Шығармашылық саласы, Сурет ҰОІӘ Қуыршаққа арналған сақина

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қуыршаққа арналған сақина» Шығармашылық саласы, Сурет ҰОІӘ Қуыршаққа арналған сақина

Дюсенова Гаухар Серикбековна

«Қуаныш» балалар бақшасы -мектеп

білім беру комплексі» мекемесінің

тәрбиешісі. Семей қаласы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: «Қуыршаққа арналған сақина»

Мақсаты:Балаларды сақинаның дөнгелекке ұқсастығын тауып,соны сала білуге жаттықтыру. Сақинаны салуда бояуды сызықтың шеттеріне шығармай бояуды үйрету.

Міндеті: Балаларды сурет салуға қызығушылықтарын арттыру..

Сөздік жұмыс: Сырға,білезік, сақина

Құрал-жабдықтар: Сақиналар түрлері

Қостілділік компонент: Сырға-серьги , білезік- браслет, сақина - кольцо

Іс-әрекет

кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбер

Қуан,шаттан,алақай,

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң! Түндігін

Айқара ашты күн бүгін.

-Балалар, бізге қонаққа қуыршақ Сәуле келді.

- Балалар қуыршақтың қолдарыңда не бар?

Д/О «Домалақ заттарды ата»

Балалар бір-біріне мейірімді күлкі сыйлайды.


-сақиналар

Балалар тәрбиешіні тыңдап,

ойынға қатысады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

-Балалар,сақинаның пішіні қандай?

-Түсі қандай?

Сақинаны кімдер тағады? Не үшін?

Сақиналар қандай болады?

Тәрбиеші балаларға домалақ заттарды көрсетіп,оларды салыстырады.

Сергіту сәті:

Сыңғыр-сыңғыр сырғалар,

Құлағымда ырғалар.

Оң қолымда білезік

Сол қолымда білезік,

Саусақтарда сақина

Сана ,салып ақылға.

Тәрбиеші балаларға үлестірмелі материал таратылып беріледі.

Сақина салудың үлгісін көрсетеді.

Суреттерін салып болған соң бояу түрін ұсынады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Домалақ заттарды атайды,оларды салыстырады.

Өлен жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.


Балалар оң қолдарына қылқалам алып, ауада дөңгелектер мен сақиналарды салып жаттығады.

Таңдаған бояуларымен суретті бояуға кіріседі.

Рефлексивті -

түзеушілік

-Қонаққа кім келді?

-Не білдік?

-Қандай домалақ заттарды білесіңдер?

-Оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Сұрақтарға жауап береді.

Салған суреттерін салыстырып, талдайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: өз айналасында көптеген дөнгелек заттардың барлығын.

Қандай түсініктерді игерді: сақинаны әдемілік үшін тағатынын.

Менгерген дағдылармен іскерліктері: дөңгелек пішінді сақинаны салуды, оны жылы түспен бояуды.


© 2010-2022