Утренник Астыққа бай алтын күз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Астыққа бай-алтын күз"

Зал іші күз мезгіліне сай безендірілген.Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар,балалар.Балалар,бүгін біздің бақшамызда қандай мереке болып жатыр?

Дильназ:Апай, сіз білмедіңізбе? Бүгін бізде «Астыққа бай - алтын күз» мерекесі.

Жүргізуші: Олай болса құрметті қонақтар, ата-аналар, бүгінгі біздің «Астыққа бай - алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!!!

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық,

Алтын күзге арналған,

Кешімізді бастайық!

Дильназ:

Тілегім амн болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз ырыс, береке, бірлік ала келді!

Жүргізуші: Балалар, біз сендермен жеміс - жидектерді қай мезгілде жинап аламыз?

Балалар: Күз мезгілінде

Жүргізуші: Олай болса ортамызға «Күз ханшайымын» шақырайық!

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар, ата-аналар мен қонақтар! Бүгін сіздерде мереке болып жатыр екен, мен сендерге құр қол келген жоқпын, жомарт күз сыйын ала келдім. (Қолыңдағы ыдыстағы жемістерді жүргізушіге ұсынады). Ал енді балалардың білімдерін байқап көргім келеді, ол үшін мен жұмбақ жасырамын сендер шешіп көріңдер. (Сұрақ - жауап, жұмбақ жасыру)

1.Жиын - терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

2.Жазда тұрып жоғары,

Күзде жерге қонады. (Жапырақ)

3.Жерге тырс-тырс тамады,

Сайға қарай ағады.

Шешуін кім табады? (Жаңбыр)

4.Бұл недеген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Түймелеуге жетпейді,

Жаңбыр одан өтпейді. (Қырыққабат)

Күз ханшайымы:Дұрыс таптыңдар жарайсыңдар!Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім.Әр жапырағымда тапсырмалар бар.Егер де тапсырмаларды орындасаңдар,менің де сендерге деген сыйлығым бар.

Тәрбиеші:Әрине қымбатты Күз ханшайымы!Біздің балалар Күз туралы өлең,тақпақ,жұмбақтар шеше алады.Сіз жайлап отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Хор: Жомарт Күз

Тәрбиеші: Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы-сұрақтар
2-сұрақ:-Күз айларын ата (Қыркүйек, қазан, қараша)

Тәрбиеші:-Ендеше ортаға күз айларын шақырамыз

1-бала: (Қыркүйек) Бір біріне жер аспан

Мейіріммен қарасқан

Ұстаз-шәкірт жүздескен

Қош келіпсіз күз дескен

2-бала: (Қазан) Қазан айы болыпты

Қамбаға астық толыпты

Сары даланы сәндетіп

Дүмандатып,әндетіп

3-бала: (Қараша) Күн суытып барады

Малдар қолға қарады

Қараша ауыл даламыз

Қысқа дайын боламыз

Тәрбиеші:Мінеки,балалар күз айларымен таныстыңдар, енді Күз ханшайымға өз тақпақтарын оқып береді


Жасұлан:

Сарғайды тоғай

Сап-сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

Айнала жым-жырт

Көк аспан сұрғылт

Жер жыртқан тыңда

Трактор қырда

Жапырақ ұшты

Суықта түсті

Сонда да бізге

Қызық көп ізде.

Жансерік:

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен тізеді

Қара бұлт қабағын түйеді.

Мейіржан:

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Нұртас:

Кеудешесі кенеттен

Белгісіздеу себеппен

Келте көйлек жаз кетті

"қой деместен" кенеттен

Жұлдызай:

Күздің мынау сыңайы

Күміс селеу самалы

Сәукеленіп қамысы

Судың салқын маңайы

Балауса:

Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала

Алтын астық айнала.

Тәрбиеші:-Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз,картоп,күнбағыс
Көкөністер бір жерде жиыла қалыпты тамаша

Балалар біз көкөністердің айтыстарын тамашалайық.
(Жуа, сәбіз, картоп ұйықтап жатады. Күнбағыс кенет басын жерден жұлып алады).

Күнбағыс: Күнді, күнді қараңдар! Шуағын шашып, нұр төгіп. Қәне, тұрыңдар. Күнді көріңдер (әрқайсысын жұлқылап оятады).

Жуа: Не болды?

Сәбіз: Бұл не айқай?

Картоп: Ұйқымды бұздың ғой (есінейді)

Күнбағыс: Әй, сендер-ақ мүлги бересіңдер. Мен сияқты күнді көрмейсіңдер ме? Сендер ешкімге керек емессіңдер.

