Планирование Менің доптарым

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Менің доптарым

Сабақтың мақсаты:

1. Бояумен сурет салу дағдыларын қалыптастыру; дөңгелек затты - доптың суретін салуды үйрету.

2. Шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялдарын дамыту.

3. Шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сабақтың көрнекіліктері: әртүрлі доптар суреті, қағаз, жұмыс дәптері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың жұмыс орны, материалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.

Жаңа сабақ:Жұмбақ жасыру.

Тепсең-ақ секіріп,

Ұстатпай қашады.

Бір жерге бекініп,

Тұра алмай сасады. (Доп)

Жұмбақтың дұрыс шешімі табылғаннан кейін, олардан қандай ойын түрлерін білетіндігі туралы сұралады. Осы ойындардың қайсысында доп қолданылатыны анықталады.

Дидактикалық ойын: «Түрлі доптар»

Ойынның шарты: Балалардың қолдарына әртүрлі доп беріледі. Балалар қолындағы доптың түсін, көлемін айтады, келесі бала өзінің қолындағы допқа сипаттама береді. Осылайша доптардың көлемі, түсін айтып, олардың әртүрлі болатынын айқындайды.

Балалар, бүгінгі сабақта доптың суретін саламыз. Сурет салу ретін түсіндіру.

Бояудың аздаған мөлшерін алып, сумен араластырамыз. Содан соң бояуды, қылқаламды керегінше аламыз. Қағаз бетінде доптың контурін бірден қылқаламмен дөңгелете жүргіземіз. Контурдің ішін бояймыз.

Әртүрлі өлшемдегі доптардың суретін салып, әртүрлі түспен бояймыз

Қорытынды: Сабақ соңында балалармен жасалған жұмыстар жайлы сөйлесу. Балаларды мадақтау.







© 2010-2022