№ 3 Ақжелкентобының Астанаға саяхат атты ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің конспектісі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Астанаға саяхат»

Тәрб; Балалар біз сендермен Аcтана қаласына саяхатқа барамыз.Балалардан Астанаға кіммен қыдырып барғанын сұрау керек?

Балалардың- Жауабы

Тәрб; Ал енді біз Астанаға немен барамыз?

Балалар- Ұшақпен

Тәрб; Ұшақ қайда ұшады?

Балалар- Әуежайдан

Тәрб; Біздің ауылымызда әуежай барма?

Балалар- Жоқ

Тәрб; Әуежай қай қалада бар деп ойлайсың?

Балалар- Ақтау қаласында

Тәрб; Олай болса Ақтау қаласына аттанайық

Ақтау қаласына немен барамыз?

Балалар- Жауабы

Тәрб; Ал маған айтыңдаршы неше көлік түрі бар?

Балалар- Төрт көлік түрі бар

Тәрб; Қандай?

Балалар- Жол көлігі,темір жол көлігі,әуе көлігі,су көлігі.

Тәрб; Жоқ балалар біз көппіз сол себептен біз Автобуспен барамыз.Автобус көп адам тасымалдайтын көлік,оны жүргізуші жүргізеді.(Слайдтан автобустын суреті көрсетіледі)

Ал олай болса автобус көлігіне мінейік.Автобус қай көлік түріне жатады?

Балар- Жер көлігі

Гайшник тоқтатады

Гайшник- Балалар сендер қайда бара жатырсыңдар?

Балалар- Астана қаласына саяхатқа

Гайшник- Сендер әрі қарай өтеалмайсыңдар.Мына жайлауда жайылып жүрген жануарлар өз төлдерін шатастырып,енді жолды байлап тұр.Ол үшін мына жануарлардың төлдерін дұрыс тауып беру керек.Сонда олар сендерге жол ашады.

«Балалар- Бұлар үй жануарлары деп жануарларды төлдерімен табыстырып аттарын атайды»

Мынау қой оның төлі қозы,мынау жылқы оның төлі құлын,мынау сиыр оның төлі бұзау,мынау түйе оның төлі бота,мынау ешкі оның төлі лақ т.б.

(Балалар дидактикалық ойын ойнайды)

«Көлік жүреді балалар ән айтады»

Тәрб; Балалар міне біз Ақтау қаласының әуежайынада келіп қалыппыз.Әуе көліктеріне нелер жатады?

Балалар- Ұшақ,тік ұшақ,зымыран

Тәрб; Ал біз Астанаға немен ұшамыз?

Балалар- Ұшақпен

Тәрб; Балалар ұшақты ұшқыштар жүргізеді және олардың көмекшісі борткөмекшісі

Борткөмекшісі сөйлейді- Ал олай болса біз енді ұшаққа жайғасайық,ал енді балалар қауіпсіздік белдіктерімізді жоғарыдан төменге қарай тағайық ұшуға дайындаламыз.Осы жерде стюардесса қауіпсіздік ережесі туралы айтады. «оң жақта отырған балалар қолымыздағы сөмкелерімізді оң жаққа қоямыз,ал сол жақта отырған балалар қолымыздағы сөмкелерді сол жаққа қоямыз,алдымызда,артымызда шығу есігі бар -деп іс-қимылмен көрсетеді»Олай болса балалар орнымызға орналассақ сіздерге іс-сапар тілеймін жолдарыңыз болсын.

«Міне аспанға көтеріліп қалдық»

(Слайдтан самалеттің аспанға көтерілгені көрсетіледі)

Стюардесса- Ал балалар қараңдаршы айналада не көріп тұрмыз?

Балалар- Бұлттар

Стюардесса- Аспанның түсі қандай?

Балалар- Аппақ мамықтай

Стюардесса- Ия дұрыс айтасыңдар.Балалар менің сендерге тапсырмам бармына үлкен ыдыстағы кәмпиттерді түсіне қарай және санына қарай орналастыру керек.

(Сандары бір түсті болады ал кәмпиттер тарелкеге сай түсте болады 5 түсті)

«Дидактикалық ойын ойналынады балалармен»

Тәрб; Балалар сендер тапсырманы дұрыс орындадыңдарбіз Астана қаласынада келіп қалыппыз.Астана қаласын біз қандай қала деп айтамыз?

Балалар- Бас қаламыз ақ орда Астана «Слайдтан Ақорда көрсетіледі»

Тәрб; Бұнда кім отырады?

Балалар- Біздің елбасымыз Нұрсұлтан.Н.Ә.