Жуа: Біз адамдарға пайдалымыз. Менде С,В дәрумендері өте көп.Жөтелге, тұмауға, күйген жерге, басқа да ауруларға еммін.

Картоп: Әй,әй! Жуажан, қалай ұялмайсың! Сен адамдарды жылатасың ғой. Адамға пайдалы деп мені айт. Менде глюкоза, крахмал, сахароза деген заттар бар.

Сәбіз: (бетін шымшып): Ұят-ай! Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой. Мақтансам мен мақтанайын. Адамдар мені дәрі-дәрмек үшін өсіреді. Содан соң тамақ ретінде өсіреді. Мені қан азайғанда, демікпе болғанда, асқазан ауырғанда және де қатерлі ісіктерге пайдаланады. Мен пайдалымын!

Күнбағыс:Күз ханшайымы! Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсымыз адамға пайдалымыз. Айтып беріңізші!

Күз ханшайымы: Маған бәрің де керексіңдер. Бәрің де пайдалысыңдар. Енді дауды қойыңдар.Дәрілік қасиет бәріңде де бар. Күннің нұрын, ауаның жұтып өсе беріңдер.

Жүргізуші: Балалар, бізге алыстан бір қонақ келе жатқан сияқты.Кәне байқап көрейікші кім екен?

Балалар: Қоян

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар, сәлеметсің бе күз ханшайымы! (Балаларда амандасады).

Күз ханшайымы: Қоян, сен не істеп жүрсің?

Қоян: Сіздердің мерекелеріңізге соға кеткенді жөн көрдім,Балалар, менің сендерге арнап алып келген ойыным бар, ойнайсыңдар ма?

Балалар: Иә.

Қоян: Жарайсыңдар, олай болса ыдыстағы сәбізді екі топ менің себетіме жылдам жинап беруге келісесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Қоян: Олай болса, бастайық. (Ойын аяқталған соң Қоян алғысын білдіріп, қоштасып залдан көңілді әуенмен шығып кетеді)

Жүргізуші:Қоян, сау бол. Біздің мерекемізді "Тұлымшақ" тобының бүлдіршіндері одан әрі жалғастырады.

Абдулла:

Күз де келді, күз келді

Күдерін жаз үзгенді

Күз де келді, күз келді

Көктем бұлттар күзді енді.

Темірлан:

Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау

Еламан:

Берекелі, мерекелі

Келді міне алтын күз

Қалада да, далада да

Жанның бәрі жарқын күз.

Лаура:

Жұлып едім жүзімді

Жүзі бірден үзілді

Жүзін де жеп қойыппын

Өзім әбден тойыппын.

Диляра:

Бір тістем өзім алған-ды

Дәмі аузымда қалған-ды

Домалатып жеймін мен

Күнде қызыл алмамды.

Інкәр:

Жинап жатыр ауылым

Сап-сары ала қауынын

Алмақ едім үлкенін

Ауырын-ай ауырын


Қанатбек:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Ғазиз:

Асқабақтың дәмі

Таңдайымда әлі

Кептірілген дәні

Таптырмайтын дәрі

Бақдаулет:

Қып-қызыл боп қалғанда

Аузыңа кеп салғанда

Не жетеді шіркін-ай

Қызанаққа жалғанда

Айкөркем:

Күннің нұрлы шуағы

Шұғыла боп шығады

Шөлің әбден қанады

Көзің шамдай жанады

Тамылжыған шырыны

Таңдайымда қалады.

Мерей:

Мен алмұртпын,алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың

Абдулла:

Мен жүзіммін,жүзіммін

Моншақ болып тізілдім

Лағыл:

Өрікпін мен өрікпін

Бау бақшаға көрікпін

Баптап мені күткенсің

Талды бойлап өріппін

Қаха Тема:

Біз шиеміз,шиеміз

Күннің көзін сүйеміз

Қышқыл шырын бізде бар

Төмен басты иеміз

Еламан:

Жайлы жұмсақ төсегім

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар

Қалай оны шешемін

Қанатбек:

Боламын мен дәмдеуіш

Барлық барлық тағамға

Көкөністер ішіннен

Мен пайдалы адамға

Күз ханшаймы: Балалар, сендер білесіңдер ме, асымыз, нанымыз біздің дастарханға қалай келеді? Нанды кім пісіреді?

Балалар: Аспазшы

Күз ханшайымы: Өте жақсы балалр, енді ортаға аспазшыны шақырайық. (Музыка ырғағымен аспазшы ортаға нан әкеледі).

Жүргізуші: Осымен бүгінгі шағын мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды

Ән: Қазақтай ел қайда


© 2010-2022