«Көбелек» (кепкен жапырақтардан аппликация жасау)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Көбелек» (кепкен жапырақтардан аппликация жасау)
Сабақтың мақсаты: Балаларды табиғатты сүюге, аялауға және де табиғат материалдарынан көптеген жұмыстар жасауға болатынын үйрету.

Сабақтың оқу-тәрбие мақсат-міндеттері:

  • Табиғи материалдарымен жұмыс істеу туралы мағлұмат беру;

  • Оқушыларды табиғи материалдармен жұмыс істеуге үйретутабиғи метериалдардан ойыншықтар дайындауға білімдерін дамыту;

  • Жұмыс орнын дайындауға дағдыландыру;

  • Табиғатты аялауға тәрбиелеу;

  • Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу;

  • Сәндік талғамын, ойлау қабілетін дамыту.

Қолданылатын көрнекіліктер: жаңғақ (шағын көлемді), ағаш жапырақтары, сабақтары, жұмыс үлгілері; (ермексаз,желім, қайшы, қағаз, төсеніш тақтайша, қол сүртетін сүрткіш ).

Сабақтың барысы:

1. Әңгімелесу.

а) Жазғы мезгілде бәрімізде көбелекті көрдік қой.

- Көбелектер неге ұқсайтын еді?

Көбелектер әдемі гүлдерге ұқсайтыны рас па?

б) Ертегідегі гномдар көбелектерді өте жақсы көрген болатын, оларды күні бойы тамашалап, қызықтайтын.Көбелектер сондай әдемі, оларды гүлдерге теңеген болатын. Күз келгеннен кейін көбелектер ғайып болып кетеді. Сол кезде гномдар күзгі жапырақтардан көбелек жасауға кіріседі. Қыстың ұзақ мезгілінде, кепкен жапырақтан жасалған көбелек оларға жазды еске салып тұрды. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін, гномдар өздерін жазғы бақта жүргендей сезінді. Жаз бітті, бірақ жаздың кереметі олармен қыстың аязды күндері де жандарында қалды. Олар қатты зеріккенде немесе жазды сағынғанда сол дайындаған жұмыстарына қарап отыратын.

Біз де сіздермен бірге керемет жасап шығарамыз - жапырақтардан көбелек жасаймыз.

2. Жұмыстың жасалу жолы.

а) Түсіндіру.

Көбелектің жапырақтарына төрт жапырақ аламыз. Кеудесіне жіңішке ұзын жапырақ керек. Мүлдем кішкентай жапырақ көбелектің басын жасау үшін керек болады. Жапырақтарды қатты қағаздың бетіне қоямыз. Енді негізгі жұмысқа кірісуге болады. Жапыраққа желім жағып, қағаздың бетіне абайлап жапсырамыз. Осылай барлық жапырақтарды желіммен жапсырамыз. Болғаннан кейін дайын жұмысымыздың бетіне қатты қағады жауып, үстін кітаппен бастырып қоямыз. Бірнеше минуттан кейін жұмысымыз дайын болады

б) Өзіндік жұмыс.

Жұмыс алдында қайшы және желіммен жұмыс жасау ережесін айтып кетеміз.

Жұмыс барысында тәртіпке, тазалыққа қарап отырамын. Көмек керек болған жағдайда көмектесемін.

в) Жаттығу.

Бүгін біз көбелек болып, баққа барамыз. Көбелек қанаттарын қағады: жоғары-төмен. Гүлді көріп, жақындап ұшып келіп отырады. Гүлдің балауызын ішіп болып, беті қолын жуып алып, әрі қарай ұшып кетеді. Ал біз жайлап орындықтарымызға отырамыз.

3. Қорытынды.

Қорытынды көрме ретінде өтеді. Балалар өздері жақсы ұқыпты орындалған жұмыстарға баға береді.

4. Үй тапсырмасы.

«Құлыншақ» балабақшасы



«Көбелек»

күзгі жапырақтардан жапсыру«Көбелек» (кепкен жапырақтардан аппликация жасау)

(балалардың шығармашылық қабілетін арттыру)



















Дайындаган: Бірімжанова Мейрамгүл Зиядақызы













Жаңа Қима

«Көбелек» (кепкен жапырақтардан аппликация жасау)















«Көбелек» (кепкен жапырақтардан аппликация жасау)





«Көбелек» (кепкен жапырақтардан аппликация жасау)



© 2010-2022