Ашық сабақ Менің Қазақстаным

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай ауданы әкімшілігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Гүлдер» балабақшасы

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны




Қорытынды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

«Менің Қазақстаным.»

Ортаңғы «Жұлдыз» тобы




Тәрбиеші:Досмухамбетова Күмісай

Мухамедгалейқызы

Затобол кенті 2014ж

« Менің Қазақстаным.»

Білім саласы:Қатынас, таным,шығармашылық.

Кіші сала: көркем әдебиет,қоршаған ортамен танысу, сурет,музыка.

Мақсаты: Отанды сүюге,қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге,туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.

Ұқыптылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері ,Астана қаласының ғимараттары бейнеленген суреттер,дидактикалық ойынға байланысты рәміздердің суреттері,құрастыруға суреттер,бояу қалам,қағаз.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар біз қай республикада тұрамыз?

-Қазақстан республикасында.

-Балалар, өзіміз тұратын мекенді тағы қалай атауға болады?

-Отан. Атамекен. Туған жер.

-Балалар,кім Қазақстан Республикасының рәміздерін айтып береді?

-Ту,Елтаңба,Әнұран.

-Еліміздің туының түсі қандай?

-Көгілдір түсті -аспан мен судың түсі

-Көк түс тазалықты белгілейді.

-Ортасында алтын күн- бейбітшілік күні.

Қыран құс -еркіндіктің,тәуелсіздіктің белгісі.Биікте самғайды және ұлттық ою бейнеленген.

-Елтаңбамыздың түсі қандай?

-Елтаңбамызда қазақтың қарашаңырағы-әрбір отбасының бірлігі, бейбітшілік шанырағын көтерген , күн сәулесіндей уықтар,екі жақтағы қанатты пырақтар(қос тұлпар)-адамның досы, және жоғарысында бес бұрышты жұлдыз бен «Қазақстан» деген жазу бар.

-Балалар,Елтаңба туралы кім тақпақ біледі?

1-бала.С.Мәди.

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

-Рахмет.

Балалар, Қазақстан байрағы туралы кім тақпақ біледі.

2-бала: Жанарыс.

Жарасқан, байрақтың мәні бар,

Көк аспан, күн-қыран сәні бар.

Көк байрақ ашық күн кеңісім,

Алтын күн белгісі жеңістің .

Ал,Әнұран туралы тақпақ білеміз бе?

3-бала: Нұралы

Әнұраным,жанұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым.

Өмірбақи шырқалады.

Республика Әнұраны.

-Әнұранды қай жағдайда орындайды?

-Оны салтанатты жағдайларда орындайды.Жеңіске жеткенде орындалады.

Әнұран орындалғанда орнымыздан тұрып,қолымызды жүрегімізге қоямыз.

Дидақтикалық ойын: «Рәміздерді құрастыр»

Екі бөлек үстелде тудың, елтаңбаның белгілері араласып жатыр. Белгі берумен балалар рәміздерді құрып жарысады. Жеңген топ марапатталады.

-Біздің Елбасымыз кім?

-Н.Ә.Назарбаев.

-Балалар, Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

-Астана қаласы.

-Дұрыс айтасыңдар.

-Ал енді Астана қаласына теледидар арқылы саяхат жасайық.

-Астана- Отанымыздың жүрегі, жаңа қала, әсем қала.Мына суреттерге қарашы нені көріп тұрсыңдар?

-Бәйтеректі.

-Мына суреттерде Астана қаласының зәулім,биік үйлері, ең жақсы ғимараттары.

Енді тамаша монумент-Бәйтеректі құрастырайық.

-Балалар, сендер жақсы жұмыс істедіңдер ,жарайсыңдар, енді біраз сергіп алайық:

Орнымыздан тұрайық.

Құс болып қанат қағайық.

Астананың төріндегі

Бәйтерекке ұқсайық.

-Біз қай тілде сөйлесеміз?

-Біздің ана тіліміз -қазақ тілі.

-Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз.

-«Өнер алды-қызыл тіл.»

«Ана тіліңді ұмытқаның-

Өз тіліңді құртқаның.»

