Қазақ тіліндегі ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті Қазына аралына саяхат (Мектепке дейінгі ұйымның ересек тобы)

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қазына аралына саяхат»

Муханбетова Фая Өтепбергенқызы.

№46 «Ақжайық» бөбекжайының алғашқы компьютерлік

сауаттылыққа үйрету пәні мұғалімі.


Қазіргі ақпараттану ғасырында алғашқы компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнін енгізудің бүлдіршіндердің танымдық, логикалық ой-қиялдарын дамытудағы маңызы өте зор. Сонымен қатар, қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы алдымен бүлдіршіндердің тануға деген қызығушылығын, білуге деген белсенділігін арттырып, қол саусақтарының жетілуін қамтамасыз етуге болады.

Осы мақсатта өз тәжірибемнен оқу іс-әрекетін ұсынамын.

Құзыреттілікке жеткізетін оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық:

Балаларға заттардың пішіндерінің қасиеттерін және компьютер құрылғыларын ажырата білуді үйрету, ақпарат көздерін іздеуге баулу, өз әрекетінде ақпаратты өңдеу, талдауды меңгерту.

Ә) проблеманы шешу:

Заттарды түстеріне қарай анықтауда кездесетін проблемаларды өз бетімен шешуге үйрету, баланың өзіне деген сенімділіктерін арттыру, логикалық, образды және жүйелі ойлауға тәрбиелеу

Б) коммуникативтік:

Заттардың қасиеттерін пайдалана отырып, балалардың өз бетімен жұмыс жасай алу қабілетін дамыту, қол саусақтарының қызметін жетілдіру, әр іс-әрекетін сауатты түсіндіруге, мұғалім мен топ мүшелерімен қарым-қатынас орната білуге үйрету.

Әдісі: әңгімелесу, проблемалық, салыстыру, ұғымды анықтау және түсіндіру, негізгіні бөлу, интерактивті оқыту әдістері.

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:топтық оқыту, интерактивті оқыту технологиясы, ақпараттық коммуникациялық технологиялар.

Қостілдік компонент: ұшақ - самолет; саяхат - путешествие; арал - остров.

Пәнаралық байланыс: қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, сурет салу, мүсіндеу.

Оқыту құралдары:

Техникалық:компьютер, интерактивті тақта,видеопроектор, қаламдар;

Программалық: MS Windows операциялық жүйесі, ActivStudio, Media Player;

Дидактикалық:флипчарттар, видеоролик т.б.

Әрекет кезеңдері:

  • Амандасу;

  • Шаттық шеңбері;

  • Таңғажайып сәт;

  • Қауіпсіздік ережесі;

  • Компьютерлік әліпби;

  • Компьютерде жұмыс істеп үйренеміз;

  • Сергіту сәті;

  • Компьютермен бірге дамимыз;

  • Күтілетін нәтиже.

Шаттық шеңбері:

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап....

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел, қосылып айтайық бір-біріңізге...

Балалар: Сәлем!

І. Мотивациялық қозғаушы - ой қозғау.

Балалар, бүгін біздер ұшақпен алыс сапарға шығамыз.

«Қазына аралына» барғыларыңыз келе ме?Ендеше, алдымен сапарымыздың жол-сызбасын қарап алайық.

Компьютер әлемінен қазына әлеміне тартқан сапарларыңыз сәтті болсын!

ІІ. Компьютерлік әліпби.

  1. Қауіпсіздік ережесін есте сақтайық!

Алдымен балалар, қауіпсіздік ережесін қайталап алайық.

(тақтада түрлі пішіндер орналасқан, балалар олардың атын, түсін атайды, арғы жағында тығылған суреттегі қауіпсіздік ережесін айтады.)Бірге ұшайық, балалар!(әр кедергіден өткен сайын ұшақ қазына аралына жақындай түседі).

ІІІ. Рефлексифті - коррекциялаушы.

Компьютермен бірге дамимыз!

  1. Компьютер құрылғыларын көрсетіңіз.

Жаңа заман құрылғыларының ішінен компьютер құрылғыларын табу керек. (Үстінен шерткен кезде дұрыс болса орнында тұра береді, қате болса флипчартта жоғалып кетеді.)

ІV.Компьютерде жұмыс жасап үйренеміз!

  1. Шеңбер пішіндес бейнелерді жина.

(Күн, сандық, сағат, ұшақ суреттері қойылған, ішінен шеңбер пішіндес бейнені тауып, ортаға тартқанда кері қашып кетсе, жауап қате болғаны, ал орналасып тұрса, жауап дұрыс болғаны).

  1. «Компьютерлік домино» логикалық ойыны.

(Компьютер құрылғыларын жұптап орналастырған кезде, бір пішін құрастырылуы қажет).

«Қазына аралына» жеткен соң, «Алтын сандықты» іздеп табады. (лупаның көмегімен).

Балаларды ынталандыру ретінде «Алтын сандық» ішіне алтын конфеттер салып

үйлестіремін.

  1. Күтілетін нәтиже.

Нені біледі:түстер қасиеттері мен пішіндер түрлерін, компьютер

құрылғыларының қызметін біледі.

Қандай түсініктерді игереді: қазына аралына жету үшін ұшақпен саяхатқа

шығуды, кедергілерден өту арқылы аралға жақындай түсуді, алтын

сандықты ашу үшін тапсырманы орындау қажеттіліктерін түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: алға қойған мақсатқа жетудегі

кедергілерді тапқырлық пен білімнің арқасында жеңуге болатындығын

меңгерді, логикалық ойындардың шешімін тапты.

Қорыта келе, балалар компьютерлік тапсырмаларды орындауда қызығушылық қана танытып қоймайды, ақыл мен білімді көп қажет ете бастайды. Ал, компьютерде жұмыс жасау арқылы бала компьютер құрылғыларымен жұмыс істеп үйренеді, саусақтары жетіледі. Осылайша, кішкене бүлдіршіндердің танымдық, логикалық, интеллектуальдық қабілеттерінің дамуына жол ашамыз деп ойлаймын.

Орал қаласы.


© 2010-2022