Мен өмірді сүйемін! психологиялық тренинг

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы

Алатау батыр ауылы

«Балдаурен» бөбекжай балабақшасы

















Психологиялық тренинг тақырыбы:

«Мен өмірді сүйемін»

Мен өмірді сүйемін! психологиялық тренинг

Дайындаған: Г. Козыбаева







2015-2016

«Балдаурен» бөбекжай-балабақшасы қызметкерлеріне арналған психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін»

Мақсаты: Тренингке қатысушылардың психологиялық денсаулықтарын сақтау, психоэмоционалдық жағдайларын өзгерте алу дағдыларын қалыптастыру, қызметкерлердің өмірге құштарлығын арттыру, өмір туралы ойларын білу.

Пайдаланылатын қажетті заттар: қалам, А4 парағы, қағаз майлық, ноутбук.

Барысы:

  • Жылы жүзбен сәлемдесу, бір-біріне қайырлы күн тілеу ;

  • «Өз күніңді жоспарлай білу» кеңес;

  • «Ашкөз балық» ертегі терапиясы;

  • «Айтуға оңай» ойыны;

  • «Қай түсті қалайсыз?» арттерапия;

  • Релаксация;

  • «Маған ұнағаны..........» рефлексия;

Тренинг соңында ойын ашық айта алмаған қызметкерлер стикерге өз ойларын (талап-тілектер) жазып, жүрекшеге жабыстырады.

  1. Сәлеметсіздер ме, құрметті қызметкерлер!

Бүгінгі «Мен өмірді сүйемін» атты тренингімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі таңда «Мәңгілік ел» талабына сай ұрпақ тәрбиесі үрдісінде біздің алар орнымыз ерекше. Сондықтан, көкірегі ояу, көзі ашық, өмірге деген құштарлығы шексіз азаматтар болуға тиістіміз! Ендеше, амандасып, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік! Жасымыз ұлғайған сайын жұмыс көбейіп, өмірдің ең маңызды деген сәттері назардан тыс қалып жатады. Кейде өзімізді зымырап жүріп бара жатқан пойыздың ішінде отырған жолаушыдай сезінеміз. Ал соңғы аялдама көзге шалынар емес.

Өмірде біз таңдайтын екі жол бар. Бірі - айналамызда болып жатқан оқиғалардың санамызға әсер етуіне жол беріп, бағыттаушылардың соңынан еру. Екіншісі - өзімізге сай ырғаққа ілесіп, тізгінді қолға алу. Әдетте барлығы керісінше болады. Қиындықтарымыздың шексіз тізімін жазып, оның шешімін табуды ұмытып кетеміз. Бұлай әрекет жасауымызға жоспарламаған жұмыстармен айналысып кетуіміз әсер етеді.

Бақытты ғұмыр кешкіңіз келсе, уақытты мақсатыңызға сай жоспарлауыңыз керек. Ал ол үшін ұзақ мерзімде жүзеге асатын мақсаттар құрған дұрыс.

1. Үш басымдылықты анықтау

Күнделікті өзіңізге «Қалағаныма қол жеткізу үшін қандай 3 іспен айналысуым керек?» деген сұрақ қойыңыз. Қандай жағдай болмасын, осы әрекеттерді орындаңыз.

Жасалып жатқан жұмыс пен алға қойған мақсатыңыздың арасында байланыс болу керек. Сол кезде ғана жоспарыңыз жүзеге асады.

2. Уақытты шығындаушылардан сақтаныңыз

Оған үнемі өзгелердің қалауын орындау, теледидар көру, музыка тыңдау, әлеуметтік желіде бейтаныс адамдармен шүйіркелесу және т.б. кіреді. Сол себепті жоспарыңызға уақытты шығындаушылардан арылу туралы пункт енгізіңіз. Мақсатымыз туралы ойлаған сайын уақыттың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.

3. Өмірдің ырғағын сезініңіз

Үшіншіден, әркімнің өзіне ғана тән ырғағы бар. Бірі - жарқанат болса, екіншісі - үкі, үшіншісі - ұзақ жүгіре алатын марафоншы, төртіншісі - спринтер. Өзіңіздің қай типке жататыныңызды білген соң жұмысты қай уақытқа қою керектігін анықтай аласыз. Маңызды жұмысты жарқанаттар таңертең, ал үкілер түстен кейін орындағандары жөн. Марафоншылар өз кезегінде 3-4 сағат, ал спринтерлер тынымсыз 1 сағат бойы жұмыс істей алады. Белсенділігіңіз артатын уақытқа маңызды, қалған уақытқа екінші дәрежелі жұмыстарды қоя аласыз.

4. Демалыңыз

Төртіншіден, демалыстың да пайдасы мол. Энергияңызды қалпына келтіру үшін демалуды ұсынамыз. Энергияны эмоциядан, ой әрекетінен, физикалық жаттығудан, рухани құндылықтардан алуға болады.

Ал күш-қуатымыздың дәрежесін қалай тексереміз? Жұмысыңыз аяқталған мезгілде өзіңізді жақсы сезінсеңіз, жолыңыз болды дей беріңіз.

Көп пе? Жоқ. Ұзақ па? Жоқ. Олай болса, іске сәт!

Ал Сіз күніңізді қалай жоспарлайсыз?

Мен өмірді сүйемін! психологиялық тренинг


  1. «Ашкөз балық» ертегі терапиясы.

Ерте, ерте, ертеде, теңізде бір балық патшалық құрыпты. Ол өзі мекендеген теңіздегі балықтардың барлығын күніге дәмді асына айналдырады екен. Күніге балықтарды жеп, әбден семіріпті. Бір күні өзенге бір бала балық аулауға келеді, әлгі балықты торға түсіреді. Осы жерден зерттелушілер ертегіні жалғастыруы қажет. А4 параққа балықтың суретін салу керек.

