На тему Өз Отанымды сүйемін 12 топ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өз отанымды сүйемін.

Құндылығы: «Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

- Отан, сүйіспеншілік, туған жер туралы түсініктерін кеңейту;

Ресурстар: қала макеттері, суреттер, аудиотаспа.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме балалар! Қандай керемет күн! Бір бірімізді көңілді әрі үлкен қуанышпен қарсы алу үшін мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.

Шаттық шеңбері

Алақан мен жылуды,

Айналаға таратайық,

Бір-бірімізге жақындасып,

Бақыт, күлкі сыйлайық.

Жүректі біз ашайық,

Бақыт нұрын шашайық.

Барлық жақсы тілекті,

Сіздерге біз арнайық.

Балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырған іс-әрекетіміз ерекше болмақ, себебі біз сендермен бүгін өз еліміз, Отанымыз туралы әңгімелесеміз.

Армандайық

Келіңдер балалар біздер өз Отанымызды еске түсірейік. Отанымыз туралы әңгімелесейік.

Балалар, біз қай елдің баласымыз?

- біз қазақ елінің баласымыз.

Біздің отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан республикасы деп аталады.

Еліміздің бас қаласы қай қала?

-Астана

- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінесіздер?

-Отан біздің атамекеніміз.

-отан біздің туылған жеріміз

Ал балалар, енді Отан дегенді, біздің үйдегі үлкендеріміз қалай түсінеді екен, тыңдайықшы.

Ата-аналардың пікірі:

*Атамекен - ол біздің туып өскен ауылымыз, қаламыз, ол біздің туған жеріміз.

*Атамекен - ата бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен.

*Атамекен аталарымыз, әжелеріміз аянбай күресіп, жауларға бермей қорғап қалған жері. Ол кең байтақ қазақ жері.

Сендер Қазақстан деген сөзді естігенде қандай сезім пайда болады?

Балалар келесі сөздерді атайды: Отан, жазық дала, елбасы, ту, елтаңба, алтын адам, домбыра, жайлау, шаңырақ, аАстана, Атамекен.

Балалар, сендер көптеген керекті және қымбат сөздерді атадыңдар.

Бірақ, солардың ішінде ерекше қымбат сөз бар, ол «Отан»

Отан

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, бағалап.

Өйткені,

Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Отан деген - Атамекен

Отан деген - туған жер

Отан - ана,

Отан үлкен

Қазақстан - туған ел.

Тыңдайық-ойланайық

Тәрбиеші балаларға Абылқасымовтың «Туған жер» әңгімесін айтып береді.

Енді ғана жасыл желек шыға бастағанда Анар өз ауылын сағынғанын байқады. Ауылда оның атасы мен әжесі және сүйікті иті Ақтабан қалған еді. Анар де үйдің алдындағы бақшаны еске түсіріп мұңайды.

Ол соңғы аптада әкесінен күніне төрт рет бір сұрақпен келе берді.

Әке көктем қашан келеді?

- күтетұр қызым тағы сәл уақыттан күн жылынады - деп анарды жұбата салды әкесі.

Міне, көктемде келді, Анарда ауылға жиналды.

Ауылға келген соң оны сүйікті атасы күтіп алды.

Атасы анардың келгеніне қуанып, бүгін мен Анардың туған жерімен таныстырамын -деді.

- Анар түсінбей-менің туған жерім қай жер? - деп таңдана сұрақ қойды.

- Ана теректің астында деп күліп жіберді атасы. Отыр қызым-мен саған сол жерді көрсетейін -деп аттың үстіне отыруды ұсынды.

Олар аттпен анау тұрған үндемес тауға қарай кетті.

Міне Анар осы таудың етегінде, теректің маңында біздің қыстағымыз болған. Біздер қиын қыстау уақыттарымызда осы жерде боран суық күндердің басылуын күткенбіз.

Осындай көктемнің шуақты күндерінің бірінде бізге қонаққа сенің анаң келген болатын. Сол күні сен дүниеге келдің.