Тәрб; Біз балалар егеменді ел болдық еліміз тәуелсіз мемлекет екен білдіретін өзінің рәміздері бар «слайдтан туудың ,елтаңбаның,ән ұранның суреті көрсетіледі»тек рәміздермен ғана емес біз егеменді ел екенімізді мақтаныш ететін ақын жазушыларымыз бар?

Балалар- Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаев

«Слайдтан осы ақынның суреттері шығады»

Тәрб; Ал балалар маған кім Ы.Алтынсарин өлең шумағын айтып береді?

Балалардың - Жауабы

Тәрб; Енді маған кім Абай Құнанбаевтың өлең шумағын айтып береді?

Балалар- Жауабы

«Слайдтан Астана қаласын түгел көрсетеміз»

Тәрб; Ал енді АСтанада көргендерімізді алған әсерлерімізді қағаз бетіне мына алдарымызда тұрған пішіндерден құрайық.

«Балалар геометриялық пішіндерден Астана қаласының ғимаратын құрастырады»

Тәрб; Балалар біз Астананы көрдік Астанаға саяхатымыз аяқталды енді ауылымызға қайтайық.

Тәрб; Ол үшін не істейміз?

Балалар- Ұшаққа мінеміз

(Хабарландыру ауа-райы күрт өзгеруіне байланысты ұшақтардың ұшу тәртібі өзгертілді-деп микрафонмен дауыс шығады)

Тәрб; Балалар енді біз немен қайтамыз?Әуе көліктерінен басқа тағы қандай көліктерді білеміз?

Балалар- Балалардың жауабы

«Слайдтан пойыз көрсетіледі»

Тәрб; Балалр дұрыс айтасыңдар олай болса енді біз ауылға отарбамен қайтамыз.Ол үшін біз кезекке тұрып отарбаға билет аламыз әр кім билетінің пішініне сәйкес орындықтағы бейнеленген пішіндерге сәйкес отырады.

Провадник- Сәлеметсіздерме балалар мен жол серікпін мен осы отарба ішіндегі жолаушылардың билеттерін тексеріп орындарына жайғастырамын.Қәне балалар сендер орындарыңды таптыңдарма?Өте жақсы балалар «Балалардың қолындағы пішіндерді түстерді сұрайды» Жарайсыңдар балалар!

«Слайдтан орман көрсетіледі кетип бара жатқан»

Провадник- Балалар қараңдаршы біз қай жерден өтіп бара жатырмыз?

Балалар- Орманнан

Провадник- Орманда қандай жануарлар өмір сүреді?

Балалар- Жауабы

Провадник- Оларды қандай жануарлар деп айтамыз?

Балалар- Жабайы жануарлар

Провадник- Ендеше олардың аттарын атайық

«Слайдтан аңдардың суреттері шығады»

Балалар- Балалардың жауабы

Провадник- Балалар айтыңдаршы осы аңдар қайда мекендейді?

Балалар- Балалардың жауабы

Дидак/ойын- «Аңдар қайда мекен дейді?»

Провадник- Балалао өте дұрыс таптыңдар біздің отарбамыз тоқтап Ақтау қаласынада келдік .Ал енді біз ауылымызға немен жетуге болады?

Балалар- Автобуспен

Тәрб; Одан басқа тағы немен жетуге болады?

Балалар- Балалардың жауабы

Тәрб; Балалар біздің ауылымыздың шетінде не орналасқан?

Балалар- Теңіз

Тәрб; Теңіздің аты қалай аталады?

Балалар- Каспий теңізі

Тәрб; Балалар біздің ауылға жаңғыз таксимен,автобуспен ғана емес кемеменде жетуге болады.Кеме қандай көлік түріне жатады?

Балалар- Су көлігіне жатады

«Слайдтан кеменің суреті шығады»

«Кеме капитаны сөйлейді»

Капитан- Сәлеметсіздерме балалар мен кеме капитанымын менің кемеме қош келдіңіздер,менің кемемде отырған балалар менің берген тапсырмамды дұрыс орындауы керек.

Дид/ойын- Балықтарды орналастыр

Мақсаты;1 плак теңіз-2 плак аквариум ортада араласып турған балықтарды ажырату.

Капитан- Балалар өте жақсы сендер балықтарды ажыратып білесіңдер екен.Міне өзіміздің ауылымызғада келіп қалдық.Біздің ауылымыз қалай аталады?

Балалар- Құрық кенті

Тәрб; Ал біздің балабақшамыз қалай аталады?

Балалар- Болашақ балабақшасы

Тәрб; Балалар сендерге саяхат ұнадыма?

Балалар - Ия ұнады

Тәрб; Сұрақ жауап арқылы ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Өте жақсы олай болса осымен біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әркетіміз аяқталды сауболыңдар!





© 2010-2022