Классный час на тему Айналайын анашым

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 жүргізуші: Хош келіпсіз,ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазыңдай құлпырған,

Алаңсыз бақытты балалар!

2 жүргізуші: Бәрі де,ана,бір өзіңнен басталады

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де апа,

Бір өзіңнен басталады.

1 жүргізуші: Аяулы аналар,кішкентай арулар мен қымбатты ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8- наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға амандық,жүздеріңізге нұр,өмірлеріңізге сәттілік тілейміз. Бүгінгі арайлап атқан таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі кешіміз аналарға арналады.

Асель : Гүл-гүл жайнап бәріміз,

Кірді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен

Құттықтаймыз бәріміз.

Арай : Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы,

Біздің үйдің жылуы

Анамыздан тарайды.

Назым : Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсақ шаттанған

«алтыным » деп мақтаған,

Айналайын ақ анам.

4 оқушы: Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам,ақ анам.

Сені көрсем қуанам

Сен керексің қайда да,

Жүре берші қасымда,

Әйбат мамам, ақ анам!

Айнұр : Аялаған, саялаған

Бар бақытым,берекем

Апатайым,құттықтаймын

Бүгін сенің мерекең.

Асель : Өнерлі боп өсеміз

Өмір сырын шертеміз

Өсіріп ой-сананы

Қуантамыз ананы.

Айару: Ана - біздің гүліміз

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүреміз

Хормен : Түнде сергіп жатпаған

Күндіз тыным таппаған,

Бізсіз тағам татпаған

Айналайын ақ мамам!

Ән «Ақ мамам»

1 жүргізуші: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге,

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріңе.

2 жүргізуші: Сүрінем деп ойламайды бүлдіршін

Тек әжесі қасыңда оның бір жүрсін

Әжесі оған - жығылмайтын Алатау

Әжесіне құлмайтын бұл бір шың.

1 жүргізуші: Расыңда да,Әже мен немере бір-біріне өте жақын екі адам. Екеуі бір-бірінсіз жүрмейді.Бірге шай ішеді,құпиялары да бір.Міне бүгін де немерелерін ертіп келіп отырған әжелер де бар ортамызда. Осындай ақ жаулықты әжелерімізге де балалардың дайындаған ән мен өлеңдері бар екен.

5 оқушы: Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.

Асель : Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді ол кісі,

Қандай ғажап күлкісі

Назым : Сөзімді дұрыстайтын - әже

Айқайлап ұрыспайтын - әже.

Қыдырса ерте кететін - әже,

«Алысқа кетпе»дейтін - әже.

Хормен: Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжелерді құрметтеп,

Әдеппен бас иеміз.

Ән : «Әжетайым»

© 2010-2022