Үй жануарлары тіл дамыту

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үй жануарлары.

Білім саласының мазмұны: «Қатынас»

Білім бөлімдері: «Тіл дамыту»

Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап,

төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Үй жануарларының аттарын дұрыс атай білуге және қалай дыбыстайтынын, қай жануардың дыбысы екенін танып білуге үйрету, дидактикалық ойындарды ойната отырып балалардың тілін дамыту.

Сөздік жұмыс: Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, бота, құлыншақ, қозы, бұзау, лақ.

Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, слайд.

М/әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

Шаттық шеңбері.

Біздің топта ұл - қыздар,

Тату тәтті ойнаймыз.

Айналаға барлық адамға

Тек мейірім сыйлаймыз.

Аспанымыз ашық болсын,

Еліміз тыныш болсын,

Деніміз сау болсын

Төрт түлік аман болсын.

Балалар жарты шеңбер болып тұрады.

Іздену ұйымдастырушы кезең




















Бүгінгі сабағымыз төрт түлік мал яғни, үй жануарлары туралы болмақ. Сендер мені мұқият тыңдап отырыңдар. Үйде бағылып, еті, сүті, жүні, терісі, күші арқылы адамға пайда келтіретін жануарларды төрт түлік мал деп атаймыз. Біздің еліміздің жері мал өсіруге өте қолайлы. Жерімізді малсыз елестету мүмкін емес. Сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі жануарларының төлдері болады.

- Мынау қандай жануар?

- Олай болса түйе, бота туралы тақпақтар білемізбе?

- Ал мынау қандай жануар?

- Өте жақсы жылқы туралы тақпақ айтам сендер менен кейін қайталаңдар.
- Мынау қандай жануар?

- Жақсы енді сиыр туралы тақпақты менен кейін қайтала.

- Мынау қандай үй жануары?

- Ал енді мынау ненің суреті?

- Дұрыс ит пен мысық та үй жануарларына жатады.

Сергіту сәті:

Тіктеп титтей құлағың

Ботам былай жүреді

Сыртылдатып тұяғын

Бұзау былай жүреді.

Алға созып мойынын

Ойнақтайды ботақан

Көкке қарай мұрынын

Шүйіреді бұзауқан

Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап».

Дидактикалық ойын: «Төлдерін қалай шақырады?»

Қой қозысын - пұшайт, пұшайт

Ешкі лағын - шөре, шөре

Жылқы құлынын құрау - құрау

Түйе ботасын көс - көс

Сиыр бұзауын аухау - аухау,-деп

шақырады.

Таң ғажайып сәт:

Ауылдан әже келеді. Әже балаларға шұбат, сүт, құрт алып келеді.

Әже:

  • Балалар, сендер балабақшада не үйреніп жатырсыңдар?

  • Жарайсыңдар, балалар.

Тәрбиеші:

Балалар, біз ермексаздан құрт жасап, әжеге өзіміздің өнерімізді көрсетеміз.

Әже:

  • Өте жақсы балалар. Менде сендерге құрт, сүт, шұбат алып келдім.

Әже балаларға құртты үлестіріп береді.

Балалар мұқият тыңдап отырады.





- Түйе.

- Ат, жылқы,

құлыншақ.

- Сиыр, бұзау.

- Қой, қозы. Ешкі,лақ.

- Ит. Мысық.





Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Балалар қайталайды.

Балалар әжемен амандасады.

Үй жануарлары: сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі

Балалар ермексазды алақандарында жұмсартып, құрт жасайды(дөңгелек, сопақша).

-Рахмет, әже.

Рефлексиялық кезең

Балалар бәріміз орнымыздан тұрып, «Қошақаным» әнін орындайық.

Дидактикалық ойын: «Ненің дауысы?»

Балаларды мадақтап, сұрақ - жауап арқылы сабақты қорытындылау.

Балалар орындарынан тұрады.

Балалар сұраққа жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Үй жануарлары және төлдерін

Нені игерді: Үй жануарларын және төлдерін дауыстарынан ажыратуды игерді.

Нені білді: Үй жануарларының қызметі мен олардан алынатын өнімдерді сүт, шұбат, ет, ірімшік, құрт


© 2010-2022