Методическую разработку музыка Құлыншақ боп шабамыз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 17, 18.

Өткізілген мерзімі: 4.11.2015ж

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: Құлыншақ боп шабамыз.

Мақсаты: .сазды әуенмен, мәнерлі табиғидауыспен ән айтуға үйрету;

.эстетикалық тәрбие беру;

.музыкаға қызығушылықтарын арттыру;

Қажетті құралдар: ойын ойнаушыларға бір-бір карточкадан, дөңгелек ноталар, балаларға арналған музыкалық аспаптар; қарлығаштың, шауып жүрген құлыншақтың, алаудан, балапанның суреттері.

Билингвалды компонент: құлыншақ-жребенок, қарлығаш-ласточка, балапан-цыпленок.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Тәрбиеленушінің іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Жетекші музыка ырғағы бойынша балалармен амандасады.

Марш ырғағы ойналады.

Музыка жетекшісімен амандасады .

Марш ырғағымен шеңбер бойында жүріп, қимылдар жасайды (жүру, жүгіру, секіру).

Орындарына барып отырады

Ұйымдастырушы- лық ізденістік

Әуен ойналып, қарлығаш ұшып келеді. Балалармен амандасып, жылы жаққа ұшып бара жатқанын айтып, балалардың әндерін тыңдап кеткісі келетінін айту.

-Балалар, қарлығашқа ән айтып қана қоймай, ойын ойнап, би билеп берейік.

Музыка тыңдау

«Әуендік лото» ойыны

Бастаушы бала бір аспапта жоғары, төмен немесе бір дыбыста ойнайды. Балалар дөңгелектерді нота сызықшасында бірінші сызықтан бесінші сызыққа немесе бесінші сызықтан бірінші сызыққа қоюлары керек.

Дауыс жаттықтырады

«Масалар» жаттығуын айтып , дауыстарын жаттықтырады.

Шауып журген құлыншақтың, алаудың, балапанның суреттеріне назарларын аударады.

Ән айту

«Балдырғандар» әнінің 2-шумағын үйретеді.

Ырғақты қимыл

«Отан- ортақ үйіміз» әніне қимылдар жасатады

Өнерлерін көрсететінін айтады.



Жоғарғы, төменгі дыбыстарды ажыратады.


Дауыстарын жаттықтырады.

Әнді айтады.


Сурет бойынша әңгімелейді.


Қимылдар жасайды

Рефлексиялық- түзетушілік

Қарлығаш балаларға рақмет айтып, қоштасып кетеді

Қарлығашпен және жетекшімен қоштасып, музыка залынан марш ырғағымен шығып кетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: әуеннің жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қозғалысын

ажырата білуді.

Нені игереді: орыс, қазақ билерінің элементтерін

қолданады: сазды әуенмен , мәнерлі табиғи дауыспен ән айтуды.

Тәрбиеші: Карпеева.Г.О.

Тексерген: Оразбекова.М.Т.







© 2010-2022