Атам, әжем және мен

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Хлебодаровка орта мектебі

Атам, әжем және мен

Сайыс сабақ.


Өткізген: Жақашева. А. Х




2013-2014 оқу жылы

Мақсаты: Балаларды халқымыздың ізгі қасиеттері -инабаттылық,

ісмерлік ,адамгершілікке тәрбиелеу.Ата тәрбиесін пір тұту,әже

өнегесінен үлгі алу.Тәрбиелік мәні бар -қазақтың салт-д

дәстүрін бойына сіңіру.

Сабақтың тәсілі: түсіндіру, көрсету, Ата өнегесі, Әже тәрбиесі.

Көрнекіліктер: қанатты сөздер «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!»

«Салт-дәстүр - сарқылмас байлығымыз» «Жылқы жылы жайлы болғай!»

«Наурыз - құтты болсын! ».

Cабақтың барысы:

Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне өткелі отырған «Атам әжем және мен »сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыс кезеңдері

1. Таныстыру

2. Өз өнері

3. Ою өрнек

4. Мақал мәтелді жалғастыр

5. Салт-дәстүрге байланысты көрініс

6. Егер мен

7. Ас дайындап оны таныстыру

8. Бата беру.

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы.

Тәрбие көзі қалдырған,

Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын.

Қазақ атты үлкен-кіші балдырған,

Жиналыппыз сәтті күні басымыз,

Үлкен-кіші жасымыз,кәріміз.

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар!

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге-қоныңыз.

Cайысқа қатысушылар сахнаға шақырылады.

Таныстыру: 1. Жумашев Нұрсұлтан ата-әжесімен

2.Аманғос Інжу ата-әжесімен

3. Нұрланова Сандуғаш ата-әжесімен

Сайысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасын тағайындау.

1. Мектеп әдіскері Ізтілеуова Ақыл

2. Бастауыш класс мұғалімі Қалиева Гүлзат

3. Ағылшын пәні мұғалімі Саматқызы Жұпар

Тәрбиеші: Көрейік ата-әжені жарыстырып,

Жыр ұшқындап тұр ғой-әне -жүздерінен.

Әрбір жұп көрсін өзі таныстырып !

Сайысымыздың бірінші кезеңі таныстыру.

Ән. «Тұлпарым» Махамбетова Қарлығаш.

Тәрбиеші: Шеберлерім өнер тамып қолынан

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан.

Қыз еркем-кестесімен көркем,

Ұл көркем-айбатымен көркем.

Алтын балдақ - қол сәні,

Әшекей кесте тон сәні.

Өнер мінсең-ат,

Ұшсаң қанат-кисең жанат,ішсең - тамақ-демекші

2-кезең. Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай

КАтам, әжем және менелесі кезегімізді өз-өнерлеріне берсек

Би: «Би: Қуыршақ» (топ қыздары)

Ата-әжелер ғұмырларың талмасын,

Толтырыңдар өз үйіңнің қазынасын.

Дәл бүгін ата-әжелер сыналады,

Сан сұрақтан сақтарыңыз сынбасын.

3-кезең «Өнерлінің қолы -алтын» Ою- өрнекті қиып,оның қолдану тәсілдерін айтады. (әже немересімен орындайды)

Би: «Көбелек» (топ қыздары)

Атам, әжем және мен

4-кезең. «Жалғасын тап».Мақал-мәтелдің жалғасын табу. (ата-әже, немере)

1. Отан үшін отқа түс-күймейсін.

2. Ырыс алды-ынтымақ.

3. Бірлік болмай, тірлік болмас.

4. Кішіпейілділік-кішілік емес.

5. Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.

6. Айдағанын бес ешкі,

Ысқырығың жер жарады.

7. Талапты ерге нұр жауар.

8. Аяз, әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл.

9. Ақылды қария- ағып жатқан дария.

5-кезең. . «Ата мұрасы - асыл қазынаң»

Қатысушы әжелер салт-дәстүрден көрініс береді.

Атам, әжем және менАтам, әжем және мен

Атам, әжем және мен

6-кезең. Өнерлінің өнерін,

Тағыда байқап көрелік

Жүйрік аттай желейік.

Келесі кезегіміз

«Егер мен» бөліміне берсек

Егер мен призидент болсам

Егер мен аудан әкімі болсам

Егер мен мектеп директоры болсам

Ал енді міне көзді жұмып шыққанша 7-кезегімізге жетіп келдік. 7-бөлімнің шартыменен таныс болыңыздар. «Ас иесімен тәтті» атты келесі кезеңіміз. Бұл кезеңде үйден даярлап әкелген қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап оны таныстырып, жасалу жолын айтады.

Атам, әжем және менАтам, әжем және мен

Жаңбырменен жер көгерер,

Бата менен ер көгерер-дей келе келесі 8-кезегіміз бата беру дәстүрі қазақ халқында кеңінен тараған. Бат беру әдетте ауыл ақсақалдарының, жолы үлкен адамның, құдайы қонақтың үлесіне тиген. Кейінгі ұрпаққа ықылас білдіріп, бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. (Аталар бата береді)

Сайыскеғрлерді марапаттау

Атам, әжем және менАтам, әжем және мен

«Данагөй ата-әже»

«Өнерлі ата-әже»

«Шебер ата-әже»

Номенацияларымен ата-әжелер марапатталады.

әТрбиеші: Жеңістермен жеңілістен тұратын,

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжемегін,

Қатысуда бір жеңіс, жан болыңдар соны ұғатын.

«Қош» дейміз әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.

Көрерменім көбейсін күнене күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.

Біздің сайысымыз осымен өз мәресін ежетті.

Сау саламатта болыңыздар!!!

© 2010-2022