«Өзіне байланысты кеңістікті бағдарлау»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта


Тақырыбы: «Өзіне байланысты кеңістікті бағдарлау»

Мақсаты: Өзіне байланысты кеңістікті бағдарлауды бекіту:алда, артта, оң жақта, сол жақта. Карточкеде неше дөңгелек -сонша ойыншық санап ал, сөйтіп 3-ке дейін санауды бекіту.

Дидактикалық ойын: «Қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған?»

Білімділік: фигуралардың көлемін, түсін салыстыра отырып ,ой-өрісін , есте сақтау қабілетін кеңейту.

Дамытушылық: Еркін санауға белсенділігін дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, аралас,ойын.

Көрнекілігі:геометриялық пішіндер, сандар, салыстыру көрнекіліктері.

Тәсілдер кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Орнымыздан тұрып шаттық шеңберін

жасайық .

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Орындарынан тұрып, қимылмен шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастыру, іздену

«Сөз жұмбақ» ойыны. Бұл ойын балалардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс жасауға үйретеді. Мысалы мен бір сан ойлап, оған бірді қостым.4 саны шықты. Мен қандай сан ойладым? Ойлаған санды тауып саусақтарыңмен көрсетіңдер.

Балаларға заттарды санату, сан белгісін белгілету.

Сергіту сәті

Алда-артта,оңда-солда ұғымын түсіндіру.

Кабинет ішіндегі заттардың орнын көрсету.оң қол, сол қолдарын ,оң жақ ,сол жақтарын көрсету.

Логикалық есептер шығару.

Балабақшаның алдында 5 машина тұрды. Балалар, осы машиналарды кім жүргізеді?

Көлік жүргізушілер 3 машинаны айдап кетіпті, неше машина қалды?

"Молекула"ойыны.

Мақсаты: Балаларға 3 санын меңгерту, зейін қойып тыңдау және ойлауын дамыту.Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші "атом"дегенде балалар әр түрлі қозғалыста болады. «Молекула 1,2,3…»дегенде сонша бала болып топтасулары керек. Тәрбиеші қанша сан айтса сонша бала топтасады.

Балалар ойланады жұмбақтың жауабы 3 саны екенін айтады.



Заттарды санайды, сан белгісімен белгілейді.

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ



Тыңдайды.

Оң,сол жағын көрсетеді.



Көлік жүргізушілер



2 машина қалды



Ойынды қызыға ойнайды

Рефлексивтік түзету

-Қандай сандарды санадық?

-Қандай санмен таныстық?

-Қандай ойын ойнадық?

Сендерге сабақ ұнадыма?

1,2,3,

3 санымен таныстық

Молекула ойынын ойнадық

Күтілетін нәтиже:

Білу: сандарды санап, сан белгісін біледі

Игеру: пішіндердің атауын , түсін, оң, сол, артта,алда ұғымын игереді

Меңгеру: 10 ға дейінгі сандарды санауды меңгереді


© 2010-2022