Сөйлеу тілі жалпы дамымыған балаларды түзете оқытудың негізгі бағыттары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 38 "Шаттық" балабақшасы

логопед Бапаева Н.И.



Сөйлеу тілі жалпы дамымыған балаларды түзете оқытудың негізгі бағыттары

Сөйлеу тілі жалпы дамымыған балаларды түзете оқытудың негізгі бағыттары:

  1. Сөйлеу тілін түсінуін дамыту;

  2. Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін дамыту;

  3. Зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту.

Сөйлеу тілін түсінуін дамытуда: ең алдымен бала қоршаған адамдардың сөзін түсініп, заттар мен әрекеттердің атауын нақты дыбыс тіркестерімен және сөздермен байланыстырып үйренеді, тек сонон соң ғана өзі сөйлеп бастайды.Сондықтан логопедиялық жұмыс балалардың сөйлеу тілін түсінуін дамытудан басталады.Балалар үшін ситуативті (жағдайға сай ) сөйлеу тілі қарапайым болып табылатынын ескерген маңызды.Себебі көрнекілік, нақты жағдай баланың түсінуін едәуір жеңілдетеді.Сөйлеу тілін түсінуін дамыту үшін күн тәртібіндегі және ойын сәттері пайдалы: серуенге жиналу, сабақтарға дайындық, ойын бұрышын жинастыру, топтағы кезекшілік, ұйқыға дайындық т.б.

Сөйлеу тілі жалпы дамымыған балаларды түзете оқытуда сабақтардың негізгі мазмұны:

-заттарды, ойыншықтарды көрсету. Балалар логопедтің қайда? кім? сұрақтарына ; әкел, бер деген өтініштеріне жауап ретінде оларды тауып, көрсетеді.

-қайда? қайдан? кімге? немен? не? сұрақтарына жестпен жауап беру. Балаларды сұрақтың кең мағынасына бағдарлауға үйретеді. Біртіндеп балалар етістіктері бірдей сұрақ сөздерін («Бала қайда келгенін көрсет; бала қайдан келгенін көрсет.») ажыратып үйренеді;

Белсенді еліктеп сөйлеуәрекетін дамыту.

Сөйлемейтін балалармен жүргізілетін жұмыста маңыздысы -ересектің сөйлеуіне еліктеу қажеттілігін орнату.Сөзге еліктеу реакциялары кез келген дыбыстық кешендерінде болуы мүмкін.

Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін белсендіруде жақсы нәтижеге жету үшін жалпы еліктеуді дамыту қажет: «Мен сияқты орында». Баланы заттармен орындалған әрекеттерге еліктеуге үйрету қажет.

Жұмыстың бұл кезеңінде баланың әрбір айтқан сөзі үшін мадақтап отыру қажет.Баладан сөйлеуді талап етуге болмайды. Айтдеген сөздерден мүлдем бас тартқан жөн, себебі мұндай сөздерге негативті реакция қалыптасуы мүмкін.Ол сөздердің орнына сәйкес сұрақтар немесе «таба ғой», «не екен, қалай ойлайсың?» деген сияқты сөздер немесе логопед өзі сұрап- өзі жауап беретін біржақты диалог қолдануға болады.Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларда еліктеп сөйлеу әрекеті төмен болғандықтан, балаға қызықты ойын фрагменттерін қолдана отырып, оны қарапайым дыбыс кешендерін айтуға итермелейтін қарым-қатынас жағдайларын жасау керек.Ол үшін баланы ересектің әр түрлі тапсырмаларды орындауына еліктеуге үйретуге бағытталған тапсырмалар пайдалы . («Қара және мен сияқты орында-қолдарыңды бұлға; саусақтарынды жұдырықты түй»).Тапсырмалар алуан түрлі болып, күрделілігі біртіндеп өсуін ескеру керек.

Балалардың сөйлеу тілі дамуының негізгі көрсеткіші дыбыстарды дұрыс айтуы емес, баланың лексиканы әр түрлі кезектестіре пайдалану қабілеті болып табылады.Сондықтан, балаларда минималды сөз қоры жинақтала салысымен, сол сөздерді екі сөзден құралған сөйлемдер құруға үйрету қажет. Мысалы: «Мысық қайда?»-Міне мысық. Бұл мысық. т.с.с.Келесі сабақтарда жаңа етістік сөздігі енгізіліп, белсендіріледі (мысалы бара жатыр, іздеп жатыр,жуып жатыр).Кейін, күнделікті қолданылатын әр түрлі іс-әрекеттердің (жеу, ішу, тігу, лақтыру,шешу,сөндірут.б) атауын түсіну және қолдану дағдыларын бекіту арқылы балалардың етістік сөздігін молайту керек.

Балалардың зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту

Балалардың осы қасиеттерін дамыту үшін дидактикалық ойындар кеңінен қолданылады.

-Ойыншықтарды (заттарды, әр түрлі тақырыптық топтардағы суреттерді) есіне сақтау және оларды белгілі бір кезектілікте орналастыру (доп, машина, шар)

-Мағынасы бойынша ұқсас суреттерді есінде сақтау (жаңбыр- қолшатыр; қар-шана)

-Белгілі түсті заттарды іріктеу (тек қызыл машиналарды, ақ кубиктерді т.б)

-Ұсынылған қатардан артық затты табу;

-Лексикалық тақырыптар: «Киімдер», «Аяқ киім», «Ыдыс аяқ», «Ойыншықтар», «Қыс», «Көктем» т.б.

Ауызша сөйлеу тілін қалыптастырудың бұл кезеңіндегі логопедиялық жұмыстың нәтижесінде, балалар заттар мен іс-әрекеттерді олардың сөзбен айтылған белгісімен сәйкестеп білулері керек.

Балада ересектің сөзіне еліктеу қажеттілігі туындауы керек.Сөз арқылы еліктеу әрекеті кез келген сөз-дыбыстық айтуларында болуы мүмкін.Оларды логопед түзетпеуі тиіс.

Жұмыстың жоғарыда көрсетілген бағыттары оқу кезеңдеріне бөлініп , логопедиялық сабақтарда оқу жылы бойында іске асырылады.

Қолданылған әдебиеттер:

«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру» (СТЖД І -деңгей) Ибатова Г.Б. Алматы 2014;

«Логопедия в схемах и таблицах».Алматы, 2007 Мовкебаева З.А.

© 2010-2022