Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің Тақырыбы «Ғажайып аралға саяхат»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің

технологиялық картасы

Білім саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметік орта»

Кіші сала: Математика.Сауат ашу.Тіл дамыту.Экология

Тақырыбы: «Ғажайып аралға саяхат»

Мақсаты:Қарапайым зерттеу түрлерін жасауға үйрету.Көлік түрлерін,олардың қажеттілігін біліп,қандай мақсатта пайдасы бар екенін білу.Сандарды танып,сан құрамын есептеп,шығаруға және салыстыра білу дағдыларын жалғастыру.Сауат ашудан дыбыстық талдауға, сөз құрастыруға үйрету.Еркін сөйлеуге,өз ойын толық айта білуге жаттықтыру.Жаңа технологияларды жас шамасына сай меңгеріп, жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.суретпен әңгіме құрастыруға,өздерінше жандандырып сөздік қорларын арттыру. Бастаған істерін аяғына дейін жеткізіп, өз жетістіктерін бағалай білу.

Билингвалдық компонент:көңіл-күй-настроение,арал- остров, зерттеу- исследование.

Сөздік жұмыс: Воскобовичтің «Геоконт» тақтайшасы,мнемокесте.(ӨТШТ,игровизор)

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық ізденіс

Балалар ,мен бүгін сендердің көңілді жүздеріңді көргеніме өте қуаныштымын.

Арттарыңа бұрылып қараңдаршы бізге көп қонақтар келіпті

Қонақтармен амандасу

Енді біздің қонақтарымыздыңда жүздерінде қуаныш пайда болғандай

Есік қағылады.

-Бұл кім болды екен.

Кезекші хат әкеледі.Бізге хат әкеліпті

Ол кімнен болды екен, оқиын

Тақтадағы хабарламаны оқиды.

«Қымбатты балалар!

Мен білім ханшайымымын.

Сендердің ғажайыпты жақсы көретіндеріңді білемін.Сондықтан сендерді ғажайып аралыма қонаққа шақырамын.Бірақ алдарыңда түрлі сынақтар болады,сынақтан өтсеңдер менің қымбат қазынама ие боласыңдар!

Шеңберге жиналады

Бір біріне қарайды

Амандасады

Қайырлы таң,сәлеметсіздерме

Жүздерінің күлімдегендерін көріп қуанады



Таңқалысып қарайды

Тәрбиешінің айтқанын тыңдап,құлақ түреді

Хатты мұқият тыңдайды

Сынақтан өтіп,қазынаны табуға дайындықтарын білдіреді


Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалар, арал деген қандай болатынын білесіндер ме?

Балалар арал деген судың ортасында орналасқан жер.

Жан жағын су қоршап тұрады

Оған немен бару керек екен,сондықтан көлік түрлерін есімізге түсірейік

Егер арал суда болса қандай көлікпен баруға болады деп ойлайсыңдар?

Аралға немен барамыз?

Ал, ендеше сол кемені

«Геоконт» тақтайшасына резенкемен құрастырамыз.

Ал суға біз батып кетпейміз бе екен?

Ендеше қауіпсіздік шарасы үшін мен сендермен қарапайым зерттеу жұмысын жасауға шақырамын

Зерттеу

Алдарыңда стақанда таза су

Судың түсі қандай?

Судың пішіні бар ма?

Бірінші суға пластмасса затты салып көрейік

Суға батты ма? Неліктен

Ағаш затты салып көрейік

Суға батты ма? Неліктен?

Темірді салып көріңдер Суға батты ма? Неліктен?

«Кеменің көп бөлігі ағаш пен пластмассадан жасалады екен

Енді қорықпай жолға шығуға болады.

Кеменің капитанын таңдап алуымыз керек,кім лайықты екен

Онға дейінгі тура санау

Каюталарыңа отырыңдар. Онда тәртіпті сақтау керек

Арал көрінген сияқты

1-арал «Математика» аралы

Бұл аралдың тапсырмасы:

«Есептеп шығар және салыстыр »

Ойын: «Есіне сақтап қал»

Тақтадан жемістердін санын есіне сақтап қалады.сосын оны өздері жазады.

