Өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің жоспары

Білім беру саласы: «Әлеуметтік»

Тақырып: «Жақсыдан - үйрен, жаманнан - жирен »_

Құндылық: Адамгершілік

Қасиеттер: Достық, қайырымдылық, құрмет, адалдық, тілектестік

Ресурстар: Видеопроектор, суреттер, таратпа материалдары.

Балабақша: №1 «Шұғыла » жекеменшік балабақшасы

Мерзiмі: 22.11.2013 ж

Тәрбиеші : Қазақбаева Айнұр Серікбайқызы

Топ: Ересектер тобы

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің мақсаты: : Балалардың «жақсылық пен жамандықты ажырата біліп,өмірде қолдана білуге үйрету.Бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Міндеттері:

-жақсы,жаман туралы түсінік беру;

-жақсылық пен жамандықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру

-жақсылық жасай білу іскеріліктерін дамыту

-ізгілік, әдептілік, қайырымдылыққа тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тәрбиеші: - Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!Бүгін мен сендерді өзіммен бірге игі қасиеттер әлеміне алып барамын.


  • Балалар, игі қасиеттер деген сөзді естігенде ойларыңа не келді?

  • Балалар ,қазір біз осы игі қасиеттер көпірінен өтуіміз керек. Бірақ ол үшін әрқайсымыз өзіміздің досымыздың бойындағы жақсы қасиеттерді айтып өтуіміз керек.Өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тыныштық сәтi

Баяу әуен қойылады. Балалар денесін тік ұстап, көзін жұмып отырады.

«Күннің нұры»

-Денемізді тік ұстап, орындықта еркін отырамыз. Көз алдарыңда көк шалғынды дала. Жұмсақ самал есіп тұр.Аспандағы күн нұрын ерекше төгіп, сенің маңдайыңнан өтіп жүрегіңе құйылды. Нұрға бөленген жүрегің жаңа ашылған гүлдей сүйіспеншілік қауызын ашады. Сүйіспеншілікке толы жүректен күннің нұры сенің аяғыңа түседі.Сенің аяғың тек жақсы жерлермен ғана жүру үшін.Аяғыңнан күннің нұры қолыңа барды, тек жақсыны ғана ұстау үшін. Күннің нұры қолыңнан аузыңа барды, жақсыны ғана айту үшін. Аузыңнан күннің нұры құлағыңа барды, тек жақсыны сөз есту үшін. Күннің нұры көзіңе барды, тек жақсыны көру үшін. Сенің бүкіл тұла бойың сүйіспеншілік нұрына бөленді. Сен осы сүйіспеншіліктеріңді досыңа жібер. Ата - анаңа жібер.Сен сол сүйіспеншілік нұрын туған-туыстарыңа жібер.Айналаң сүйіспеншілік нұрына бөленіп тұр. Біздің бөлмеде нұрға бөленіп сүйіспеншілікке толды. Көзімізді ептеп ашайық.

- Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді.

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

Балаларға өлең жолдарын оқып беру

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

-Балалар, бұл өлең жолдарында не туралы айтылған?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Біз бүгін «жақсы деген не?», «жаман деген не?»сұрақтары төңірегінде, жақсы әрекеттер жасау, жақсыдан үйрену, жаманнан жирену,адамды,айналасын зор қуанышқа бөлеп, бақытқа жетелейтіні туралы айтамыз.

- Балалар,жақсылық дегенді қалай түсінеміз?

- Балалар,жамандық дегенді қалай түсінеміз?

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің дәйек сөзі

Жирен жаман әдеттен,

Жақсылық ізде жүректен деген мақалды қалай түсінесіндер?Өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

-Әр уақытта жақсы болуға тырысу керек.

-Жүрек таза болса,жаман қылық саған жоламайды.

-Әр адамға жылы жүзбен қарау керек.

-Жаман қылықтар жасамау керек

-Жүрегіңде жақсы ниеттер ғана болу керек.

- Адам баласы дүниеге келгенде бойында көп жақсы қасиеттер болады. Олар достық, адалдық, сүйіспеншілік,тілектестік,мейірімділік, қайырымдылық және т.б

- Балалар достық дегенді қалай түсінеміз?

(Достары жайлы сұрау)

-Балалар,қазір біз игі қасиеттер әлемінің ғажайып сандығын ашып көрейік.

(сандықтың ішінен «Жақсыдан -үйрен, жаманнан - жирен» кітабы шығады )

Балалар бұл жай кітап емес, ол ерекше құнды кітап.Оның ерекшелігі бұл кітапта адам бойындағы қасиеттер мен адамгершілік және ізгілік қағидалары жайлы айтылған.

4.Әңгiмелеу (сұхбат).

Слайд бойынша суретпен жұмыс

Достық

- Достық - адамдарды бір-бірімен жақындастыратын жағымды сезім.

-Басыңа қиыншылық түскен кезде қасыңнан нағыз дос қана табылады.

-Достарың көп болса, жалғыздықтың не екенін сезінбейсің.

-Қажет кезде досың көмек береді.

-Қауіп қатер төнсе, досың сені құтқарады.

-Ауыра қалсаң, достарың көңіліңді сұрайды.

-Қамқор болып, асты-үстіңе түсіп, бәйек болады.

-Досың саған сенеді, сырын айтады.

