Разработка открытого утреника 8 наурыз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші:
Бір ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған не бір даналар.

Ана деген тірегімнің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Аяулы аналар, қадірлі ұстаздар сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Ана - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау

тынымсыз тірлік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана - өмірдің шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Балаларымыздың сіздерге арнаған ыстық ықыласын қабыл алыңыздар!.

1. :Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.
2: Ылғи мені жақтаған,

Бетімнен бір қақпаған.

Жаманыма күрсініп,

Жақсы ісімді мақтаған.

3:Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Ұзақ өмір сүріңіз.

4: Қызық тойлар өткіздік
Бірақ орны бөлекше
Аналарға арналған
Бүгінгі той ерекше

5: Анаң болса қасында,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.

6: Ақ тілекті ағылтып біз тастайық
Аналардың мерекесін бастайық
Көздерінен көрем шаттық арайын
Өтсін солай әр күнің мен әр айың

7 :Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.
Ән: «Айналайын ақ мамам»
Жүргізуші: Бізге қонақтар келе жатыр, оларды қарсы алайық.

Залға сайқымазақ келеді.

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіңдер ме, қымбатты қыздар, әжелер, ата-аналар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан

кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!
Сайқымазақ: Бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін. Ал қазір мен сендерге жанглерлық номерді көрсетемін.

Жүргізуші: Вили Тили, біз мерекені жалғастырайық. Бүгінгі мереке аналарымыз бен әжелерімізге арналғандықтан ары қарай балаларымыздың

өлеңдері жалғайды.

Тақпақтар

1: Айналайын мама

Қуанышыңмен

Шаттандырған мені

Жұбанышым сен.

2: Әр сөзіңді жаттаған,

Жүрегінде сақтаған.

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ анам.

3: Көрсең қайран боларсың
Мақтанышы әлемнің
Аналар ғой әрқашан
Бала қамын ойлайтын

4: Ананың әр сөзі ой талабы
Жүрегімнің төрінде сақталады
Өсеміз елін сүйген ұландар боп
Ардақты ана еңбегі ақталады

5: Ана-ана анатай, сені жақсы көремін
Өзіңмен бірге далада серуендеп келемін

6: Айналайын мама, Мерекеңізбен!

Құттықтаймын сізді , 8-наурызбен!

7: Жылулықтан жаралған, құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан асқан сұлу бар ма екен
Құттықтаймын анашым, 8 наурызбен!

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Тәтті ән мен тәтті күй,-демекші

Ән: «Ананың тілі»

Бір бала ортаға шығады.
-Алло, Әже? мейрамыңмен құттықтаймын.

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін», деп.

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Жүргізуші: Жақсы көреді әжелерін,

Ойыншықтар да әпереді.

Балабақшаға да әкеледі,

Жақсы қандай әжелері.

Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
1: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне.

2: Ақ кимешек киген, ақ бетімнен сүйген
Мені жақсы көрген ертегі айтып берген
Әжем менің қандай, әжем менің айдай
3: Асқақтаған ән дайын
Күмбірлеген күй дайын
Айналайын әжелер құтты болсын мерекең

4: Әже деген көп шығар,

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.

5: Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Үлкен-кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

Жүргізуші: «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған.

Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.

Ән: «Әжетайым»
Әннен кейін машинаның гуілдеген дыбысы естіледі. Шапатляк кіреді.
Шапатляк: Мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге сондайлық мәз болып отырсыңдар?
Жүргізуші: Сен кімсің? Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың?
Шапатляк: Мен Мыстан бикешпін, сендер мені не таныған жоқсыңдар ма? Енді мен барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де ертеңгіліктеріңді бұзбақпын. Болды, қайтыңдар үйлеріңе. Мереке болмайды.
Жүргізуші: Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз ғой. Неге кетуіміз керек? Біз ешқайда кетпейміз.
Сайқымазақ: Мыстан бикеш, сен өзің үйіңе кет. (оған үрлейді) , барған жеріңе бар. (итереді)
Шапатляк: Солай ма? Ал қазір мен сендерге көрсетемін. Менің шляпам

сиқырлы, қазір мен сені аюға айналдырамын.
Қане сайқымазақ, аюға айнал. (шляпасымен желпиді)
Сайқымазақ аю болып қорбандап залдан шығады.
Шапатляк: А, ха- ха, енді сендерді ешкім күлдіртпейді. Көңіл күйлеріңді

