Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Тақырыбы Дәрі шөптен шығады

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Ортаңғы топ «Бүлдіршін» Тәрбиеші: Ибраева Ж.Ж.

Білім саласы: Вариактивтік компонент күні: 22.01.2016ж.

Кіші сала: «Табиғат-менің өз үйім»

Тақырыбы: Дәрі шөптен шығады.

Мақсаты: Емдік шөптерді танып дұрыс атауға үйрету. Емдіқ шөптердің

ширалық қасиеттері жайлы түсініктерін кеңейту. Емдік шөптерді

пайдалана білу.

Көрнекіліктер: суреттер

Сөздік жұмыстар: Шалфей,рамашка-,шиповник-итмұрын,одуванчик-бақбақ.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балалар сендер мына шөптерді таныйсыңдар ма?/суреттерін көрсетемін/

Қалай аталады?

Бұл өсімдіктердің қандай пайдасы бар?

Танитындарың айтты

Түймегүл,итмұрын,жалбыз,мыңжылдық

Суық тигенде, тамағымыз ауырғанда анамыз қайнатып береді.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Шипалы өсімдіктерді қалай жинап, сақтауға болады?

Кептірілген шөптерден не жасауға болады?

Тұнба, қайнатпа деген не? Кепкен шөпке су құйып қайнатып, суыған соң сүзіп алса -қайнатпа деп аталады.

Жұмбақ.

Көктем мен жаз басына,

Сары қалпақ киеді.

Күзге қарай қалпағы,

Қалқи ұшып кетеді.

(бақбақ)

- Бақбақ туралы не білеміз?

-Гүлінен жасалған қайнатпа қан қысымын реттеуге жақсы әсер етеді.

Тамырынан жасалған тұнба адамының тәбетін ашады, дене қызуын басып, терлетеді,тыныштандырып ұйықтауға көмектеседі, бауыр, бүйрек, асқазан-ішек ауруларын емдеуге пайдалы.

Бақбақтың жаңа алынған тамыры мен ұнтақталған жапырағын қатты ісіктерге басса пайдалы.

Тамырынан жасалған дәрімай диатезге жаққанға жақсы.

- Шөпті қай мезгілде жинаған дұрыс?

Бақбақтың тамырын көктемде(сәуір-мамыр), қоңыр күзде(қыркүйек-қазан) жинаған дұрыс.

Көктемде өсіп қаулаған,

Парашюттен аумаған.

Үлпілдеген қалпағы,

Ескен желден қорқады

Сергіту сәті.

Жауаптарың дұрыс, енді бәріміз бақбақ болып өсіп парашюттей ұшып көрейік

-Күнінде көктемнің

Бір қызық шөп көрдім.

Жанасып кеткеннің

Барлығын шағады

Білдің бе,

Балақай.

Не нәрсе?

Қалақай туралы танып, білу.

Қалақайдың жапырағы ірі тісті, жапырағы мен сабағы әр түрлі қышқылдары бар түктерге толы, ол етке тисе шағып алғандай қышытады.

Қалақайдың жас жапырағынан жасалған сорпа, салат өте пайдалы.

Қалақай тұнбасына қант қосып ішсе, жөтелді тоқтатады.

Жапырақ қайнатпасымен басты жуса, шаштың түсуі тоқталады. Қалақайдың жас жапырағын сүйелге жапсырса, сүйел жоғалып кетеді.

Қалақайды қай кезде жинау керек?

Қалақай жаз бойы гүлдейді, сол гүлдеп тұрған кезде(маусым-тамыз) жинаған дұрыс.

Есте сақтау:

«Дана көптен шығады,

Дәрі шөптен шығады»

«Құмырсқа илеуін бұзба», «Көк шөпті жұлма», «Ағашты сындырма», «Ермен-жанға дәрмен», «Көк алманы үзбе, өзі үзілер күзде», «Ермен жеген ер өлмес», «Құнарлы шөп-қосымша сүт», т.б.

Орман перизатының сиқырлы сандығын ашқанда музыка естіледі... Барлығын көздеріңді жұмыңдар, мен сендерге берген жеміс-жидектердің қайсысы екенін дәмінен айырып айтып беріңдер..

Кептірілген шөптерден тұнба, қайнатпа жасайды.

Кепкен шөпті ыстық суға салып, жылылап жауып, белгілі уақыттан соң суды сүзіп алса-ол тұнба деп аталады.

Бақбақ көктемде алғашқы өсімдіктердің бірі болып шығады, сары гүлі болады,бақбақты үрлеп ұшырымыз.




бақбақ



қалақай.





Тұрып алып таңнан біз,

Орман жаққа барғанбыз.

Жағасы толы өзеннің

Дәрі шөп қой қараңыз.

Тиген жоқпыз оған біз.

Қарақат, бүлдірген деген жидектерді айтады.

Рефлексивті-коррекциялау

Дәрі-дәрмек жасауға болатын қандай гүлдерді білесіңдер? (Түймедағы, қырмызгүл.)

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:Емдік шөптерді танып дұрыс түсініктері

Түсінеді: Емдіқ шөптердің ширалық қасиеттерін білу

Қолданады:Табиғатқа,өсімдікке деген қамқорлық жасай алуы.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Тақырыбы Дәрі шөптен шығады





© 2010-2022