Открытый урок дошкольного образования на тему Жеті лақ (ертегісі)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру:таным, қатынас, денсаулық, әлеуметтік орта, шығармашылық.

Бөлімі:қоршаған орта, тіл дамыту, экология, сенсорика, құрастыру, түрлі жаттығулар.

Сабақтың тақырыбы: «Жеті лақ» ертегісі

Сабақтың мақсаты:Балаларды сөйлеуге баулу,сөздік қорын молайту, көркемдік талғамын,қимыл-қозғалысын жетілдіру,табиғатты аялауға, сүюге баулу, көркем сөздермен тілін ұстарту, пішін, көлемін, түр-түсін ажырата білуге үйрету, жан-жануарларды ажырата білуге, олардың дыбыстауын,дене мүшелерін ажырата білуге, дұрыс атауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:жылқы, сиыр, ешкі, қой, құлын, бұзау, лақ, қозы, қасқыр.

Дамытушылық:балалрдың ойлау қабілетін,қиялын,есте сақтау,түсіну,сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:мейірімділікке, өзара достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:үй жануарларының суреттері, ойыншықтардың суреттері, балалардың лақтар бас киімдері, орман бейнесі, гүлдер, конверт.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, тиянақтау, бекіту.

Сабақ түрі:қорытынды сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар топқа лақтар сияқты секіріп кіріп, орманға ешкі анасымен саяхат жасап келеді, қонақтармен амандасады.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

2.-Өте жақсы лақтарым, орман қандай әдемі,қараңдаршы. Не көріп тұрсыңдар? Ия, ағаштадың жапырақтарының түсі қандай?

Кәнекей бәріміз жайғасып отырайық. Таза ауамен тыныстап көңілді отырайық. Балалар, айналаларыңда не көріп тұсыңдар? Әрине ағаштар қандай? Түстері қандай? Биік пе аласа ма?

Қасқыр:- Ой,қандай олжа десеңші! Мен мына лақтады үйіне барып жейін десем, олар орманда жүр екен ғой. Мына лақтар орманда неғып жүр?

Ешкі:- Әй,қасқыр, менің лақтарыма тиме, біз орманда серуендеп жүрміз. Сен не іздеп келдің?

Қасқыр:- Қасқыр не іздеп келуші еді? Сендерді іздеп келдім. Қарнымның шұрылдап тұрғаны- ай… Қазір мына лақтарды жеймін.

Ешкі: Жоқ... сен лақтарды жеме...

Қасқыр: Олай болса маған мына тапсырмаларды орындаңдар...сонда мүмкін райымнан қайтармын...

Ешкі:- Әрине, ол қандай тапсырмалар?

1 тапсырма:Қандай ертегілерді білесіңдер?Оларды атаңдар?

-Дұрыс, Үш аю. Лақтарым, айтыңдаршы Үш аюдың үйіне кім келеді? Машенька кірген кезде үстелдің үстінен не көреді?Үш тостағанша: үлкен, орташа, кішкентай. Машенька қандапй төсекте ұйықтап қалады?

-Мынау қандай ертегі, қараңдаршы?Алтын жұмытқаны ата мен әжеге не сыйлайды? Үстелдің үстіндегі жұмыртқаны не жарды?

-Келесі ертегі қандай ертегі? Әрине,шалқанды кім өсірген? Атаға шалқанды тартып алуға кімдер көмектесті?

-Ал енді, келесі ертегі қандай ертегі? Бауырсақты кімдер пісірген? Орманнан бауырсақ нелерді кездестіреді? Ал енді бұл жануарлар қандай жануалар? Дұрыс айтасыңдар, әне онда жабайы жануарлар туралы тақпақтарымызды айтайықшы.

Азамат: Аю жүрген орманда

Жидек тере барғанда

Аю отыр гүрілдеп

Жарамайды мұның деп.

Ажар: Мына тұрған қояным

Алдына жем қоямын

Құлағы оның ұзын-ақ

Өзі бірақ қорқақ.

-Бәрекелді !!! Енді біз шаршап қалдық.Қанекий сергіту жаттығуын орындайықшы.

Сергіту жаттығуы:

Орнымыздан тұрайық

Қолымызды созайық

Бір отырып,бір тұрып,

Біз тынығып салайық.

2 тапсырма:Үй жануарларын төлдерімен бірге ата,олар қалай дыбыстайды?

-Мынау қандай жануар? Кәне,атай қойыңдар. Төлін қалай атаймыз? Қалай дыбыстайды? Жылқы бізге не берді?

-Кім үй жануарлардың төлдері туралы тақпақ айтып береді?

Аллажар:Шөре,шөре лағым

Тентек болма шырағым

Секеңдемей деміңді ал

Селтеңдетпей құлағың.

Айдана: Мөө-мөө деген әні бар

Үй маңынан табылар

Ойқастаған бұзауым

Ойнақтаған жануар.

Дарын:Құлын,құлын құлыншақ

Желпілдейді тұлымшақ

Маңдайында жұлдызы

Құйрығында құндызы.

-Келесі суретте не көріп тұрсыңдар?

-Ал енді лақтарым, қарайықшы ағаштардың жанында не көресіңдер? Ия,үйдің қандай пішінді? Терезесі қандай пішінді? Ал енді үйдің қасында не көріп отырсыңдар? Мысық пен ит қандай жануарлар?

-Үй жануарлар.

Жантөре:Ақ мысығым әдемі

Жүні үлп-үлп етеді

Өзі сондай сүйкімді

Сүтті жақсы көреді.

Бекзат:Абалап үремін

Үй қорып жүремін

Адамның ең жақын

Досының бірімін.

Пішіндер мен түстерін ажырат(үйдің суреті)

Ойын «Қасқыр мен лақтар»

3 тапсырма:Қандай ойыншықтарды жақсы көресіңдер?Ал енді тапсырмамызда қандай ойыншақтар берілген екен?

Аружан:Әй қуыршақ,қуыршақ

Жуынбайды жуынсақ

Беті қолдың батпағын

Елең қылмай жатқаның

-Қашан адам боласың?

Диас: Добым,добым домалақ

Тоқтамайсың домалап

Үстел үстін бүлдірдің

Тәрелкені сындырдың.

Қасқыр:Ой, балалар,сендер қандай ақылдысыңдар. Мен енді уәдемде тұрайын! Ия,лақтардың тым ақылды екен...мен енді бос қайтатын болдым...

Ешкі:-Әрине солай, енді біз дос болайық! Олай болса «достастық» биін билейік. Дос болайық,тату болайық!!!

Би «Достастық»

Ешкі:-Олай болса жүріңдер үйге,қарындарың ашқан болар. Серуенде жүріп қарындарың ашқан болар.. Кәнекей,қонақ болыңдар



© 2010-2022