Шығармашылық білім беру саласы Бөлімі: жапсыру, Тақырыбы: “Орман ағаштары”

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні _____

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: "Орман ағаштары"

Мақсаты: Табиғат құбылыстарын жапсыру өнері арқылы жеткізуге үйрету,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: қыс мезгілінің суреттері, үлгі сурет

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

+


-


I.Ұйымдастыру кезеңі


II.Ізденіс-ұйымдастыру





III.Рефлексия


- Тәрбиеші балалардан серуен кезінде не көргендерін сұрайды. Ағаштардың қысқы тіршілігіне назар аудартады.
(ағаштардың бұталары мен бүрлерінің орналасуына, түсіне қарайды)
- Ағаш қандай бөліктерден тұрады?
- Мына суретке қараңдаршы: бірінші жер астына ағашқа өмір беріп тұрған тамыры орналасқан. Мынау діңі. Діңінен жан-жаққа бұтақтары таралған, бұтақтары жіңішке, майысқақ. Бұтақтарынан жапырақтар өркен жаяды.
- Көрдіңдер ме, табиғаттағы барлық нәрсе бір-бірімен үндесіп байланысып жатады екен.
- Бұл ағаштардың бізге қандай пайдасы бар?
- Ағаштарды сындыруға, жапырақтарын жұлуға бола ма?
- Серуен кезінде ағаштардың түбіне қар үйінділерін үю керек.
- Табиғаттағы қыс кезіндегі өзгешеліктер жайлы әңгімелеседі.
- Олар қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.
- Тәрбиеші ағаштың бұтағын суға салып қояды, кейін ағаштың бүр жара бастағанын балалармен бақылайды.
- Балаларға жұмыс барысын түсіндіреді. Қағазды жұлмалап және қайшымен қию әдістерімен ағаш, бұтақтарды қиып жапсырады.
Балалардың жауаптары
- Тамыры, діңі, бұтағы, жапырағы
- Ағаштар сән береді, көлеңке береді, ауаны тазартады
- Жоқ, болмайды
- Ағаштың бұтақтарын қырау басқан. Дала аппақ. Күн суық.
- Бақылайды
Мақтадан қар, аспан бөліктерін әзірлеп жұмыс мазмұнын толықтырады.
Сабақты қорытындылау.Балалар өз жұмыстарын қызықтап, бір-біріне өз бағаларын береді.

Бағалау,мадақтау.

Тыңдайды,әңгімелеп айтады.


Тыңдайды,жұмысқа кіріседі.

Күтілетін нәтиже:
Білу: Жыл мезгілінің ерекшелігіне байланысты қысқы ағаштың қандай болатынын білді
Игеру: Бейнені қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуі керек
Меңгеру: Табиғаттың әсемдігіне, тамаша көріністеріне қамқорлықпен қарауды біледі



© 2010-2022