Ашық сабақ Геометриялық пішіндермен танысайық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Санау дағдыларын арттыру. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдығы: слайдтар, интерактивті тақта, геометриялық пішіндер,магнитті тақта.

Шаттық шеңбері

Күндей жарқырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жайнап

Судай таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Иә, қазір қыс мезгілі екен.
Далаға қарайықшы, дала қандай кейіпте?
- Күн суық, айнала аппақ қар, жылы киінген балалар.
- Қармен ойнаған сендерге ұнай ма?
- Қыста қандай ойын ойнағанды ұнатасыңдар?
- Жақсы балалар, қыс келді деген ше, қыстың қызықты ойындары да басталады екен.
Мысалы: Аққала тұрғызу, коньки,шаңғы тебу, шанамен сырғанау.
Қане балалар бәріміз бері қарайықшы. Бүгін мен топты жинап жүріп бір қорапша тауып алдым . Оның ішінде не бар екен ашып көреміз бе? Сиқырлы қорапшаны ашайық ішінен не шығар екен?

-Мә балалар мына заттар қандай заттар?

-Геометриялық пішіндер.

-Қорапшаның ішінен геометриялық пішіндерді алып көрсетеді де осы пішіндер туралы жұмбақ жасырады.

Жұмбақтар
1.Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,
Менің атым- (дөңгелек)
2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,
Бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
3.Теледидар таныс екен баршаға,
Ал, пішіні ұқсайды ғой (шаршыға).
- Сиқырлы қорапшаның ішінде неше түрлі пішіндер бар екен. Қане, кім маған пішіндерді атап береді?
- Дұрыс айтасыңдар, ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек екен.
- Балалар, барлығымыз ауада осы пішіндерді жасап көрейікші.

Көңілді әуеннің ойнауы арқылы ауада пішіндерді жасайды
- Үшбұрыш, ал мынау - төртбұрыш, ал мынау - дөңгелек.
Пішіндерді атайды . Тәрбиешіге қарап, айтқандарын қайталайды.
Балалар, бүгін біз "Сиқырлы пішіндермен" танысамыз.

Пішіндер өздерін таныстырады:
Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын

Домалақпын, домалақпын
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты

Шар сияқты домалақпын.
Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, соны қарайық:
- Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек жатады екен.
Ойын: «Жоғалған пішінді тап!».
Мазмұны: тақтада үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер ілулі тұрады. Балаларға көзін жұмғызып, бір пішінді алып тастаймын. Балалар көзін ашып қай пішін жоқ екенін айтады.

Тапқан пішіндерін сипаттап береді.

- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық.
-Төртбұрыштың түсі қандай?Көк
- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштары мен қабырғаларын санайық.
Үшбұрыштың түсі қандай екен?Қызыл
- Жақсы, менің қолымдағы қандай пішін екен?
- Менің қолымда ұстап тұрған пішін дөңгелек екен. Пішіннің түсі қандай?
- Иә, оның түсі сары екен.

Өте тамаша балалар ойынды жақсы ойнадыңдар.

Сергіту сәті.
Балалар осы геометриялық пішіндерден әр түрлі заттарды құрастыруға болады.

Ендеше балалар қане бәріміз осы геометриялық пішіндерден әр түрлі заттарды құрастырайық. Топтасып жұмыс істейік.

Шыршаны,аққаланы,үйді,үшбұрышты,төртбұрышты ,дөңгелекті.
- Өте жақсы, жарайсыңдар!

«Кім тапқыр?»
Балаларға логикалық тапсырмалар беріледі.
1. Табақта бір алма,
Қолымда екі алма.
Барлығын қосқанда,
Шығады неше алма? (3)
2. Үш алмұрттың біреуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (2)
3. Ақ балапан,
Сары балапан.
Шұбар балапан,
Қара балапан.
Барлығы неше балапан? (4)
4 Ағашта екі торғай бар еді, оның біреуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды? (1)
5. Құста неше тұмсық бар?(1)
6. Адамда неше көз бар?(2)
7. Үшбұрышта неше бұрыш бар?(3)
8. Қоянның неше құлағы бар?(2)

Тура және кері санау.
- Балалар біз санай білеміз бе?
- Қане олай болсақ санайықшы.

-1,2,3.
- Ал, енді осы сандарды кері санайық

- 3,2,1
- Ал енді балалар біздер санамақ білеміз бе? Қане кім айтады.

Санамақ айтуды ұсынады:

Бас бармағым -атам-үйдің данасы,

Балалы үйрек-әжем-ошақ анасы,

Ортан терек-әкем-отау панасы,

Шылдыр шүмек-анам-шаңырақ ажары,

Титтей бөбек-мен-бәрінің базары


«Қай пішінге ұқсайды» дидиактикалық ойыны

Тақтаға алманың ,үтіктің , теледидардың суреттерін іліп олардың қай пішінге ұқсайтынын сызықпен қосу арқылы көрсету.
- Балалар, бүгін біз қандай пішіндермен таныстық?
- Иә, бүгін біз төртбұрышпен, үшбұрышпен, дөңгелекпен таныстық.
- Төртбұрыштың неше қабырғасы, бұрышы бар, түсі қандай?
- Үшбұрыштың неше қабырғасы, бұрышы бар, пішіннің түсі қандай?
- Дөңгелектің пішіні, түсі қандай?
- Балаларды бағалау.
- Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет.
Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Геометриялық пішіндерді атауды: үш көлеміндегі заттарды дұрыс санауды.

Нені игереді:Геометриялық пішіндерден әр түрлі заттарды құрастыруды.

Нені біледі: Геометриялық пішіндерді бір -бірінен ажыратуды.







«Неге ұқсайды?» дидактикалық ойын.

Балалар пішіндерге ұқсас заттарды атаңдар.
- үшбұрыш, сәукеле, шырша, сәбіз.
- төртбұрыш, кітап, есік, терезе.
- Дөңгелек, күн, доп, қарбыз.
Өте тамаша балалар ойынды жақсы ойнадыңдар

геометриялық пішіндерден үшбұрышты, аққаланы ,шыршаны құрастыру.

Жұмбақ шешеміз

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан тұратын,

Тауып көрші сен оны. ( Аққала)

«Аққала» дидактикалық ойыны

Қорапшадан дөңгелек пішіндерді шығарып, аққала құрастыруды ұсынады.Жетекші сұрақтар қойып отырады:

-Мына пішінді қалай атаймыз?

-Неше дөңгелек алдық?

-Дөңгелектерді қалай орналастырдық?

Ойын: «Жоғалған пішінді тап!».
Мазмұны: тақтада үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша пішіндер ілулі тұрады. Балаларға көзін жұмғызып, бір пішінді алып тастаймын. Балалар көзін ашып қай пішін жоқ екенін айтады.
Ойын: «Пішіндерді топтау».
Мазмұны: Әр түрлі пішіндердің, заттардың ішінен бір бала дөңгелек пішіндерді, екінші бала үшбұрышты, үшінші бала төртбұрышты жинайды. Осылайшы іс-әрекеттің мақсатына жетеміз.





І.Үргенішбев атындағы орта мектебі



Ашық сабақ

«Геометриялық пішіндер»

/Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру/





Өткізген: Шағын орталық

«Ә» тобының тәрбиешісі: Н.К.Болыскей





2016 жыл

© 2010-2022