Разработка по казахскому языку Ертегі әлеміндегі, Жаңа жыл

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертегі әлеміндегі, Жаңа жыл.

1Тәрбиеші:Бүгінгі біздің бақшамызда дүбірлі той

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді той

Жырдан шашу шашылсын күй күмбірлеп

Қош келдіңіздер халайық сергісін бой

2.Тәрбиеші:

Тілеймін мен бар әлемге,

Жаңа бақыт, жаңа жыл

Құтты болсын!

Құтты болсын

Құтты болсын , Жаңа жыл!

Қымбатты балалар, ата-аналар , қонақтар! Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбастыларыңызға бақыт тілейміз!

1.Тәрбиеші:.Бүгінгі «Ертегі әлеміндегі, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Ортаға біздің кішкентай көмекшілеріміз Мейрамбек Айсан Азаматұлы мен Сағитжан Кәусар Дарханқызын ортаға шақырамыз!

Кәусар: Ертегі әлемі

Қандай өзі әдемі

Жасыл шырша жанында

Барлық достар жиналды!

Айсан: Қане, менің достарым барлығымыз бірге құттықтайық

Балалармен бірге: Ар бол Жаңа жыл, бар бол Жаңа жыл!

Қадамың құтты болсын Жаңа жыл!

Бейбітшілік жылы бол,Жаңа жыл!

Құт береке жылы бол, Жаңа жыл!

Кәусар: « Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар!

Айсан: Жүзімізге күлкі ойнап,

Естіледі әніміз

Жаңа жылды қарсы алып,

Би билейік бәріміз!

Ортады «үнді» биі қарсы алыңыздар! (қыздар шыршаны айнала үнді биін орындайды)

(Осы кезде жарық сөніп қалады.)

Фиона: Шырша жаны көңілді

Билеп барлық бала жүр

Дала нұр, қала нұр

Құтты болсын,жаңа жыл

Шрек: Армыздар халайық,

Бармысыздар халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай

Бірге қарсы алайық!

Фиона: Балалар, біз ертегілер елінен келдік. Жаңа жыл «Достық» балабақшасында өте қызықты өтеді дегенді естіп,арнайы келдік. Өнерлі,биші,әнші балалардың өнерін тамашалайық.

Тәрбиеші: Қош келдіңіз! Балалар бізге қонаққа кімдер келді?

Балалар: Шрек , Фиона

Алыс жолдан шаршап келген шығарсыздар төрлетіңіздер! Балалардың өнерін тамашалап, көңілдеріңізді көтеріп би билеңіздер! Біздің балабақшаға келгендеріңізге өте қуаныштымыз!

1Тәрбиеші:Балалар, келген қонақтарымызға, әдемі шыршамызға арналған тақпақтарымызды айтып берейікші(Балалар тақпақ айтады)

Д.Айқниет, Фатих, Санжар, Әйгерім, С.Ақниет,Е. Кәусар,Фарида, Дария, Нұрберген, К.Іңкәр. 1.Д. Ақниет:

Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны

Исі аңқыған шыршаны

Жарқыраған шыршаны

Жұпар исі аңқыды

Апамды да мәз қылды

2.Фатих:

Тамаша,тамаша

3. Санжар

Шыршамызда керемет

Ойншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған

4. Әйгерім

Сылдырлайды моншағы

Шыршамыздың мол шамы

Бізбен бірге жайдары

Жарқырады, жайнады.

5.С. Ақниет:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Жаңа жылда ертегі

Келеме біздің бақшаға

Фиона: Балалар, шыршаға арнап,жақсы тақпақтар айттыңдар. Енді айтыңдаршы жаңа жылда бізге қонаққа кімдер келуші еді?

Тәрбиеші: Қанекей балалар бірге шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Аяз ата,Ақшақар.

(Осы кезде миккимаус келеді)

Микимаус: Сәлем достар аман ба

Шырша құрып алаңға

Жылға шашу шашайық

Тойлап көңіл ашайық

Балалар мен сендердің өлеңдеріңді естіп осы жаққа келдім. Балалар көңіл көтерейік, бүгін мереке ғой, би билейік.

Фиона:Ой, жақсы болда ғой біздің билегіміз келіп тұр еді.

Айсан:Ортаға кішкентай көңілді миккимаустарды шақырайық!