Мен өмірді сүйемін! психологиялық тренинг

Интерпретация:

Егер зерттелуші өте майда балықтарды көп салса, оның бойында стресстің көп болғаны.

Егер ертегіні дұрыс құрастыра алмаса, оның өмірінде өзгерістің барынан хабар береді.

Егер балық торға түсіп тұрса, зерттелушінің қауіпті жағдайда екені белгілі.

Егер балықтың қарны аш, ол өте аш көз деп көрсетсе, өмірге көңілі толмайтыны, риза еместігін көрсетеді.

Егер желбезегі жоқ балық болса, күшті қолдауды қажет етеді, «мені ешкім қолдамайды», «менің ешкімім жоқ» дегенді білдіреді.

  1. «Айтуға оңай» ойыны. Міне біз айтуға оңай ойлармен бөлісеміз. Мына ойларды қалай жалғастырар едіңіз?.....

  • Өмір деген не өзі?

  • Өмір несімен қымбат?

  • Өмірдегі ең қуанышты сәттеріңіз?

  1. «Мен үшін өмір деген.....» арттерапия.

Тренингке қатысушылар өмір туралы ойларын сурет арқылы қағаз бетіне түсіреді. (баяу музыка ойнап тұрады) суреттерді талдап, интерпретация жасалады.

«Қай түсті қалайсыз?» түстер терапиясы.

Мен өмірді сүйемін! психологиялық тренинг

Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, біліміңізді, ерекшеліктеріңізді, мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске қарап-ақ байқауға болады.

Көк түс - жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай-ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар - тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.

Сары түс - жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.

Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар. Жасыл түс - еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.

Күлгін түс - адамның тілегені мен қиялындағысы ақиқатқа айналады деген үміттің нышаны. Асыл арман мен көркем қиялдың түсі. Бұл түсті таңдағандар тек өзгелерді таң қалдырғысы немесе сүйсіндіргісі келмейді, өзін де таң қалдырғандығын қалайды. Сондай-ақ, бұл түсті мектеп оқушылары, аяғы ауыр әйелдер таңдап жатады. Оларға әлем сиқырлы, бар нәрсеге қол жеткізуге болатындай болып көрінеді.

Сұр түс - еркіндіктің нышаны. Бұл түсті таңдағандар - белгілі бір жүктелетін міндеттен ада болғысы келеді. Ештеңеге араласқысы келмейді, көпшілік ортаны ұнатпайды. Ортада оның бары, жоғы байқала бермейді. Адамдар оларды тез жалықтырғыш, іш пыстыратын жаратылыс ретінде қабылдайды. Қара түс - абсолютті шекара, өмірдің тоқтайтындығының белгісі. Ол ғайып болу, өлім ойын көрсетеді. Қара түс - соңы, енді ештеңе болмайтындықтың нышаны. Десе де, қара түсті таңдаған адам тағдыр ағысына қарсы тұра алады.

Ақ түс - таза парақ, онда әлі де талай тарих жазылады. Пәктік, тазалық нышаны. Ақ түс әділдікті білдіреді. Еш бояуы жоқ ақ түс кіршіксіз сезімді көрсетеді. Пәк қалыңдықтар ақ көйлекті осы себеппен де киеді.

Аралас түстер:

Көк-қара - тыныштық.

Сұр-көк - сабырлық, немқұрайлылық.

Көк-қызыл қоңыр - өз жағдайын өзі жасап алу.

Көк-күлгін - нәзіктікке талпыныс.

Көгілдір - түсінуге деген құлшыныс, айналасын махаббатқа бөлеу.

Қоңыр-қызыл - белсенділік.

Көк-жасыл - нақтылық, ұқыптылық.

Ашық жасыл- жігерлік, бәрін өзіне бағындыруға талпыныс.

Жасыл-сары - адалдықты сүю.

Жасыл-қара - турашылдық.

Сұр-жасыл - сенімсіздік.


  1. Релаксация. Мен айналамдағылармен тату-тәтті тұрамын. Менің жүрегімнің түбінде тұңғиығы жоқ махаббат көзі бар. Мен оған сыртқа шығуға рұхсат беремін, ол менің жүрегімді, тәнімді, санамды, болмысымды толтырады. Мейлі, ол оқымысты болсын, көргенсіз болсын, бай немесе кедей болсын, күшті немесе әлсіз болсын, барлық адамдар бақыт іздейді. Бірақ бақыт әдемілікте емес, даңқта емес, байлық та емес, ғылым да емес..... Адамдар бақытты тек махаббаттан табады. Сүйген адам әрқашан жоғары тұрады.

  2. «Маған ұнағаны.....» рефлексия. Тренинг соңында ойын ашық айта алмаған қызметкерлер стикерге өз ойларын (талап-тілектер) жазып, жүрекшеге жабыстырады.

Ал ендігі кезекте қолдарыңыздағы қағаз майлықты алып, төрт бүктеп оң жағын жыртыңыз, тағы да оң жағын, тағы да оң жағын, тағы да бүктеп оң жағын жыртыңыз. Енде қолыңыздағы қағаз майлықты ашып көріңіз. Қандай болды? Бәріміздікі бірдей болды ма? Айналаңызға қараңыз. Міне, байқадыңыз ба? Мен бәріңізге бірдей нұсқау бердім, бірақ әрқайсыңіздікі әр түрлі. Осы сияқты бізге бәрімізге өмір сүру мүмкіндігі берілгенімен, әрқайсымыздың тағдырымыз әртүрлі. Сіздерге үлкен рахмет!


© 2010-2022