ешкім көтермейді.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен не істедің. Сен балалардың мерекесің бұздың ғой.
Шапатляк: Иә, ал сендер маған не істей аласыңдар. Ештеме істей алмайсыңдар ғой.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізге Вили Тилиді қайтаршы.
Шапатляк: Ал сендер маған ол үшін не бересіңдер?.
Жүргізуші: Біз саған гүлдерді жинап береміз.
Шапатляк: Гүл дейсіңдер ме? Жарайды, келісемін.
Ойын «Гүлді жина» эстафетасы.
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын құмыраға салады.
Ойынның аяғында жүргізуші гүлдерді құмырадан алып Шапатлякқа сыйлайды.
Шапатляк: Гүлдерің неге сондайлық аз? Онда мен сендерге сайқымазақты қайтармаймын.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізді неге алдадың. Біз сенің айтқаныңды орындадық қой. Ал сен болсаң алданшақ екенсің. Балалар, айтыңдаршы,

адамдарды алдауға болады ма?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, білесің бе жаман қылықтарды істеуге болмайды. Солай ғой балалар?
Шапатляк: Ой, балалар. Енді ұқтым. Менің барлық істеген істерім жаман

болды екен. Ал жақсы болып қалу үшін, маған кішкене би билеп, көңіл көтеру керек.
Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде.

Ал, Шапатляк, балалармен, бір сергіп билеп ал.

Би: «Ойыншықтармен»
Шапатляк: Рахмет сендерге балалар, енді мен ешқашан да жаманшылық істемеймін. Ал сайқымазақтарды қазір әкелемін.
Сайқымазақ: Алақай, рахмет сендерге балалар, сендер мені құтқардыңдар.

Сендер болмасаңдар,мен әрқашан аю болып ақырып жүруші едім.
Шапатляк: Жарайды балалар, маған да апамды мерекемен құттықтауға бару керек.
Жүргізуші: Ал осы гүлдерді оған сыйла.
Шапатляк: Сау болыңдар!
Сайқымазақ: Алақай!!! Алақай! Мерекені жалғастырайық!
Балаларға көктем мезгілі туралы жұмбақтар жасырады.

Қар, мұз еріп,

Су көбейіп,

Сай саламен ағады,

Айтындаршы балалар,

Бұл қай мезгілде болады? (көктемде)

Жұпар иісі еседі,

Жайнап бақта өседі, (гүл)

Ағайынды бәрі,

Шықса шасыл,

Түссе сары. (Жапырақ)

Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар. Рақмет.

Жүргізуші:

Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз,-демекші

Ән: Жекеше «Көктем»

Сайқымазақ: Қандай әдемі ән. Дауыстарың қандай жақсы.

1. Көріктісі -ай көктемнің,

Жасыл бояу төккен кім.

Құстар қайтып келіпті,

Қойға қозы еріпті.

2. Жасыл көктем,сен көктем,

Келдің гүлмен өрнекпен.

Ел бақытты, мерейлі.

Балалары әндеткен.

Жүргізуші: Тили Вили сен ойын жақсы көресің бе?

Сайқымазақ: ия

«Күндерді жина» ойны :
Ойын шарты: әр бір командаға күннің бөліктері беріледі (шеңбер және

5 шуақтары). Балалар осы бөліктерден күн құру керек. Қай команда бірінші бітіреді сол жеңеді.
Жүргізуші: Вили Тили, сен көп ойындарды біледі екенсіңдер.
Сайқымазақ: Иә, білемін. Тағы ойнаймыз ба, балалар?
Балалар: Иә.
Жүргізуші: Рахмет, саған Вили Тили. Сен бүгін бізді қызықтырып жібердің. Енді бізбен ән айт.
Ән: «Көктем»

Сайқымазақ: Балалар мен енді үйге қайтайын, сендердің қызқтарыңды көремін деп көп жүріп қалыппын.

Жүргізуші:

Жарқырап қызыл гүлдей,

Болсын әсем өмірің.

Сәуле шашқан күндей,

Көтерілсін көңілің!

Жүргізуші: Осымен біздің «Ана - өмірдің шуағы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болыңыздар!

Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен ертеңгілік аяқталды.
- деп келгендеріңізге көп-көп рахмет, сау болыңыздар!



Разработка открытого утреника 8 наурыз






2015 жыл


© 2010-2022