Тақырыбы Түрлі түсті орамал (Гүлдер тобы)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: «Гүлдер»

Тәрбиешінің аты-жөні: Кожбанова.Л.Ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Мерзімі: 21.09.2015

Тақырыбы: «Түрлі түсті орамал»

Мақсаты: Балаларды шаршы пішінді орамалға өрнектер салуға жаттықтыру. Өздері салған өрнектерді қылқаламмен бояу арқылы эстетикалық талғамының дамуына мүмкіндік туғызу. Бояудың түсін таңдай білуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі-құралдар: демонстрациялық материалдар,орамал.

Сөздік жұмыс: шашақтар, орамал.

Билингвальды компонент: орамал- платок

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Психологиялық сәт: «Күн сыйлаймыз»

Балаларға бір-біріне жылы сөздер айтқызу.

Тәрбиеші орамалды иығына жауып, балалардан нені жамылып тұрғаны жайлы сұрайды:

-Балалар, бұл не?

-Түсі қандай?

-Қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

-Орамал әдемі ме?

-Неге орамал дейміз?

Балалар шаттық шеңберін құрып, қолдарына күнді ұстап бір-біріне жылы сөздер айтады.

-Орамал

-Сары

-Шаршыға

-Иә, әдемі

-Өйткені басымызға ораймыз.


Ұйымдастыру-шылық -ізденістік

Тәрбиеші балаларға ұсыныс жасайды:

-Сендер маған осындай әдемі орамалдың суретін салып беріңіздерші. Өйткені біздің аналарымыз, әжеміз оны тағады. Өз аналарыңа ,әжелеріңе арнап орамалдың суретін салуға болады.

Орамалдың салыну жолдарын түсіндіреді.

Балаларға қиылған шаршы ақ қағаз ұсынылады, тәрбиеші оның шеттеріне түзу сызықтар жүргізу үшін нүктелер белгілеп қояды, балалар сол нүктелерді қарындашпен жоғары бөлігін екі сызықпен жоғарыдан төмен қарай сызып қосып алады. Енді ортасына қылқаламмен дөңгелек салып, оны бірден бояйды. Балалар қалаған түстерін таңдайды.


Билингвальды компонент: орамал- платок

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Қылқаламды қоямыз.

Бір отырып, бір тұрып

Біз серігіп аламыз.

Балалар орамалды салып беруге келіседі. Қалай салу жолдарын көреді, берілген суреттің үстінен жүргізіп, салу жолдарын қайталайды.

Орамалдың шеттеріндегі шашақтарын қысқа сызықтармен салады.

Ортасына кішкене дөңгелектерді қылқаламмен сол жақтан оң жаққа қарай сақтай отырып салады.

Қарындаштарын орнына қойып, өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.

Жаңа сөздерді қайталайды

Сергіту сәтін іс-қимылмен жасады

Рефлексиялық - түзетушілік

-Керемет қандай әдемі орамалдарды салдыңдар!

-Түстері қандай?

Балалардың суреттерін мақтау.

Түстері қызыл, сары екендігін қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі : орамалдың не үшін қажет екенін

Игереді : шаршы пішінді орамалды әшекейлеуді

Меңгереді: бояуды біркелкі тегіс жағуды




© 2010-2022