-Сенің өміріңде досыңнан алатын орны ерекше.

-Досыңның көп болғаны қандай тамаша!

-Досы бар жан - бақытты!

Қарапайымдылық

-Қарапайымдылық - сені зиялы, сыпайы әрі биязы, кішіпейіл етіп көрсетеді. Бұл жаратылыстың берген үлкен сыйы.

-Достарыңның сөзін әдеппен тыңдай білу қарапайымдылыққа жатады.

-Қарапайым болсаң ізеттілік, зерделілік және ибалылық сияқты жағымды қасиеттерді иеленесің.

-Өзгелердің құндылықтарын мойындау қарапайымдылыққа жатады.

-Бір жұмысты бастасаң, оны қолыңнан келгенше соңына дейін жеткізуге тырыс.

-Қандайда бір жетістікке жетсең сыпайылылық танытып, алғысыңды білдір.

-Жалғыз өзің ештеңе тындыра алмайсың. Осындай сәттерде кішіпейіл достарың қашанда көмектесуге әзір тұрады.

-Өзгелердің жабырқап, уайымға салынуын жан-дүниеңмен түсінуге тырыс.

-Жасаған қателігінді дер кезінде мойындап, кешірім сұра.

-Достарыңмен, туған-туыстарыңмен тату тәтті өмір сүр, ел тыныштығын ойла.

Құрмет

-Құрмет - ең басты адамгершілік қасиеттердің бірі.

-Қадірлеу, құрметтеу арқылы жақыныңның қаншалықты сыйлы, қымбат екендігін білдіресің.

-Досыңның ой-пікірін ыждағаттылықпен тыңдау - оған көрсетілген құрмет.

-Өз қатеріңді дер кезінде түсініп, өкініш білдіру де - өзгеге деген құрметтің бір түрі.

-Әңгімелесіп отырған достарыңның пікірін зейін сала, мұқият тыңдағаның дұрыс.

-Әркім өзін құрметтеуі керек, яғни денсаулығын күтіп, дене бітіміне назар аударып, салауатты өмір салтын ұстануға тиіс.

-Үлкендерді, ата-ананы сыйлап, қастерлей біл.

-Маңайындағыларды құрметтесең өзіңді жеңіл, көңілді сезінесің. Сонда өзгелер де саған құрметпен қарайды.

-Табиғатты аяла, қоршаған ортаға қамқор бол.

Адалдық

-Адалдық деген - ешкімге қиянат жасамай, адал өмір сүру.

Ойнап отырып та ешқашан ешкімді алдама, алаяқтық жасама.

-Өміріңнің әр күнін адал өткіз. Қандай қиын жағдайда да шындықты айт.

-Кез келген қателігіңді ашық мойындап, ұялмай кешірім сұрай біл.

-Біреудің ақысын жеме. Еңбегін адал, әділетті бағаға.

-Егер біреудің жоғалтқан затын тауып алсаң, оны иесіне қайтар.

-Ар-ұяттан аттамай, адал іс жасасаң мерейің үстем болып, өзіңді бақытты сезінесің.

-Кейде шындықты айтудан қашқақтайтын кез болады. Дегенмен оның соңы одан да үлкен келеңсіздіктерге әкелуі мүмкін.

-Адалдық әркімнің қолынан келе бермейді, алайда адал болу - сенің борышың!

-Адалдық кез келген жанның өмірдегі негізгі ұстанымы болуға тиіс. Мен әрдайым адал болуға тырысамын, сондықтан жанымдағылар маған сенім артады

Тілектестік

-Тілектестік - сүйіспеншілікті білдірудің бір жолы.

-Біреуге тілектестігіді білдіргің келсе, оған қол ұшын бер. Сол кезде өзіңді керемет сезінесің.

-Айналаңда не болып жатқаныңнан хабардар бол.

-Досыңа демеу, қолдау көрсет. Оның қиыншылығын түсініп, өзіңді соның орнына қоя біл.

-Салиқалы кеңес беру арқылы да біреуге көмектесуге болады.

-Досың аяғын жаралап алып, өздігінен жүре алмай қалса, оған жәрдемдес.

-Бауырыңа үй тапсырмасын жасауға көмектесіп жібер.

-Қиын жағдайларда ешкімнен көмегіңді аяма.

-Жаныңдағыларға қолдау көрсетіп, оларды өз баурыңдай көр.

-Олардың қайғы қасіретін бөлісе біл.

-Игі істер жаса. Ынтымақ, ауызбіршілік болсын.

-Қайырымды істі көбірек жаса. Сонда айналаң жайнай түседі.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Балаларға күннің бейнесін жасау тапсырылады.

Қажетті құралдар: СД диск, желім, сары түсті қағаз, таяқша.

Балаларға жұмыс барысы түсіндіріледі.

Өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті


Өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Өзін-өзі тану ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті




  1. Топпен ән айту.

«Бал бала шағым»

7.Соңғы тыныштық сәтi.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті соңындағы тыныштық сәті. (2 мин)

Баяу әуен қойыладыБалалар денесін тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Тәрбиеші жәй дауыспен:

-Енді көзімізді жұмып осы ұйымдастырылған іс-әрекетте айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл - күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай болатынына сенімдімін.Жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»





© 2010-2022