Математика 2 санының құрамы (0 сынып)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика.

Сабақтың тақырыбы: 2 санының құрамы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балаларды 2 санымен, оның құрамымен таныстыру. Дұрыс санау тәсілдерін пайдаланып, 2 - ге дейінгі заттарды санауды, есептер шығаруды үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, еңбектене білуге және де әдемі, қатесіз жазуға үйрету.

Көрнекіліктері: сандар, суреттер.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

Шаттық шеңбері:

Армысыз, қайрымды Аспан ата!

Армысыз, мейрімді Жер ана!

Армысыз, шұғылалы Алтын күн!

Қуан, шаттан, алақай,

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Амансыздар ма? Достарым!

Сәлеметсіз бе? Ұстазым! (Балалар орындарына отырады)

II. Жаңа сабақ. 2 саны оның құрамымен таныстыру.

- Балалар, біз бүгін 2 саны оның құрамы және жазылуымен танысамыз.

(Көрнекіліктермен жұмыс жүргізу)

Есептер шығарып көрсету, түсіндіру.

1 + 1 = 2

2 - 1 = 1

Көптеген мысалдар келтіре отырып, балаларға есеп шығаруды үйрету. Жазбас бұрын «Әдемі жазайық» өлеңін хормен айтқызу

Қолға қалам алайық.

Дәптерімізді ашайық.

Дәптерімізді ашқан соң,

Әдемі етіп жазайық.

Балалар дәптерлерін ашып, жазады.(5 - 10 минут)

III. Сергіту сәті

Жаза, жаза, саусағым,

Әлсіредім шаршадым.

Бір, екі, үш,

Қолға жинап күш!

Қане, қалам алайық,

Әдемілеп жазайық.

(Балалардың дәптерлерін жинап алу)

IV. Бекіту. «Кім жылдам?» ойынын ойнату.

Ойын шарты: Балаларға текшелер, яғни сандар салып есеп құрастырып көрсететін қалташалар беріледі. Балалар мұғалімнің көмегімен есептер шығарып үйренеді.

Мұғалім:

Балалар:

2+ 1= 3

2+2 = 4

Ойын жалғаса береді.

( Ойын соңында жақсы есеп құрастырған балаларды атап өту.)

Балаларға көптеген сұрақтар қою.

V. Қорытындылау.Сабаққа қорытынды жасау мақсатында көрнекіліктерді пайдалана отырып, сабақты қысқаша қайталау.

© 2010-2022