Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесін сақтаймыз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесін сақтаймызҚауіпсіздік ережесін сақтаймыз! Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесін сақтаймыз

Ж.О.Тлеумағанбетова

II- санатты тәрбиеші

Білім беру саласы: Таным, Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрлері: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «От досымыз, от жауымыз!»

Мақсаты: Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін түсіндіру. Қауіпті жағдайда кез бола қалған жағдайда өзін ұстай білуге үйрету. Балаларға оттан сақтанудың жолдарын өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т. б қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, тосын сәт, сұрақ- жауап, ойын, мадақтау.

Көрнекіліктер: Қауіпті жағдай тудыратын, заттар мен құбылыстар бейнеленген суреттер, слайд көрсету.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері: Шаттық шеңбері.

Балдырған баламыз

Досты көп табамыз

Қашан да кайда да

Дос болып бәріміз

Сенімді боламыз!

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіміздің саласы: Таным, Әлеуметтік орта; оқу іс- әрекетіміз: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «От досымыз, от жауымыз!»

Балалар, от деген сөз өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От- өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылық қасиетіміз жоғалады. Оттың сол сияқты зияны да бар. Өрт біздің жауымыз, өртену, күю, жану, жарақат алу.

Ойын: «Қауіпсіздік ережесін сақтаймыз».

Ойын шарты: көрсетілген суреттерден қандай жағдайда өрт қауіпсіздігін сақтауды үйрету. (слайд көрсету)

Тосын сәт: Топқа қолында сіріңке мен оттығы бар Дымбілмес келеді.

Дымбілмес: Қалайсындар балалар, сендер не істеп отырсыңдар көңіл- күйлерін жоқ, жүр кеттік ойнаймыз, менде мынадай оттық пен сіріңке бар.Жүріндер ойнайық.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе Дымбілмес қош келдің, сен бізбен болып балалардың сіріңкемен ойнаймын деп ойынның арты өртке айналғанын, өзі кеш түсініп, бармағын тістегенін сөз етеді соны тамашала.

Көрініс: «Сіріңкемен ойнама балақай!»

Ойын түбі от

Айбек бала бір күні

Көріп қалды кірпіні

Қолына алды шырпыны

Кірпешекті шырпымен Айбек

Өртейін мен жағайын

Лап етіп кірпі жанғанда

Қызыққа мен батайын

Сөйтті дағы Гаухар

Кірпінің жанына барып

Шырпыны лезде алып

Тұтатқанда кірпіні

Бара жатты жанып

Жанталасты байғұс кірпі Диас

Ауладағы мая шөптің

Арасына барып кірді

Шөп тұтанып лаулап жанып

Жұрттың бәрін дүрліктірді.

Қатты састы Айбек бала Т. Жанерке

Өртке оранып мая кетті

Көрші үйдегі құрбысына

Болған жайды баян етті.

Кірпімен ойнағанмын

Не боларын ойламадым Айбек

Өкінгеннен қандай пайда

Енді қайттым қиналамын

От жақпа күйерсің Д. Салтанат

Өртеніп жүрерсің

Сіріңке ұстасаң

Бәлеге сен түсерсің

Кірпімен ойнасаң да

Шырпымен ойнамашы!

Кешір достым қателесті, Айбек бала

Шырпыны ұстап көктемеспін

Ата-ананың рұқсатысыз

Сіріңкеге беттемеспін

Алыңдар ұғып балалар

Істері кейде шалалар

Шырпы, оттық, электрге

Шама келсе жоламаңдар

Тәрбиеші: Өрт қауіпсіздігін білу әр баланың міндеті! Дымбілмес көрдің бе оттықпен ойнаған қандай қауіпті екенін. Біздің балалар от қауіпсіздігіне байланысты мақал-мәтелдер де біледі.

От жақпа күйерсің

Ор қазба түсерсің

Ойын түбі от

Сумен ойнама батасың

Отпен ойнама күйерсің

От пен су тілсіз жау.

Сақ жүрсең сау жүрерсің.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Сендер от туралы жақсы біледі екенсіңдер, енді орнымыздан тұрып шамалы сергіп алайық.

Сергіту сәті: Өрт пен түтін айнала

Қарап тұрма жай ғана

Тез хабар бер 101-ге

Уақытты сен байлама

Енді мына әдемі қорапша мен конвертке назар аударыңдар.

Ойын: «Қауіпті және қауіпсіз заттар»

Қорапшаның ішінде бірнеше заттар бар. Енді мұқият қара, осы заттардың ішінде қайсысын сендерге ұстауға немесе пайдалануға болмайды? сол заттарды табу.

Дымбілмес: Жарайсыңдар балалар! Мен оттықтың, шырпының ондай қауіп тұдырады деп ойламаппын, енді оттықпен, шырпымен ойнамаймын. Рахмет сендерге келгенім қандай жақсы болды, сендерден көп зат үйрендім, білдім. Енді мен кетейін, сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар мына қалташада сендерге арналған жағдаяттық сұрақтар және сыйлық бар екен.


  1. Сендердің қастарындағы балалар оттық ұстап жүргенің көрдіңдер, не істеу керек?


  1. Электр тоғымен ойнау керек пе? Оның зиянын айту.



  1. Үтік, газ туралы не білесіңдер?

Тәрбиеші балалардан бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, не үйренгендерің сұрайды.

Балаларды мадақтап, мақтап, сыйлық тарату.

Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, қауіпті жағдай тұғызуы мүмкін заттар мен құбылыстар туралы.

Игеру керек: Үшкір заттармен, отпен ойнамау керектігін, электр құралдарынан алыс жүруді.

Меңгеру керек: Үйде, балабақшада қауіпсіздік ережелерін сақтауды, қауіпті жағдайға кез бола қалған жағдайда өзін ұстай білуді, үлкендерді көмекке шақыруды.



© 2010-2022