Қоршаған ортамен таныстыру Сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қоршаған ортамен таныстыру.


Сабақтың тақырыбы: Көліктер.

Сабақтың мақсаты: 1. Балаларға көлік түрлерін, «қоғамдық», «әуе», «су», «жүк»,

«жеңіл», «арнайы» деген сөздермен таныстыру; айтылған

ережелерді өмірде қолдану.

2. Пәнге қызығушылықтарын арттыру, салыстыра алу, өз

ойын ашық айту, ойлау дағдыларын арттыру.

3. Қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстауға тәрбиелеу,

адамгершілік тәрбие беру.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: көлік түрлерінің суреттері, Клоун суреті,

түрлі кескіндер.

Сабақтың әдістері: ойын, сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне жақсы көңіл - күй сыйлайды.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан!

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз!

2. Жаңа сабаққа дайындық.

Сайқымазақ қонаққа келеді. Қолында шарлары бар. Әрбір шарында әріптер және сандар жазылған. Оныңа көңілін көтеру үшін бірнеше тапсырмасын орындауымыз керек.

  1. Тапсырма: Сандарды өсу ретімен орналастыр.

  • Сандарды өсу ретімен орналастырғанда қандай сөз шықты?

  • Көліктер деген сөз шықты.

  • Шарлардың түсіне мән берейік? Қандай түсте екен?

  • Қызыл, сары, жасыл.

  • Бұл түстер нені есімізге салады?

  • Бағдаршамды.

«Бағдаршам» - өлеңін оқу.

  • Көлік сөзін қалай түсінесіңдер?

Балалар жауабын тыңдау.

3. Жаңа сабақ.

«Көліктер» өлеңін оқу.

Көлік түрлерімен Блок - схема арқылы таныстыру.

Жүк тасымалдау көлігі - камаз, самосвал

Арнайы көліктер - полиция, жедел жәрдем, газ, өрт сөндіру, т.б.

Әуе жолы көлігі - ұшақ, тікұшақ

Су жолы көлігі - кеме, қайық, катерұ

- Балалар, көшеде арнайы сигналын қосып алып тоқтамай, жүйткіп кететін қандай көліктерді білесіңдер?

Балалар жауаптарын тыңдау.

2-тапсырма: Ойын: «Қажет көлікті таңда».

Мақсаты: Сигнал дауысына қарай көлікті табу. Үнтаспадан тыңдату.

Қоғамдық көліктер жайлы түсінік беру. Трамвай - англия сөзі. Троллейбус -«Трам» - вагон, «бус» - карета, «траллей» - контактілі сым.

Сурет бойынша жұмыс.

- Балалар, бұл көліктер бізге не үшін қажет?

- Бұл көліктерді кім басқарады?

- Жүргізуші, ұшқыш, капитан. Суреттен көрсету.

3-тапсырма: Жұмбақ шешу - көліктер туралы.

4-тапсырма: Ойын: «Болады, болмайды».

Мақсаты: Сурет бойынша дұрысын, бұрысын айыру.

Дұрыс - қол шапалақтау.

Бұрыс - аяқ топырлату.

- Автобусқа кірерде артқы есіктен кіруге (.......).

- Шығарда алдыңғы есіктен шығуға (.......).

- «Зайчик - қоян» болып жүруге (........).

- Бос орынға отыруға (........).

- Кірер есікке сүйеніп тұруға (.......).

- Үлкендерге орын беруге (........).

- Терезеден басты шығаруға (........).

- Қатты айғайлап сөйлеуге (........).

- Балалар аялдамаға келдік, автобустан түстік.Не істеуіміз керек?

- Автобустың кетуін күтуіміз керек.

Сабақты қорытындылау:

-Балалар, бізге қонаққа келген кім? -Клоун - сайқымазақ.

Балалар, біз сайқымазаққа ұнадық. Барлық тапсырмасын орындадық. Ол сендердің жұмыстарыңды бағалап, сыйлық бермекші. Ол үшін тағы бір ойын ойнайық.

Ойын: «Қарсы сөзді ата».

Жүк көлігі үлкен, ал велосипед ........

Автобус биік, ал жигули .........

Пойыз ұзын, ал автобус .........

Трамвай ауыр, ал самокат .........

Мотоцикл жылдам, ал велосипед ........

Жақсы, балалар, енді сайқымазақтың сыйлығын алыңдар.


© 2010-2022