Ашық сабақ ол неден жасалған

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ









«Балдырған» екінші сәбилер тобы



Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Ол неден жасалған?»



Тәрбиеші:

А.Ш.Балапанова







2016 оқу жылы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Ол неден жасалған?

Мақсаты: «Ол неден жасалған?» сұрақтар қоя отырып, ойыншықтардың түрлерімен, олардың сапасымен, ойнау тәртібімен, онымен ұқыпты қатынас жасау жолдарымен таныстыру.

Көрнекіліктер: автобус, әр түрлі ойыншықтар, ойыншықтардың суреті.

Әдіс тәсілі:Түсіндіру, көрсету, сипаттау, сұрақ-жауап, саяхат.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс- әрекеті

1.Мотивациялық қозғаушы

Психологиялық дайындық:

Балалар шеңбер бойынша тұрады. Балалар қолдарынан ұстасып, бір- біріне күлімдеп, айтады:

Дөңгеленіп тұрайық

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық!

Бүгінгі күн сәтті болсын!

Балалар шеңберге тұрады.

« Бүгінгі күн сәтті болсын!» деп бірге айтады.Көңіл-күйлерін көтереді.

2.Іздену ұйымдастырушы















Сергіту сәті



















3.Рефлесівтік коррекциялаушы

Ал енді балалар бәріміз бірге «Ойыншықтар дүкеніне» саяхатқа барамыз. Дүкенге немен барсақ екен?

Онда бәріміз қолымыздан ұстасып, аялдамаға барайық. Міне, біздің автобусымызда келіп қалды. Бәріміз автобусқа мініп жайғасып отырайық.

- Балалар автобустың ішінде тазалық сақтайық, үлкендерге орын беруді ұмытпайық.

Тексеруші: Келесі аялдама «Дәріхана»

Тексеруші: Келесі аялдама «Ойыншықтар дүкені»

Тәрбиеші: Мінеки, біз ойыншықтар дүкеніне жетіп қалдық . Барлығымыз автобустан түсіп, екі-екіден қол ұстасып дүкенге кіреміз.

Балалар көрдіңдер ме қаншама ойыншық бар дүкенімізде. Мына ойыншықтардың бәрі әсем, әдемі балалар үшін жасалған.

Ойыншықтар пластмассалы, резиналы және жұмсақ ойыншықтар болып бөлінеді.

Мынау не?

Доптың түсі қандай?

Қәне біз допша секірейік

Жарайсыңдар балалар!

Балалар мында қуыршақ бар ма екен?

Қуыршақтың шашы, көйлегі де қандай әдемі қараңдаршы балалар!

Өздеріңе ұнаған ойыншықтарды таңдап алуға болады.

Дүкеншіге ақшамызды төлеп, автобусқа мініп бақшамызға қайтайық .

Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз,

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Аяқтармен топ- топ басып,

Орнымызға барамыз.

«Ойыншақтарды тап » ойыны

Ал енді біз дүкеннен сатып алған ойыншықтарды көрейык.

Мынау не?

Дұрус балалар бұл балапан ойыншығы бұл ойыншық резинадан жасалған.

Ал мынау не?

өте жақсы балалар бұл доп. Қарандаршы доп жұмсақ па? Дұрыс доп жұмсақ есес өйткені ол пластмассадан жасалған.

Ал мынау не?

Жарайсыңдар балалар дұрыс таптыңдар бұл аю. Аю жұмсақ па әлде қатты ма?

Ал енді балалар біз суреттермен жұмыс жасаймыз. Алдарыңда ойыншықтар тұр. Ал тақтада сол ойыншықтардың суреттері ілінген. Қазыр мен сендерге ойыншықтың суретін көрсетемін сендер маған ол қатты немесе жұмсақ екенін айтып бересіңдер жақсы ма?

Мынау қандай ойыншық?

Қәне, балалар доп қанда, ол қатты ма әлде жұмсақ па?

Ал, мынау қандай ойыншық?

Өте жақсы балалар бұл балапан қане көрейік балапан қатты ма әлде жұмсақ па?

Мынау не?

Ол қатты ма әлде жүмсақ па көріндерші балалар.

Дұрыс балалар аю ойыншығымыз өте жұмсақ екен.Осы ойыншықтардың жасау онай емес. Осының бәрі үлкен еңбектің апкасында жасалған.

Сондықтан балалар ойыншықтармен ойнаған кезде сындырмай ұкыпты ойнау керек.

-Балалар,сендерге ұнады ма сабақ?

-Сабақта сендер не істедіңдер?

-өте жақсы балалар енді қол ұстасып, бір-біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі сабақты аяқтай отырып қонақтармен коштасайық.

«Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,,

Көріскенше күн жақсы,

Сау - саламат болайық».

Қуанады.

Автобуспен

Автобусқа мінгендей болады.

Тыңдайды.

Автобустан түседі дүкенге кіреді.

Ойыншықтарға қарайды.

Тыңдайды

Доп

Қызыл

Допша секіреді.

Иә, бар!

Ұнаған ойыншықты алады.

Автобусқа мінгендей болады.

Қимыл-қозғалыстар жасайды.



Ортада тұрған үстелге жақындайды.

Балапан

Тыңдайды.

Доп

Жоқ доп қатты.

Тындайды.

Аю

Аю жұмсақ

Жақсы

Доптың суреті

Доп қатты.

Балапан ойыншығы

қатты

Аю

Жоқ ол өте жұмсақ



Иә

Иә өте ұнады

Ойыншықтар дүкеніне бардық, ойын ойнадық.



Күтілетін нәтиже:

Білу:ойыншықтардың түрлерін, сапасын білу.

Меңгеру: ойнау тәртібін, онымен ұқыпты қатынас жасау жолдарын меңгеру.

Жасай алу: суреттермен жұмыс жасай алу.



© 2010-2022