Ғажайып математика внеклассное мероприятие

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Білім саласы:Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Тақырыбы: «Ғажайып математика»
Мақсаты: 5көлемінде сандық есептеуге үйрету.Сандарды тура және кері санау,балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, ойлауға ауызша қосып-алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап,түстерді ажыратуға,қарым-қатынас, көмек көрсету,сыйластықты қалыптастыру.Балаларды тапқырлыққа, ізденпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі:түсіндіру,сұрақ-жауап,тынығу сәті, «Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны, жұмбақтар.
Көрнекіліктер:суреттер,кілем,шар,геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар.
Жылулық шеңбері.
-Қане,балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
-Балалар,мынау ненің суреті? (күннің)
-Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
-Таңертен тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
-Кәне бізде қайырлы таң тілейік.
-Қайырлы таң көздерім,сендер ояныңдар!!!
-Қайырлы таң құлақтарым,сендер ояныңдар!!!
-Қайырлы таң саусақтарым,сендер ояныңдар!!!
(Балалар көздерін,құлақтарын уқалайды,қолдарын шапалақтайды.)
-Жарайсыңдар балалар,бүгінігі күніміз жақсы болсын,орнымызға отырайық.
-Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу іс-әрекеті.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
-Балалар,мен сендерге құр қол келген жоқпын.
Мына шарларды ала келдім.
Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші:
-Бір жылда неше жыл мезгілі бар? (төрт мезгіл екенін айтады.)
-Кәне,атап шығайық. (қыс,көктем,жаз,күз)
-Иә,бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Сұрақ:
Ақ шарды көрсету.
-Мына шардың түсі қандай? (Ақ)
-Бұл шардың түсі қай жыл мезгілін білдіреді? (Қыс )
-Қыста жер қандай болады? (ақ)
Сары шарды көрсету.
Бұл шардың түсі қандай? (сары)
-Бұл қай жыл мезгілін білдіреді?(күз)
-Неге күз мезгілі? (Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі)
Жасыл шарды көрсету.
Бұл шардың түсі қандай? (жасыл)
-Бұл қай жыл мезгілін білдіреді? (көктем)
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.Көктемде ағаштар бүршік жара бастайды.
Қызыл шарды көрсету.
Бұл шардың түсі қандай? (қызыл)

-Бұл қандай жыл мезгілін білдіреді? (жаз)
Жазда гүлдер қызыл түске боялады.
-Балалар түстерді білдік,енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне,шарды кім жарады? (Бір бала келіп шарды жарады)
Балалар,бізге тапсырмалар берілген,осы тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып математик» еліне саяхатқа барамыз.
1-тапсырма: 1-ден5-ке дейін тура және кері санау.(екі тілде санау)
2-тапсырма: Дидактикалық ойын:
1.Сандардың көршісін табу. .....2....., .....4....., .....7......
2. «Жоғалған сан» 1.....3....5....7...9....
3-тапсырма: Логикалық есептер.
1.Дүкеннен анам 2допты алып келді,оның біреуін ініме бердім.Менде неше доп қалды? (1).
2.Қоянда неше құлақ бар? (2)
3.Қолда неше саусақ бар? (10)
4.Ағашта 5құс отыр,оның 2-уі ұшып кетті,ағашта қанша құс қалды? (3)
5.Себетте 2алма,табақта 3 алма қосқанда барлығы неше алма? (5).
4-тапсырма:Жұмбақтар.
1.Қабырғасы үшеу,
Бұрышыда үшеу. (Үшбұрыш)
2.Түзу оның бар ісі,
Қабырғасы,бұрышы,
Түп-түзу боп,қисаймай,
Ылғи осы тұрысы. (Шаршы)
3.Бұрыштарым жоқ менің,
Ішім әркез тоқ менің.
Ұқсаймын мен күнге де,
Тәрелкеге,гүлге де. (Дөңгелек)
-Үшбұрыш,шаршы,дөңгелекті екі сөзбен қалай атаймыз? (Геометриялық пішіндер).
Тынығу сәті: Геометриялық пішіндердің суреттерін көрсетіп,оларды санап,сонша рет қимыл
жасау керектігін айту.Мысалы: Үшбұрыш-үш рет отырып тұру.
Төртбұрыш-төрт рет секіру.
Дөңгелек-қол шапалақтау.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Балалар геометриялық пішіндерді ажырата білсек,енді «Ғажайып математика»еліне саяхатқа баратын кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық.
Қараңдаршы,балалар қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар.Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіндерден құралған (үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек)
Қорытынды.
Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық.
1-ден 5-ке дейін тура және кері санадық.
Жұмбақтар шештік.
Балалар,келесі оқу іс-әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика»еліне саяхатқа барамыз.
-Жарайсыңдар,балалар,бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.











© 2010-2022