Би: «Миккимаустар биі»

Микимаус: Ой балалар,неге шыршаның шамдары жанбаған. Аяз ата мен Ақшақар қайда?

Тәрбиеші : Расында да Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

Кәусар: Қоңырау үні сыңғырла

Аяз ата Ақша қар

Біз сіздерді сағындық

Тез келіңдер ортаға.

(Боранның даусы естіліп, Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата мен Ақшақардың сөзі

Аяз ата: Тауда туып, тауда өскен

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен

Дейік енді шыршаға

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (шыршаның шамдары жанады)

Айсан:Қош келдіңіз! Аяз ата, Ақшақар алыс жолдан шаршап келдіңіздер, дем алып отырыңыздар! Менің достарымның өнерлерін тамашалаңыздар!

Ән: «Кел,Жаңа жыл»

Кәсар: Қане, достарым аяз ата мен ақшақарымызға арнаған тақпақтарымызды айтып берейік.

Аруна, Ұлпан, Мырзаят, Қанат,Ахмет,Әлихан,Ө.Іңкәр, Ажар, Көркем

Аруна:

Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұртыда.

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

Ұлпан:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Мырзаят

Аяз ата ойлы қарды.

Аралап жүр түгел шолып

Қарсы алғалы жаңа жылды

Ол да көптің бірі болып.

Қанат:

Қайда қызық болса думан

Аяз ата сонда болды

Күндіз үйде ойнап бізбен

Балалармен бірге болды.


Ахмет:

Қандай Әсем шартарап

Шаттық күйге бөлеп тұр

Кәмпиттерін арқалап

Аяз ата келіп тұр

Алихан

Сағынам аяз атаны

Оралды міне тағы да

Билеп ,өлең айтайық

Бізге сыйлық береді

Ө. Іңкәр

Жаңа жылда, жаңа жылда

Жаңаша тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша

Аппақ біздің атамыз

Ойын: «Кім пиманы тез киеді»

Томпоқ: Алақай,алақай

Жаңа жыл келді

2.Тәрбиеші: Уа,достым?

Асықпа, аптықпа

Алдымен құрметте

Ескі жыл досымызды

Шығарып салайық

Томпақ: Неге мен ұмыттым

Ескі жыл құт берекем

Қанекей, ортаға

Шақырайық ізетпен (Ескі жылды шақыру.)

Ескі жыл: Рахмет, менің достарым

1 жыл бойы өздерің

Бойға ақыл жиыпсың

Күлімдеген көздері

Мені ылғи қуантты

Кетіп барам алыс сапарға

Жаңа жылда тілеймін

Өздеріңе мол табыс.

2.Тәрбиеші: Рахмет, сізге біз де ризамыз, бір жыл бойы бізбен бірге болдыңыз. Биылғы жылы тобымызда көп жақсылықтар, өгерістер болды, бұл жылға өкпеміз жоқ. Келесі кездескенше! (жылқы жылының даусы естіліп, айналып шағып кетеді)

1Тәрбиеші: Жаңа жылды қарсы алайық!

Жаңа жыл келді!

Жаңа жыр келді!

Қанекей ,балалар,

3-рет дауыстап,

Қол соғып, шаттанып,

Жаңа жыл 2015 жылды ортаға шақырайық

Балалар: Жаңа жыл!Жаңа жыл! Жаңа жыл!
(қойдың даусы естіліп қой жылы келеді)
Қой жылы: -----------

2.Тәрбиеші: Қош елдің Жаңа жыл! Төрлетіңіз, құтты жыл болыңыз!Балабақшамызға табысты жыл болсын! Қане, Айгөлектің достары, жаңа жылымызды ортаға алып, ата-аналарымызбен бірге көңілді би билейік .

Тәрбиеші: Жаңа жылымызға арналған тақпақтарымызға кезек берейік

Жаннұр, Жарқынай, Барысхан,Байқадам, Әділер,Айдана, Тоғжан,Жанәділ

Ән: Әйгерімнің орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар!

Ойын: «Шыршаны безендірейік»(Ата-аналармен ойын)

Кәусар:Келесі кезекте санта клаустар биі, қабыл алыңыздар!

2.Тәрбиеші:Аяз ата біздің балаларымыз өте тамаша, өнерлі!

Сіздің де өнеріңіз бар шығар.(көңілді музыка қосылып, Аяз ата мен Ақшақар билейді)

1.Тәрбиеші: Аяз ата мен Ақшақармен біз де билейік!

