Аппақ қоян отыр ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта

Жұма: 19.12.2015ж

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Аппақ қоян отыр» (заттық мүсіндеу)

Мақсаты: Жануарлардың мүсінін мүсіндеуге үйрету. Оның бөлшектерін даралап көрсету. Жануардың тұлғасының, басының, құлағының сопақ пішінін көрсету. Мүсіндеудің және бөліктерді қосудың тәсілдерін бекіту. Мүсіндеуге ынталыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұннан жасалынған тағамдардың суреттері, қуыршақ Әйгерім

Қажетті құрал-жабдықтар: Үлгі суреттер, ермексаз, тақтайша, ермексазды кесуге арналған құралдар, сүрткіш қағаз.

Әдіс-тәсілдері: Ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Билингвальдық компонент: қоян-зайка ақ тон-белая шубка іздер-следы

ақ қар-белый снег

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Топқа қонаққа қоян келеді. Ол қатты шаршағандықтан тыныққысы келетінін айтады.

Балалар қоянға қарайды. Онымен амандасады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші:

  • Отыр қоян сен қайдан келесің?

  • Мен қасқыр мен түлкіден қашып келдім.

  • Қорықпа кел отыр, біздер қазір мүсіндеу өткізгелі отырмыз, балалардың сен сияқты қояндарды мүсіндегенін қалайсың ба?

  • Әрине, қалаймын.

Тәрбиеші балалармен бірге қоянды қарап көріп, дене мүшелерін айтады.

Қоянда басы, денесі, аяқтары, кішкене құйрығы және басында ұзын құлақтары бар.

  • Бас қандай пішіне ұқсайды?

  • Ал, денесінің пішіні қандай?

  • Аяқтары қандай пішінге ұқсайды?

Тәрбиеші орындау тәсілін көрсетеді

  • Ең алдымен балалардың есіне ермексазбен жұмыс жасау ережесін түсіндіреді.

  • Қоянды мүсіндеу үшін, ермексаздың түсін таңдап алады.

  • Ермексаздың бір кесегін бірдей етіп үш бөлікке бөледі: бір бөлігі-денесі; екінші бөлігі-бас пен құлақтары; үшінші бөлігі-аяқтары мен құйрығы.

  • Бір бөліктен дөңгелек илейміз, содан соң оны ілгері-кейінді қозғалыспен сопақшаға айналдырамыз. Бұл пішін - денесі.

  • Келесі бөлікті дөңгелектеп, басын жасаймыз, қалған бөлігін екі бөлікке бөліп, сопақша пішінге келтіріп, аздап жаншып, құлақ жасаймыз

  • Ермексаздың үшінші бөлігін 5 кішкене бөлікке бөліп, 4 аяқ пен құйрық жасап денеге бекітеміз

  • Бөлшектерді мықтап жалғаймыз да, оларды сылап қоямыз

  • Бейнені ұсақ бөлшектермен: кішкене қара мұрын және көздермен толықтырамыз.

Орындау тәсілін бекіту

Біз нені мүсіндейміз? Бізге ермексаздың қай түсі керек? Қоянның құлақтарының ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін бе? Бөлшектерді неліктен мықтап біріктіру керек?

Сергіту сәті «Сұр қоян»

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Балаларға көрсеткен әдіс бойынша мүсіндеуді ұсынады.





Балалар дене мүшелерін даралап айтады.

Дөңгелек

Сопақша

Сопақша

Балалар қоян бейнесін мүсіндеуге келіседі.

Тәрбиешінің түсіндірген әдісі бойынша, балалар берілген тапсыраманы орындайды.

Жұмыстарын аяқтарына дейін жеткізеді.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау

Тәрбиеші балалардың жұмыстарын талдау, қоянға көрсету, көрмеге қою

Балалар өздері жасаған жұмыстарын қуанып, қоянға көрсетеді.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: берілген заттарды мүсіндеуді;

Игереді: әр түрлі пішіндегі заттардың бейнесін мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін;

Меңгереді: досыңа қиындықта көмектесу керектігін.



© 2010-2022