Тәрбие сағаты Сиқыршы күз 2014ж

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Сиқыршы күз"!

Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру.Ой -өрісін,тілін дамыту. Жылдың төрт мезгілін айыра білу.

Көрнекіліктер:Мерекеге сай безендірілген суреттер.Слайд.

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп,орындықтарға жайғасады.

Балалардың қолдарында жапырақтар.

Тәрбиеші:Құрметті қонақтар,ұстаздар! Бүгінгі біздің балаларымыздың дайындаған "Сиқыршы күз"! атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Армысыздар, халайық!

Бармысыздар халайық!

Күзгі топты жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

- Қараңдаршы,бүгін барлығыңыз қандай әдемі болып кеткенсіңдер.

Қолымызға не ұстап келдік?

- Жапырақтар.

- Осы жапырақтардың түсі қандай?

- Сары.

Тәрбиеші: Олай болса,бүлдіршіндеріміздің орындауында.

Ән: "Жаңбыр"

( Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)

- Балалар тыңдаңыздаршы бұл не шу?

( Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы:Сәлеметсіздер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы: Уа,халайық,дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен Күз ханшайымымын.Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Тәрбиеші: Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет!

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі,

Шықса - жасыл,

Түссе-сары.Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар,жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім.Әр жапырағымда тапсырмалар. Тапсырмамды орындағыларың келе ме?

Олай болса балалар бірінші тапсырмам сұрақтарыма жауап беру.

1-сұрақ: Неше жыл мезгілі бар?

2-сұрақ: Ағаштар қандай?

3-сұрақ: Күзде нелер піседі?

Күз ханшайымы:Өте жақсы балалар,бірін біледі екенсіңдер.

Тәрбиеші: Ендеше күз ханшайымы біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.

Би: "Көбелек".

Тәрбиеші: Күз ханшайымы,балалардың өнері ұнады ма?

Күз ханшайымы:Иә,балалардың бәрі өнерлі екен.

Тәрбиеші: Қане балалар,осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.Ол ойын "Көкөністер мен жемістерді ажырат".

Ойынның шартын:түсіндіру

Тәрбиеші: Күз ханшайымның екінші тапсырмасы жұмбақ шешу.

1. Жанға інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.Бұл не?

(Сәбіз)

2.Жайлы,жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін.

Қабат,қабат тоным бар,

Қалай оны шешемін.Бұл не?

( Орамжапырақ )

3. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.Бұл не?

(Пияз)

4.Аспай піскен,қайнамай түскен.

( Жеміс )

Тәрбиеші:Өте жақсы біздің Ару қызымыздың орындауында.

Ән: «Жылайды жапырақ»

Тәрбиеші: Күз ханшайымы,құрметті қонақтар балаларымыздың күзге деген жылы лебіздерімізді тыңдайық.

Ақтоты;

Берекесін сыйлауға

Ортамызға күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Жанали; Қарашы күз келді,күз келді,

Сары жапырақ жауыпты іздерді.

К.Азат:

Алтын, сары,қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Асадали

Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттын.
(Алма)- Б.Тоғжан
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Бағлан:

Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгіледі.

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді.

(Анар)-Адил
Бұтақтан үзілген
Жарылса анармын
Моншақтай тізілген,
Дәндерін аламын.
Жүзім)-Көркем
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
(Өрік)-Жансая
Өрікпін, мен өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы біздің балаларымыздың сізге дайындаған көрінісін тамашалаңыз.

Көрініс;Шалқан ертегісі.
(Шие ) -Сара
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен бас иемін.
(Бидай)-Ерназ
Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
(Күріш)-Райымбек
Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.
(Бұршақ)-Бибігүл
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе!
(Қызылша)-О.Тоғжан

Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
(Орамжапырақ) Нұрасыл
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.

(Қияр)-Ж.Аружан
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
(Шалқан-Даурен
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды.
(Сәбіз)-Шахназ
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
(Асқабақ)-Жанерке
Өсем бақша-бауында
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға.

Қызанақ. И. Диана

Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?
(Пияз)-Дарын
Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
(Картоп)- С.Ақерке
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.

Айару: Қарбыз, қарбыз қарбыздар

Қарбыз желік ал қыздар.

Қарбыз желік ал ұлдар.

Балдай тәтті қарбыз бар.
Күз ханшайымы: Рахмет,балалар!Барлығыңыз өнерлі екенсіңдер.Міне,менің сыйлығым бір себет жемістер.Сендерге денсаулық,шаттық және байлық әкелсін.

Тәрбиеші:Күз ханшайымы,саған мың алғыс!Бүгінгі сыйлығыңа рахмет.Бізге тағы кел,біз сені сағына күтеміз.

Күз ханшайымы:

Сау болыңдар,балалар,

Келгенше жыл айналып.

( Осы кезде әуен ойналады,Күз ханшайымы қоштасып кетеді)

Қош бол Күз ханшайымы!

Тәрбиеші: Күздің кереметі,байлығы өте көп.Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға,көкөністерге,жеміс-жідектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Міне,балалар,құрметті

қонақтар,ұстаздар осымен "Сиқыршы күз"атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын,әр отбасыларыңызға бақыт,береке тілеймін.



































Мемлекеттік тілде оқытытын Заречный орта мектебі КММ

«Балдәурен» шағын орталық I топ






Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Сиқыршы күз»








Тәрбиешілер: Ибраева А.М.




2014 - 2015 ж


© 2010-2022