Аяз ата: Балалар, біздің көңіліміз көтеріліп қалды рахмет сендерге, мен сендерге өте көп сыйлық ала келдім.Осы сыйлығымды таратайын (қоржындағы сыйлықтар таратылады.)

Тәрбиеші:Бүгінгі ертеңгілігімізге белсене қатысқан ата-аналарымызға шын жүректен рахметімізді айта отырып, алғыс хатпен марапаттаймыз!

(Аяз ата мен ақшақар балаларға сыйлықтарын таратып, қоштасады)

2.Тәрбиеші:Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр,жаңа шуақ,табыс, береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Осымен «Ертегі әлеміндегі, Жаңа жыл»атты ертеңгілігіміз аяқталды.









Ертегі әлеміндегі, Жаңа жыл.

1Тәрбиеші: Бүгінгі біздің бақшамызда дүбірлі той

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді той

Қош келдіңіздер халайық сергісін бой.

Жырдан шашу шашылсын күй күмбірлеп

2.Тәрбиеші: Тілеймін мен бар әлемге,

Жаңа бақыт, жаңа жыл

Құтты болсын!Құтты болсын! Құтты болсын , Жаңа жыл!

Қымбатты балалар, ата-аналар , қонақтар! Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбастыларыңызға бақыт тілейміз!

1.Тәрбиеші:.Бүгінгі «Ертегі әлеміндегі, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Ортаға біздің кішкентай көмекшілеріміз Мейрамбек Айсан Азаматұлы мен Сағитжан Кәусар Дарханқызын ортаға шақырамыз!

Кәусар: Ертегі әлемі Жасыл шырша жанында

Қандай өзі әдемі Барлық достар жиналды!

Айсан: Қане, менің достарым барлығымыз бірге құттықтайық

Балалармен бірге: Ар бол Жаңа жыл, бар бол Жаңа жыл!

Қадамың құтты болсын Жаңа жыл!

Бейбітшілік жылы бол,Жаңа жыл! Құт береке жылы бол, Жаңа жыл!

Кәусар: « Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар!

Айсан: Жүзімізге күлкі ойнап, Естіледі әніміз

Жаңа жылды қарсы алып, Би билейік бәріміз!

Ортада «үнді» биі қарсы алыңыздар! (қыздар шыршаны айнала үнді биін орындайды)

(Осы кезде жарық сөніп қалады.)

Фиона: Шырша жаны көңілді Шрек:Армысыздар, халайық!

Билеп барлық бала жүр Бармысыздар, халайық!

Дала нұр, қала нұр Жаңа жылды жұп жазбай,

Құтты болсын,жаңа жыл Бірге қарсы алайық!

Фиона: Балалар, біз ертегілер елінен келдік. Жаңа жыл «Достық» балабақшасында өте қызықты өтеді дегенді естіп,арнайы келдік. Өнерлі,биші,әнші балалардың өнерін тамашалайық.

2.Тәрбиеші: Қош келдіңіз! Балалар бізге қонаққа кімдер келді?

Балалар: Шрек , Фиона

Алыс жолдан шаршап келген шығарсыздар төрлетіңіздер! Балалардың өнерін тамашалап, көңілдеріңізді көтеріп би билеңіздер! Біздің балабақшаға келгендеріңізге өте қуаныштымыз!

1.Тәрбиеші:Балалар, келген қонақтарымызға, әдемі шыршамызға арналған тақпақтарымызды айтып берейікші(Балалар тақпақ айтады)

Д.Айқниет, Фатих, Санжар, Әйгерім, С.Ақниет,Е. Кәусар,Фарида, Дария, Нұрберген, К.Іңкәр.

Фиона: Балалар, шыршаға арнап,жақсы тақпақтар айттыңдар. Енді айтыңдаршы жаңа жылда бізге қонаққа кімдер келуші еді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар.

(Осы кезде миккимаус келеді)

Микимаус: Сәлем достар аман ба Жылға шашу шашайық

Шырша құрып алаңға Тойлап көңіл ашайық Балалар мен сендердің өлеңдеріңді естіп осы жаққа келдім. Балалар көңіл көтерейік, бүгін мереке ғой, би билейік.

Фиона:Ой, жақсы болда ғой біздің билегіміз келіп тұр еді.

