Разработка по казахскому языкуна тему Жаса жайна туған ел!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші:

Құрметті «Жұлдыз»балабақша ұжымы,ата-аналар кішкентай бүлдіршіндер.Ел Ордамыз Астана мерекесіне арналған «Жаса,жайна-Туған ел!»атты отбасылар сайысына қош келіңіздер!

Жаса жайна Астанам

Өркен жая бастаған

Асқақтай бер Астанам

Берекеге бастаған-дей отыра барлығымыз орнымыздан тұрып әнұранымызды орындайық.

Самсаған қара орманым-байтақ елім

Сынға сап сан жақсыны байқап едің

Еңсесін елдігіңнін биіктеген,

Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің -деп, Бас қаламыз Астананың тұған күніне арналған «Еркетай», «Күншуақ»тобының тақпақтарына кезек берейік.

Нұрислам:

Астанамыз сүйкімді,

Гүлдей жайнап құлпырды.

Қызықты болып барады,

Бір күннен-бір күні.

Миржан:

Нұр сыйлап қала көркіне

Тағып атып:Жер,Күнге

Тұр ғажайып ғимарат

Зор бәйтерек кейпінде.

Аделя:

Асем қала Астана

Ел қызыққан жас қала

Астана деп жазамын

Ақ параққа тағыда.

Мирас:

Інжу тастан өріп бір

Салған ғажап-көрік бұл

Салтанатын,сәулетін

Жаңа Астанамыз жайнап тұр.

Жүргізуші:

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кең ашқан

Тілейміз бебіт күн

Ашық болсын көк аспан-дей отырып, «Еркетай»тобының бүлдіршіндерінің орындауында хор «Мен Елімді сүйемін».

Астана мерекесіне арналған «Жаса,жайна-туған ел!»атты отбасылар сайысына ата-аналарымызбен,бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Өнердей ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Әбдіғалымовтар,Жумалиндер,Жалғасовтар,Кенжебаевтар отбасыларын ортаға шақырамыз.

Ал құрметті халайық

Жартысы енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын әділ қазы алқасымен таныстырып өтейін.

1.Бала бақша меңгерушісі:

2.Балабақша қоймашысы:Бақбергенова Кәмила

3.Балабақша тәрбиешісі:Кушкарова.Д

Спорттық сайсымыз бес балдық жүйемен бағаланады.Сайысымыздың бағыттары бес кезеңнен тұрады.

1 кезең: «Кім шапшаң»

Шарты:Кедергілердің арасынан өтіп мәреге жету.

2 кезең: «Кім епті»

Шарты:Бір резина есекпен,ата-аналар қапшықпен мәреге жету.

3 кезең: «Тез жет»

Шарты:Кедергілерден өтіп,себетке допты лақтыру.

4 кезең: «Абайла»

Шарты:Арқасына доп қойып жүгіріп отырып,мәреге жету.Доп түсіп қалған жағдайда баласы допты қайтадан арқасына салады.

5 кезең: «Кім күшті»

Шарты:Арқан тартысу.

Құрметті сайскерлер сайысымызды бастайық.

«Жұлдыз»-тобын ортаға шақырайық

Ұраны: «Бәріміз біріміз үшін»

«Тұлпар»-тобын ортаға шақырайы

Ұраны: «Біз әрқашан мықты»

«Арман»-тобын ортаға шақырайық

Ұраны: «Біз шымыр сергек денеміз,

Өнер сүйер өренбіз»

«Сұңқар»-тобын ортаға шақырамыз

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-деп сайыскерлерімізді қорытындысын шығаруға әділ-қазыларымызға уақыт береміз.

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген

Күміс көмей аруға

Кімдер басын имеген-деп «Еркетай»тобының қыздарының орындауында «Бақа»биін тамашалаңыздар.

Ендігі кезекте «Балапан»биін ортаға шақырамыз.

Сайысымыз қорытындылап,бағалауға әділ-қазы алқасымен ортаға шақырамыз.

Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы осымен Астана мерекесіне арналған «Жаса,жайна-туған ел!»атты отбасылар сайысымыз аяқталды.Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!



© 2010-2022