Арал көрінді

Аралдың тапсырмасы:

2- арал «Сауат ашу»

Санды ретімен орналастырып, сөзді табады.Оған дыбыстық талдау жасайды.Екінші тапсырма берілген буыннан , сөз құрастырады.



Сергіту сәті

3. «Тіл дамыту» аралы

1)Мнемокестемен жасырылған сөзі табады. «Қасқыр», «Сиыр» үй жануары мен жабайы жануарлар жайлы әңгімелейді

2)Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Ойын: «Жақсы - жаман»

Біз сендермен жақсы әдеттер мен жаман әдеттерді білеміз.Қазір кімнің қолына қызыл белгіні берсем, сол жаман қылықтарды, ал жасыл белгіні берсем, жақсы әдеттер мен қылықтарды айтасыңдар.

4. «Сиқырлы арал»

Сиқырлы ғажайып аралға келіп жеттік

Мұнда жұмбақ жасырған екен.Сол жұмбақтың шешуін тапсақ, қазынаны табады екенсіндер.

Жұмбақты мұқият тыңдандар.

Кіруге адам батпайды

Затыңды аман сақтайды

Білім ханшайымы схема тастап кетіпті,сол бағыт бойынша жүрсек қазынаны табамыз

Міне балалар ханшайымның қазынасын алдық

Міне балалар ханшайымның қазынасын алдық

Енді кері санау арқылы тобымызға оралайық



Айтқанды тыңдап,аралдың орналасқан жерін біледі



Көліктерді атайды

Машина,велосипед,автобус,

трамвай, мотоцикл,ұшақ,тік ұшақ,қайық,кеме

-кемемен

Кемені құрастырады.

Жасалу жолын түсінеді

Қауіпсіздік шарасы жайлы түсініп,зерттеуге барады

Үстелдеріне жақындап,қарайды

Судың түсі мөлдір

Суда пішін болмайды

Затты салады,бақылайды

Батпады,өйткені ол жеңіл

Суға салады,батпады Ағаш жеңіл және ағашта ауа болады

Темір затты салады,батты

ол ауыр,онда ауа болмайды

Жолға шығуға дайындықтарын айтады

Араларынан лайықты баланы таңдайды

санайды

Орындарына отырады

Тақтаға қарайды



Тапсырманы мұқият қарайды.

Алдарында тұрған тапсырманы орындайды.

Есепті шығарады,салыстырады

Тапсырманы орындайды.

Тапсырманы мұқият тыңдап.

«Құстар», «достар» сөзін құрастырады, дыбыстық талдау жасайды.

«Ба», «Са» буынынан сөз ойлап, құрастырады.

Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Жасырылған жануарды табады, оны сипаттайды

Кесте бойынша сөйлем құрастырады.

Жақсы және жаман әдеттерді сурет бойынша әңгімелеп береді.

Қызыл түс болса: үлкенді тыңдамайды, ағашты сындырады, құстың ұясын бұзады т.б. жасыл түс болса: үлкендердің сөзін тыңдайды, табиғатты қорғайды, автобуста ата-әжелерге орын береді, ағаштарды суарады т.с.с

Тақтаға назар қояды

Аралға келгендеріне қуанып,таңырқайды



-сандық

Бағыт бойынша жүріп сандықты табады

Бір бала шығып, сандықты алып келеді.

Балалар кері санайды

Рефлексивті-коррекциялау

Біз қайда бардық?

Онда қандай қазына таптық?

Енді бүгін өздеріңнің еңбектеріңе сай жұмыстарыңды бағаларынды алдындар.Жарайсындар!

Ғажайып аралға

Кітап

Ханшайымнан алған жұлдызшаларға мәз болып, қуанады

Күтілетін нәтиже:

Қауіпсіздік ережелерін, көлік түрлерін, сегізге дейінгі сандарды салыстыру,теңдеуді шығаруды және дыбыстық талдауды ұғынады

Сегізге дейінгі сандар,сан құрамы, туралы түсінігі түсінеді

Жұмыс барысында Васкобович тақтайшасасы «Геоконтты», мнемокестені қолдану











«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі» ММ





Тақырыбы:



«Ғажайып аралға саяхат»


Мектепалды даярлық сыныбы













Тәрбиеші: Жаппасбаева Г.Б






Қостанай қаласы



© 2010-2022