Мен және анам іс шара

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мен және анам іс шара

С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп

"Балауса"

шағын орталығы











Мен және анам іс шара







Тәрбиеші: Магмурова А.Б.



2013 оқу жылы



Мақсат:Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағлай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойында ізгілік инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, әжелер, қонақтар көктем мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын! Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін. Осы мереке тек қана игі жаңалықтар әкелсін. Бүгін сіздерге арналған " Мен және анам" атты сайыс ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар. "Мен және анам" бұл "қыз сыны" сайысы аналардың көмегімен өткізіледі . Әәділқазылар алқасы сайланып номинациялар бойынша марапатталады.

Нұрхат: Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

Армысың әжелерім, аналарым

Мейірбан аппақ көңіл даналарым

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

Құттықтайды сіздерді балаларың!

Бекарыс: Ана деген -бәйтерегі өмірдің

Ана деген - қуанышы көңілдің

Ана деген - әрбір үйдің жылуы

Атаулының барлығы жаралған ғой

Ананың ақ сүтінен !

Абзал: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжелерді ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Тәрбиеші: Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Ана тойын бастайық

Осы тойға арналған

"Мен және анам"сайысын бастайық

Олай болса ортаға аруларымызды шақырайық

(осы кезде әуен ойналады,ұл балалар қыздарды ерекше ортаға алып шығады).

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Жанары жаны жаздай жайрандаған

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам-

деп байқауымызды бастап, арулар мен әділқазылар алқасымен таныстырайын

Мен және анам іс шара

1. Қайса Аяулым , анасы Динарамен

2. Базарбай Мерейгүл Анасы Салтанатпен

3 Иманкулова Анельде , анасы Алтынаймен

4. Алибекова Ақерке,анасы Ардақпен

5. Болат Алтынай, анасы Балжанмен

6. Қалел Құралай, анасы Күлтаймен

7. Толегенова Аяжан, анасы Софиямен

8. Қанатбек Аққыз әжесі Розамен

9. Уахитова Айсана, анасы Іңкәрмен

10. Иманкулова Жанар, анасы Замзагүлмен

11. Әлібек Нұрай, анасы Алиямен

Әділқазылар:

1. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Темиргалиева Мәдениет Нажмиденовна

2. Оқу ісінің менгерушісі: Жумаханова Шолпан Қалеловна

3. Мектеп кітапханашысы: Агинбаева Райса Дүйсенбаевна

1. Таныстыру

Өнер қуып арулар өтер деймін

Бір басына өнері жетер деймін

Бәсекеге түссе 11 ару кезекпен

Таныстырып өздерін өтер деймін

2. "Ас қадірін білмеген аштан өлер

Ат қадірін білмеген жаяу қалар" демекші келесі сайысымыздың шарты

"Қонақ жайылық-ата дәстүріміз" -деп аталады. Бұл ұй тапсырмасы болатын

арулар анасымен бір тамақ түрін немесе салат жасап әкеледі.

Оны қалай жасағанын қызы айтып беру керек.

Мен және анам іс шараМен және анам іс шараМен және анам іс шараМен және анам іс шара

3. Жетелі өнер сүйіп еңбектенер,

Өмір жолы өшпестей өрнектелер-деп келесі кезең "Шебер қолдар сайысы"

түс киізді әшекейлеу, яғни 5 жастағылар бояумен бояу керек, 3-4 жастағылар жапсыру керек

Мен және анам іс шараМен және анам іс шара

4. "Дизаинер ана" яғни, аналар (әртүрлі пакеттер,желім, қайшы, спеплер, скочь, гүлдердің үлгілері, гафированный қағаздар т,б) заттарды пайдаланып қыздарына әдемі көйлек жасап береді, ал қыздар ортаға шығып қонақтарға "Сән үлгісін" көрсетеді\

Мен және анам іс шараМен және анам іс шараМен және анам іс шараМен және анам іс шара

Ән " Ақ мамам" ұлдардың орындалуында

Ойын: "Балапанынды тап" аналармен ойнатылады

Мен және анам іс шараМен және анам іс шара

5. Өнерін көрсету

Балалардың тақтақтары

1.Бізді өсірген анатайым

Еңбегін де зор екен

Құтты болсын анатай

Құтты болсын мерекен!

2.Бізді өсірген маматай

Еңбегінде зор екен

Құтты болсын маматай

Құтты болсын мерекен

3.Мерекесі бүгін

Алтын мамамның

Сыйлайыншы гүлін

Жарқын даламның

4.Дүниеде артық

жан жоқ анамнан

Дариядай шалқып

Ән боп тараған

5.Күлімдеген көзі

Күннің нұрындай

Ұлым деген сөзі

Ақын жырындай

6.Бал бөбегін баптаған

Мамам үшін мақтанам

Ақ бетінен сүйейін

Келші-келші ақ мамам

7.Баланын да тірегі

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

8.Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейді

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым, күнім дейтін

9.Дүниеге әкелдің мені, ана

Түн ұйқынды төрт бөлдің мен деп ана

Сол үшін де мен саған қарыздармын

Ақ сүтінді ақтаймын сенің ана

10. Анашым анам

Ризамын саған

Тілінді алам

Ақылды болам

11.Жақсы көрем күлкінді

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам

12.Бәріңізде анасын

Біз үшін күн боп жанасын

Құтты болсын мейрамын

Құттықтаймын анашым

13.Ана көркі көгімнің

Ана нұры жерімнің

Ана бағы баланын

Мақтанышы елімнің

14.Әлпештеген баласын

Ана бақыт, ана күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын

15.Жан ана жарық күн , жанарын

Бір сенде кіндігі даланың

Балаңды құшақтап сүйгенде

Сеземін көктемнің самалын

16.Теңдесі жоқ данасын

Арқа тұтар панасын

Еңбегінді ақтайын

аман болшы анашым

17.Өз сөзінді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

18.Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

19.Жылылықтан жаралған

Құшағы оның таң мекен

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар ма екен?

20.Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

21.Менің әжем жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман-есен жүр әжем

22.Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы

Біздің үйдің жылуы

Анамыздан тарайды

23. Жүзімізге қараңыз

Біз күлкілі баламыз

Бізге қымбат күн шуақ

Бізге қымбат анамыз

Ән: хор

Бүгінгі аруларымыздың мерекесі болғандықтан, ұлдар қыздарды биге шақырады

Ана менен баланың айырмасы

Бірі әнде, бірі оның қайырмасы

Болғанда -әке дәулет, ана-бақыт

Тағдыр оларды ешқашан айырмасын-деп ертенгілігімізді аяқтаймыз

Мен және анам іс шараМен және анам іс шараМен және анам іс шара










© 2010-2022