Анаржан, ешқашан туған жеріңді ұмытпа, туған өлкең әрдайым ана секілді жомарт, өзін ұмытпаған адамға бар жақсылығын , мейірімін күшін сыйлайды. Анаржан осы менің өсиетімді ұмытпай, үлкен мықты қыз бол деп тілеймін.

- Ата, мен міндетті түрде ақылды , мықты қыз болып өсемін, осында сізге қонаққа келіп сізге көмектесіп тұрамын. Туған жерімді бар

жүрегіммен, бар тәніммен сүйемін деп сөз беремін- дей отыра туған жердің желіне қарсы жүгіре кетті.

* Балалар бұл әңгімеде туған өлке туралы қандай сөздерді естідіңдер?

* Адам өзінің туған өлкеге деген сүіспеншілігін қалай білдіреді?

* Неліктен туған өлкені анамен теңейді?

Балалардың жауаптары:

Жарайсыңдар балалар. Енді кім бізге Отан туралы тақпақтар оқып береді?

Көп аузынан түспейтін

Отан-деген немене?

Оның тұлға, түс, кейпін,

Достым, білгің келеме?

«Отан» менің ата-анам

«Отан» досым бауырым

«отан» өлкем астанам

«Отан» туған ауылым

Отан- тарих, Отан-тіл

Жасаған елің, өз халқың

Отан - өлкең, отан жыр

Көтерген көкке елхалқын

Қамқоршы саған да,

Оған да, маған да

Отандай қымбатты

Жер көктен табамба?

Жайнаған сансыз қаласы

Жайқалған жомарт даласы

Ер отан біздің кең байтақ

Отанның біздер баласы

Тәрбиеші: Балалар, көрдіңдер ме осы әсем тақпақ жолдарында қаншама Отан туралы жақсы сөздер айтылған, Отанды қандай жақсы сөздермен жеткізген.Отан-сенің ата-анаң, Отан-туған жер, Отан- Бұл Қазақстан Республикасы. Сондықтан біз Отанды жоғары бағалап, қадірлей білуіміз керек.

Ал енді Отан туралы мақал-мәтелдер білесіңдер?

Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.

Отан отбасынан басталады.

Отан оттан да ыстық

Отан үшін отқа түс күймейсің

Арың үшін алыссаң- өлмейсің

Отанын сатқан оңбас

Отаның тыныш-сен тыныш

Отансыздың оты жанбайды.

Алтын ұяң - отан қымбат,

Құт берекең -атаң қымбат

Аймалайтын -анаң қымбат

Асқар тауың - әкең қымбат

Бұлбұл гүлзарын сүйеді

Адал адам отанын сүйеді.

Ойын. «Жылы сөздер»

(балалар шеңберге тұрып отан туралы жақсы, жағымды сөздер айтады)

Менің отаным өте сұлу

Менің Отаным өте әдемі

Менің Отаным өте бай

Менің Отанымда өте ақылды адамдар тұрады.

Менің отанымда өте бауырмал адамдар тұрады

Менің Отанымда елдер тату тұрады

Менің Отанымның табиғаты тамаша!

Мен Отанымды мақтан етемін!

Тыныштық сәті:

- балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерімізді жұмып, туған еліміздің ауасын жүтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашсаңдарда болады.

1. Еліміз аман болсын!

2. Әр қашан күн күлім деп тұрсын!

3. Көк туымыз биік болсын!

4. Аспанымыз ашық болсын!

5. Әрқашан соғыс болмасын!

6. Күніміз жарқырай берсін!

7. Елбасымыз жасай берсін!

8. Табиғатымыз сұлу болсын!

9. Суларымыз-мөлдір таза болсын!

10. Балабақшамыздың шаңырағы биік болсын!

11. Болашағымыз жарқын болсын!

12. Астанамыз көркейе берсін!

Қорытындылау

Рахмет балалар, сендерде отан туралы көп мағлұматтарыңыз бар екен.

Шығармашылық жұмыс:

Ән «Жаса Қазақстан»





© 2010-2022