Айсан:Ортаға кішкентай көңілді миккимаустарды шақырайық! Би: «Миккимаустар биі»

Миккимаус: Ой балалар,неге шыршаның шамдары жан баған. Аяз ата мен Ақшақар қайда?

Кәусар: Қоңырау үні сыңғырла Біз сіздерді сағындық

Аяз ата Ақша қар Тез келіңдер ортаға.

(Боранның даусы естіліп, Аяз ата мен Ақшақар келеді)






Аяз ата мен Ақшақардың сөзі

Аяз ата: Тауда туып, тауда өскен Дейік енді шыршаға

Шырша келді ортаға Қуант бізді таңырқат

Бәріміз бір дауыспен Шамдарыңды жарқырат! (шыршаның шамдары жанады)

Айсан:Қош келдіңіз! Аяз ата, Ақшақар алыс жолдан шаршап келген шығарсыздар, дем алып отырыңыздар!Менің достарымның өнерлерін тамашалаңыздар! Ән: «Кел,Жаңа жыл»

Кәсар: Қане, достарым аяз ата мен ақшақарымызға арнаған тақпақтарымызды айтып берейік.

Аруна, Ұлпан, Мырзаят, Қанат,Ахмет,Әлихан,Ө.Іңкәр, Ажар, Көркем

2.Тәрбиеші:Ойын: «Кім пиманы тез киеді»

Томпоқ: Алақай,алақай

Жаңа жыл келді

2.Тәрбиеші: Уа,достым?

Асықпа, аптықпа Ескі жыл досымызды

Алдымен құрметте Шығарып салайық.

Томпақ: Неге мен ұмыттым Қанекей, ортаға

Ескі жыл құт берекем Шақырайық ізетпен (Ескі жылды шақыру.)

Ескі жыл: Рахмет, менің достарым Мені ылғи қуантты

1 жыл бойы өздерің Кетіп барам алыс сапарға

Бойға ақыл жиыпсың Жаңа жылда тілеймін

Күлімдеген көздері Өздеріңе мол табыс.

2.Тәрбиеші: Рахмет, сізге біз де ризамыз, бір жыл бойы бізбен бірге болдыңыз.Сізге өкпеміз жоқ. Келесі кездескенше! (жылқы жылының даусы естіліп, айналып шағып кетеді)

1Тәрбиеші: Жаңа жылды қарсы алайық!

Жаңа жыл келді! Жаңа жыр келді!

Қанекей ,балалар,3-рет дауыстап,

Қол соғып, шаттанып,

Жаңа жыл 2015 жылды ортаға шақырайық

Балалар: Жаңа жыл!Жаңа жыл! Жаңа жыл! (қойдың даусы естіліп қой жылы келеді)
Қой жылы: -----------

2.Тәрбиеші: Қош елдің Жаңа жыл! Төрлетіңіз, құтты жыл болыңыз!Балабақшамызға табысты жыл болсын! Қане, Айгөлектің достары, жаңа жылымызды ортаға алып, ата-аналарымызбен бірге көңілді би билейік .

Тәрбиеші: Жаңа жылымызға арналған тақпақтарымызға кезек берейік

Жаннұр, Жарқынай, Барысхан,Байқадам, Әділер,Айдана, Тоғжан,Жанәділ

Ән: Әйгерімнің орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар!

Ойын: «Шыршаны безендірейік»(Ата-аналармен ойын)

Кәусар:Келесі кезекте санта клаустар биі, қабыл алыңыздар!

2.Тәрбиеші:Аяз ата біздің балаларымыз өте тамаша, өнерлі!

Сіздің де өнеріңіз бар шығар.(көңілді музыка қосылып, Аяз ата мен Ақшақар билейді)

Аяз ата: Балалар, біздің көңіліміз көтеріліп қалды рахмет сендерге, мен сендерге өте көп сыйлық ала келдім.Осы сыйлығымды таратайын (қоржындағы сыйлықтар таратылады.)

Тәрбиеші:Бүгінгі ертеңгілігімізге белсене қатысқан ата-аналарымызға шын жүректен рахметімізді айта отырып, алғыс хатпен марапаттаймыз!

(Аяз ата мен ақшақар балаларға сыйлықтарын таратып, қоштасады)

1.Тәрбиеші:Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр,жаңа шуақ,табыс, береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Осымен «Ертегі әлеміндегі, Жаңа жыл»атты ертеңгілігіміз аяқталды.



© 2010-2022