ҚОРҚЫНЫШТАН ҚҰТЫЛУ ҮШІН ОЙНАЛАТЫН ОЙЫНДАР

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қорқыныштан құтылу үшін ойналатын ойындар


  1. Неден қорқасың? Суретін сал, оны жең!

Баламен әңгімелесу барысында «Сен неден қорқасың?» деген сұрақтар төңірегінде әңгімелесу. Балаға қағаз беріп, қорқатын затының суретін салуды ұсыну. Сурет салып болғаннан кейін баладан қайтадан анықтап сұрап алып, баланың қолына қайшы беріп, қорқынышты (суретті) қиып, ұсақ бөлшектерге бөліп тастауды ұсыныңыз. Қиылған суреттерді қайтадан құрастырып көрсетіңіз, бірақ ол құрастырылмайды. Баланың көзінше қиылған суреттерді қоқысқа тастап, жағып жіберіңіз де, балаға қорқыныш кеткенін, енді ол болмайтынын түсіндіріңіз.

Ескерту: 1-2 аптадан кейін осы әрекетті қайталау керек. Суретте не өзгергенін бақылап отырыңыз.

Суретші

Көлемі үлкен плакатты жерге қойып, бір ыдысқа сұйық етіп бояу езіп, баланың алдына қойыңыз. Бала алдындағы бояуға аяғын, саусақтарын малып алып, қағазға басады. «Жапырақтар түсіп жатыр», «Жануарлардың іздері», «Мозайкалар» т.б. тақырыптар төңірегінде салуға болады.

Бет перделер (Маскалар

Үлкендер мен балалар әртүрлі қорқынышты маскалар киіп алып билейді.

Одан кейін маскаларын шешіп, бір-бірінің қолын алады. Мұндай ойындарды ойнағаннан кейін балада қорқыныш сейіледі.

Ұялшақ балалармен ойналатын ойындар


Сен қандайсың?

Бала айнаға қарап тұрып, өз-өзін мақтайды. Мысалы: Мен қандай әдемімін, шашым да әдемі, көйлегім де әдемі. Жарасып тұр екен. т.б.


Өзіңді мақта

Бала балалардың және үлкендердің алдында өзін мақтайды: Мен өте ақылдымын, әдемімін, батылмын, сұлумын. т.б.


Жан-жануарлардың әрекетін жаса

Бала жан-жануарлардың даусын айнытпай салып, әрекеттерін көрсету керек.

Тұйық балалармен ойналатын ойындар


Қолғап

Әр ойыншыға қағаздан жасалған қолғаптардың сыңарлары таратылып беріледі. Ойыншылар қолғаптың сыңарына қарай жұптарын тауып, қолғапты үш түспен бірдей етіп әшекелейді. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін қолғапты бірігіп қалай әшекейлегендері жөнінде әңгімелеп айтып береді.

Ойыншықты тауып ал

Ойынға қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бір ойыншының қолында кішкентай ойыншық болады. Ойын жүргізуші теріс қарап тұрып, онға дейін санайды. Осы уақытта ойыншық ұстаған ойыншы қолындағы ойыншығын келесі балаға, ол одан кейінгі балаға жалғастырып бере бастайды. Ойын жүргізуші санап болған кезде ойыншық ұстаған ойыншы ойыншықты алақанына жасырып, қолын алға соза қояды, басқа балалар да, алақандарын жұмып, қолдарын алға созады. Ойын жүргізуші кімде екенін табады.

Көкөністермен ұрыс

Балалардың ашу, ызасын тарқату, ұжыммен қарым-қатынас жасауға үйрету мақсатында ойналады. Балалар шеңбер жасап тұрады. Ойын жүргізуші бір балаға допты лақтырып, бір көкөніске теңеп айтады. Допты ұстап алған бала бір ойыншыны тағы бір көкөніске теңеп допты лақтырады. Мысалы: Сен сәбізсің. Сен картопсың. Сен қызылшасың. т.б. Ойын баланың ызасын тарқату үшін жылдамдықпен ойналады.

Еліктеу

Ойын жүргізуші шапалақты қатты ұрған кезде балалар «у» деп қатты дыбыстап, саусақтарын кере ашып қорқытады. Егер ойын жүргізуші ақырын шапалақтаса «у» деп ақырын дыбыстайды. Ойын барысында ақырын шапалақтауды көбейте отырып, балаларға өте жақсы, ақкөңіл бала екендерін айтып, қатты қорқытпай, ойынды қызыға ойнауға жетелейді.

Қырықаяқ

Балалар бірінің артынан бірі тізбек құрып тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша бір-бірінің белінен ұстап, шеңбер бойымен жүреді, жартылай отырып жүреді, бір аяқпен секіреді. т.б. Қимылдарды жасау барысында тізбек үзілмей, барлығы бір адамдай жасау керек.

Баланың ашу- ызасын басудын әдіс- тәсілдері:

Бала кейде достарына немесе үлкендердің ескертулеріне ренжіп, қатты ашулануы мүмкін. Мұндай кезде бала ренішін ұмытып кетуі үшін бойындағы ашу-ызаны басқа әрекетпен алмастыруға тырысу керек:

  1. Өзінің жақсы көретін әнін қатты дауыстап айтқызу;

  2. Нысананы көздеп атқызу;

  3. Ағасымен немесе қарындасымен пікірлестіру;

  4. Сабын көпіршіктерімен үрлеп ойнату;

  5. Боксерлердің соғатын құралдарымен ойнату;

  6. Гүлді суарту;

  7. Мысықтың немесе күшіктің соңынан жүгірту;

  8. Үйді бірнеше рет айналып жүгірту;

  9. Пәтердегі жиһаздың орнын ауыстыру ( орындықтар, журнал қоятын үстел т. б.)

  10. Үстел үсті ойындарын ойнату ( футбол, баскетбол, хоккей);

  11. Киімдерін немесе төсек орындарын жинату;

  12. Жерге жатып - тұрып тартылу ( қанша рет болса да);

  13. Тез қимыл- қозғалыспен ызаландырған адамның суретін салып және оны шимайлап тастау;

Өте белсенді балалармен ойналатын ойындар


Тасбақа

Бөлменің ортасында тасбақа ұйықтап жатады. Балалар тасбақаны оятып алмас үшін бөлменің шет жағынан ойын жүргізушінің белгісі бойынша ақырын-ақырын жылжып тасбақаның қасына барады. Тасбақаға жайлап қолдарын тигізеді, ақырын сипайды.

Саусақты ұста

Ойынға екі бала қатысады. Екі бала сол қолдарының саусақтарын оң қолдарымен бүрістіріп, ұстап отырады. Ойын жүргізуші «бастаймыз» деген кезде бір бала екінші баланың саусағын ұстап қалуы керек. Саусақтарын ұстап, орындарын орындарын ауыстырады.

Көбелек

Балалар қарындашты екі саусақтың арасына қысып ұстайды. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша қарындашты айналдырып отырады. Егер балаға қарындашты екі саусақпен айналдыру қиын болса, қосымша үлкен саусақтың көмегімен айналдыруға болады.


© 2010-2022