«Тіл-көңілдің кілті.»

-Рахмет.

-Енді «Туған жер», «Отан» , «Елім» -дегенді қалай түсінесіңдер.?

-Әркімнің өз Отаны болады.

-Отан-ол менің туған жерім,табиғатым.

-Отаным, елім туралы кім тақпақ айтып береді.

1-бала.Дарина

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге данқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан-елім менің.

2- бала Азиза.

Сен неткен Отан-анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағымның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным -Қазақ елім.

-Рахмет, Отанымызды,Туған жерімізді әдемі өлең жолдарымен айтып бердіңдер.

Енді,тудың суретін салайық, жұмыс орнымызға өтейік:.

Балалардың өз беттерімен жұмыстары.

Қорытынды:Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде не туралы айттық?

Еліміздің несі бар?

-Елордамыз қай қала?

-Біз қалай саяхатқа бардық?

-Астанада қандай ғимараттар бар?

-Көшелері қандай екен?

-Ең биік монумент қалай аталады?

-Ненің суретін бейнеледік?

-Қандай тақпақтар тыңдады.?

-«Туған еліміз, рәміздеріміз,Астана қаласы туралы)

Оқу іс-әрекетімізді «Туған үлкен Қазақстанда» әнімен аяқтайық.






Қорытынды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

14 мамыр 2014ж Тәрбиеші:К.М.Досмухамбетова

Ортаңғы «Жұлдыз» тобы

Білім саласы. Қатынас, таным,шығармашылық.

Кіші сала: көркем әдебиет,қоршаған ортамен танысу, сурет,музыка.

Тақырыбы: « Менің Қазақстаным»

Мақсаты: Отанды сүюге,қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге,туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.

Ұқыптылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері ,Астана қаласының ғимараттары бейнеленген суреттер,дидактикалық ойынға байланысты рәміздердің суреттері,құрастыруға суреттер,бояу қалам,қағаз.

Билингвалдық компонент: ту - флаг,елтаңба-герб, әнұран-гимн

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

-Балалар, оқу іс-әрекетіне келген қонақтармен сәлемдесейік.

Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн келді,

Қайырлы таң,балақай!

-Сәлеметсіздер ,ме!

Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн келді ,

Қайырлы таң, апай!

Ұйымдастырушылық ізденіс

-Балалар, казір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар? Атаңдар.

-Бір аптада неше күн бар?

Апта аттарын ата:

Бүгін қай күн?

-Балалар ,біз қай республикада тұрамыз?

-Балалар, өзіміз тұратын мекенді тағы қалай атауға болады?

-Балалар,кім Қазақстан Республикасының рәміздерін айтып береді?

-Еліміздің туының түсі қандай?

-Көк түс тазалықты белгілейді.

Иә, қыран құс -еркіндіктің, тәуелсіздіктің белгісі.

-Балалар, Қазақстан байрағы туралы кім тақпақ біледі?


-Елтаңбада не бейнеленген ?

-Ол әрбір отбасының бірлігі, бейбітшілік шанырағын көтерген , күн сәулесіндей уықтар,екі жақтағы қанатты пырақтар(қос тұлпар)-адамның досы, және жоғарысында бес бұрышты жұлдыз бен «Қазақстан» деген жазу бар.

-Балалар,Елтаңба туралы кім тақпақ біледі?

-Рахмет.

-Әнұранды қай жағдайда орындайды?

-

Әнұран орындалғанда міндетті түрде орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қоямыз.

-Ал,Әнұран туралы тақпақ білеміз бе?


Дидақтикалық ойын: «Рәміздерді құрастыр»

Екі бөлек үстелде тудың, елтаңбаның белгілері араласып жатыр.. Жеңген топ марапатталады.

-Біздің Елбасымыз кім?

-Балалар, Қазақстан Респуб-ликасының астанасы қай қала?

Дұрыс айтасыңдар.

-Ал енді Астана қаласына теледидар арқылы саяхат жасайық.

-Астана- Отанымыздың жүрегі, жаңа қала, әсем қала.Мына суреттерге қарашы нені көріп тұрсыңдар?

