Сабақ жоспары Жолақтағы ою-өрнек тақырыбы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Жасы: (5-6 жас) Ересек «Қарлығаш» тобы

Тәрбиешінің аты-жөні: Бажиева А.У.

Күні:03.11.2015 ж

Білім беру саласы : «Шығармашылық»

Кіші сала: Жапсыру.

Тақырыбы: «Жолақтағы ою-өрнек.»

Мақсаты : Қазақтың ұлттық ою-өрнектері және оларды қиып-жапсыру тәсілдерімен таныстыру; ою-өрнектермен безендіру жолдарын көрсету; балалардың көркемдік талғамын дамыту.

Сөздік жұмыс: Құсқанат оюы.

Алдын-ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: бақылау, салыстыру, әңгімелеу

Дидактикалық құралдар: қазақтың ұлттық тұтынатын бұйымдарының суреттері,түрлі-түсті қағаздар,желім,қайшы,қарандаш

Іс-әрекеті кезені

Тәрбиешінің басқарымдық іс -әрекеттері

Балалардың іс -әрекеті

I кезең-

мотивациялық-

қозғаушы

-Балалар сендердің алдарында қандай заттар тұр?

-Олар немен әшекейленген?

-Қандай оюмен?

-Сендер тағы қандай оюларды білесіндер?

Оюларды біз тағы қандай заттардан кездестіреміз?

Балалар алдарында не тұрғанын айтады.

(Сәукеле,домбыра)

Оюлармен деп айтады.

Қошқармүйіз.

Балалар қандай ою білетіндерін айтады.

Балалар оюларды тағы қандай заттардан көргендерін айтады.

IIкезең-Ұйымдастырушылық

ізденушілік

Балалар бүгін біз құсқанатты

деген оюмен танысамыз(балаларға оюды көрсету)

-Бұл оюды барлық заттарға салуға болады(киім-кешек,ыдыс-аяқтарда және құрал саймандарда)

-Бүгін біз жолақшаға құсқанатың оюын шаблон арқылы қиып жапсырамыз.

Балаларға жолақшадағы құсқанаты оюын көрсету.

Балаларға оюды қию тәсілін көрсету.

Сергіту сәті:

Ал, балалар,тұрайық

Ою-өрнек сызайық

«Қошқар мүйіз», «құс қанат»

Ою-өрнек әлемі

Қаламды қолға алайық

Сәнді өрнек салайық

- Ал енді балалар орнымызға отырып, алдымен қауіпсіздік ережесін еске түсіріп алайық

-Ал енді өз бетінше оюды қиып қағазға жапстырамыз.

-Балалардын ұқыпты,түзу қиюын қадағалау.

Жақсы қиған балаларды атап шығу.

Балалар зейін қойып тындайды,қарайды.

Балалар тәрбиешіні мұқият тындайды.



Балалар оюды қарайды.

Балалар зер салып тындайды,қарайды.

Балалар қию тәсілін мұқият тындап,қарап отырады.

Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге орындайды.

Балалар орындарына отырып қауіпсіздік ережені естеріне түсіреді.

Балалар шаблон арқылы оюды қияды.

III кезең-

Рефлексивті- түзеуші

Бүгін қандай оюмен таныстық?

Оюды неге жапсырдық?

Бүгін біз құсқанат оюымен таныстық.

Оюды жолақшаға жапсырдық.

Күтілетін нәтиже :

Ұғынады:Ою-өрнектің мәні, пайдасы.

Түсінеді: Жолақта тағы бір оюдың пайда болуын.

Қолданады:Қазақтың ұлттық ою-өрнектері және оларды қиып-жапсыру



© 2010-2022