балалар хормен: Аяз ата,Аяз ата!-деп айғайлап шақырады.

Аяз ата,Ақшақар кіреді.Музыкамен.

Аяз ата: Амансың ба,ұлдарым!

Амасың ба,қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің!

Қандай әсем жырларың!

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерді,

Іздеп келді алыстан.

Ақшақар: Жаңа жыл жаңа әннің тербелуі

Жаңа жыл ақ арманның өрленуі

Жаңа жыл бақшадағы бөбектердің

Кішкентай шәкірттердің ер жетуі

Жаңа жыл құтты болсын! Балалар мен сендердің балабақшаларыңа жалғыз келген жоқпын , менімен бірге кішкентай ақшақарлар келіп отыр. «Ақшақарлар» билерін қабыл алыңыздар.

Сағаттың дыбысы естіледі.

Қоян: Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын жаңа жыл

Құттықтаймыз сіздерді!

«Жаңа жыл,жаңа жыл,жаңа жыл».

Три белых коня музыкасымен жылқы жылы кіреді.Аттардың дыбысы.Артындағы қыздар біркелкі бимен билейді.

Жылқы жылы: «Жылқынның дүбіріне,күліктің күмбіріне құлақ қойып,елең ететін қазақ даласына біздің жылымыз келді.Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көреді,Біз тектіліктің бірден-бір нышанымыз.Біздің арқамызда Алаш баласы Алтай мен Атыраудың,Арқа мен Алатаудың арасын жалғап,желдей ескен.

Жаңа жыл-жаңа ниет,жаңа күнмін

Ғаламға ғашық болған жануармын

Қалсыншы ескі жылда бар қиындық

Шаттықтың шарайнасы бола білгім!

Халыққа жайлы,ел тілегіне сайлы жыл боламын!»

Аяз ата: Жаңа жыл кел ортамызға,Төрлет,төрлет.Балалар кірген жаңа жылымызға қандай өнерлерін бар? Барлығымыз бірігіп тамашалайық.

Топтардың ертеңгіліктері өтеді.

1.Парад

2. «Ковбой» биі

3.Три белых коня

4. Фитбол

5.Тақпақ

6.Елка жыры

Аяз ата келеді

7.Аяз ата әні

8.Қарлар биі

9.тақпақтар

10Хор: Көрікті елкамыз

11.Көңілді балалар биі

12.Жаңа жылдық тақпақ

13. Жаңа жыл әні

Тәрбиеші: Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз біз жылда бір

Жарқын-жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

Аяз ата: «Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Мен жылыңа бірақ рет келемін.Барлықтарың да ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым?ал енді біз сендердің топтарыңды барып көріп жаңа жылдық сыйлықтарыңды берейік.Жиналған қауым кірген жаңа жылдарың құтты болсын отбасыларыңызға амандық шаттық тілеймін. Қош сау болыңыздар!Ал балалар топтарыңды көрейік сыйлықтарыңды берейін жүріңдер.

Балалар: «Сау болыңыздар!»

Қоян: « Маша,көрдің бе,балалардың өнерлерін,енді сенде біздің балалар сияқты ақылды бол!»

Маша: «Ия, мен жылан жылы өте мазасыз болдым.Мен бір жылға есейдім.Енді мен ақылды болам!»аңдар шығып қуанып Машамен бірге билейді

Қоян: Жаңа жылдарыңызбен! «Мереке» әнімен жаңа жылдық мерекелік кеш аяқталады.


© 2010-2022