Апталық есеп беру жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

04 - 08. 08. 2014 ж. аралығындағы апталық есеп жоспары

Дүйсенбі: Сүтті өңірлер . Сүттің пайдасын әңгімеледік. Сүттен алынатын тағамдар және адам ағзасына пайдасы туралы айтып бердім. Бұл тақырып балаларға өте қызықты болды , және тағы қызығырақ болуы үшін, оны ойын ретінде өткіздім. Ойынның аты - «Кубик». Ойынның шарты: кубикте жазылған (құрт, ірімшік, сүзбе, май, айран, балқаймақ) сүт өнімдерінің атауына байланысты, олардың жасалу жолдарын балалармен бірге талқылау.

Сейсенбі: Дәрілік өсімдіктер. Оның маңызы мен шөптен жасалынатын дәрілердің пайдасы туралы әңгімеледім. Үйде өсірілетін гүлдер арасында «Алоэ» өсімдігі жайлы әңгіме өрбіттік. Ол көптеген қатерлі аурулар мен жараларды емдеуде кеңінен қолданылады. Ал, медицина ғылымында түймедақ, сасық шөп, аю құлақ, қырмызы гүл, т.б. өсімдіктерден тұнбалар мен таблеткалар дайындайды. Бұлардың адам денсаулығы үшін маңызы мен пайдасы өте зор. Балаларға түрлі-түсті қағазды пайдалана отырып, өздері білетін және ұнатқан гүлдерінің суретін салу тапсырмасын бердім.

Сәрсенбі: Тәрбиеші жоспары бойынша «Жаз тамаша мезгіл» тақырыбында ой қозғадық. Жаз мезгілі басталысымен төңіректің бәрі жап-жасыл түске боялады. Күннің аптап ыстығынан өзендер мен көлдердегі сулар жылиды. Көптеген адамдар жазғы демалыстарын өзенге шомылып, әдемі саябақтарды аралаумен көңілді өткізуге тырысады. Балалармен бірге қағаздан қайық жасап, жайдарлы жаз мезгілінің қызықты әңгімелерін айттық.

Бейсенбі: Денсаулық. Денсаулық - зор байлық. Ауа райының суық мезгілдерінде жылы киініп, тұмау сияқты вирусты аурулардың алдын алу керек. Ол үшін ата-анамыздың айтқандарына құлақ асып, құнарлы тағамдармен тамақтану керек. Зерек әрі алғыр, деніміздің сау болуы дұрыс тамақтануға байланысты. Аталған тақырып төңірегінде кеңінен әңгімелесу арқылы балаларды өз денсаулықтарына мән беруге тәрбиелеу. Балалармен бірге «Доктор Айболит» ойынын ойнап, сабақты қызықты өткіздік.

Жұма: Тәрбиеші жоспары бойынша «Досы жақсының-өзі жақсы» деген тақырыпты ала отырып балаларды - шыншылдыққа, адалдыққа , достықта берік болуға шақырдым. Достар қолында бар затты бөлісуге және әрдайым көмектесуге міндетті. Мұндай қарым-қатынас достар арасында мейірімділік орнатып, достықты нығайтады. Балаларды бауырмалдылыққа баули отырып, барлық ойыншықтарды ортаға қойып, «көңілді достар» ойынын бірге ұйымдаса ойнадық.

«Көбелек» тобының тәрбиешісі: Көлтай Гүлнар.

© 2010-2022