-Мына суреттерде Астана қаласының зәулім,биік үйлері, ең жақсы ғимараттары.

Енді тамаша монумент-Бәйтеректі құрастырайық.

-Балалар, сендер жақсы жұмыс істедіңдер ,жарайсыңдар, енді біраз сергіп алайық:

Орнымыздан тұрайық.

Құс болып қанат қағайық.

Астананың төріндегі

Бәйтерекке ұқсайық.

-Біз қай тілде сөйлесеміз?

-Біздің ана тіліміз -қазақ тілі.

-Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз.

-«Өнер алды-қызыл тіл.»

«Ана тіліңді ұмытқаның-

Өз тіліңді құртқаның.»

«Тіл-көңілдің кілті.»

-Рахмет.

-Енді «Туған жер», «Отан» , «Елім» -дегенді қалай түсінесіңдер.?

-Отан-ол менің туған жерім,табиғатым.

-Отаным, елім туралы кім тақпақ айтып береді.





-Рахмет, Отанымызды,Туған жерімізді әдемі өлең жолдарымен айтып бердіңдер.

Енді,тудың суретін салайық, жұмыс орнымызға өтейік:.

-Қазір көктем мезгілі.

-Үш ай бар-наурыз,сәуір, мамыр.

-Бір аптады 7 күн бар.Атайды. Бүгін үшінші күн-сәрсенбі.

-Қазақстан республикасында.

-Отан. Атамекен. Туған жер.

-Ту,Елтаңба,Әнұран.

-Көгілдір түсті -аспан мен судың түсі

-Ортасында алтын күн- бейбітшілік күні.

-Қыран құс .

- Биікте самғайды және ұлттық ою бейнеленген.

Жанарыс.

Жарасқан, байрақтың мәні бар,

Көк аспан, күн-қыран сәні бар.

Көк байрақ ашық күн кеңісім,

Алтын күн белгісі жеңістің .

-Елтаңбамызда қазақтың қарашаңырағы,уықта екі жақтағы қанатты пырақтар(қос тұлпар),Жұлдыз бар.Қазақстан деген жазу бар.


С.Мәди.

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Оны салтанатты жағдайларда орындайды.Жеңіске жеткенде орындалады.

Нұралы

Әнұраным,жанұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым.

Өмірбақи шырқалады.

Республика Әнұраны

Белгі берумен балалар рәміздерді құрып жарысады.

-Н.Ә.Назарбаев.

-Астана қаласы.

Тыңдап,қарайды.


-Бәйтеректі.


Құрастырады.

Орнымыздан тұрайық.

Құс болып қанат қағайық.

Астананың төріндегі

Бәйтерекке ұқсайық.

-Қазақ тілінде сөйлейміз.

Мансұр:

-«Өнер алды-қызыл тіл.»

Аружан

«Ана тіліңді ұмытқаның-

Өз тіліңді құртқаның.»

«Тіл-көңілдің кілті.»

-Рахмет.

-Әркімнің өз Отаны болады.


Дарина

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге данқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан-елім менің.

Азиза.

Сен неткен Отан-анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағымның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным -Қазақ елім.

Балалардың өз беттерімен жұмыстары.

Рефлексивті-коррекциялау

Қорытынды:Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде не туралы айттық?

Еліміздің несі бар?

-Елордамыз қай қала?

-Біз қалай саяхатқа бардық?

-Астанада қандай ғимараттар бар?

-Көшелері қандай екен?

-Ең биік монумент қалай аталады?

-Ненің суретін бейнеледік?

-Қандай тақпақтар тыңдады.?

Оқу іс-әрекетімізді «Туған үлкен Қазақстанда» әнімен аяқтайық.

Балалардың жауаптары.


-«Туған еліміз, рәміздеріміз,Астана қаласы туралы)

Әнді орындайды.


Күтілетін нәтиже:

Республика рәміздері туралы білімдерін кеңейту, білу.

Тақпақты мәнерлеп айту. болу

Жалауды салу қолынан келеді.






© 2010-2022