Тіл дамыту ортаңғы топ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қыс»

Мақсаты: 1. Өтебай Тұрманжановтың «қыс» өлеңін дидактикалық ойындарды қолдана отырып жаттату.

2.Тақпақты жаттата отырып ой-өрісін,дүниетанымын, есте сақтау қабілетін,тіл байлығын дамыту.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа, әдепке ,табиғатты аялап сүйюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шеңбердегі суреттер, схемамен жұмыс,суреттер, тақпақ атребуттары,

Әдіс - тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, талдау, тыңдау, елестету сезіну, топтастыру, «ыстық доп», «тыныштықты сақта», ән-айту.

Сөздік жұмыс: жалықпай, тебеміз.

Барысы:

Шаттық шеңбері
Балаларды шеңберге жинап, «Шаттық шеңбері» туралы әңгімелеседі.
- Балалар, бүгін мен сендермен осындай әсем, жарық, кең бөлмеде кездескеніме өте қуаныштымын.
- Қане, балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!
- Балалар, шеңбер неге ұқсайды?
Шеңбер допқа, күнге, айға, табаққа, жүзікке, алмаға, қарбызға т.с.с. ұқсайды екен. Доппен ойнасақ біздің көңіл күйіміз көтеріледі.
Күн жарық, жылу берсе, ай қараңғы түнді жарыққа бөлейді.
Жүзікті қолымызға сәндік үшін тағамыз. Ал алма, қарбыз - өте дәмді жемістер мен көкөністер. Шеңберге ұқсайтын осыншама заттың өзінде қаншама қасиет бар!
Сондықтан да бұл шеңбер - Шаттық шеңбері деп аталады. Шеңбер бойында бір-біріңе тек қана жақсылық тілейтін адамдар ғана жиналады.
Ендеше бір - бірімізбен жылы амандасайық.

Қолмен, саусақпен, білекпен, иықпен, құлақпен, мұрынымызбен,аяқпен, және арқамен.

Амандасып болсақ енді бүгінгі күнмен амандасайық.

Күннің көзі күлімдеп,

Жаңбыр жауар себелеп,

Күн ашылса болғаны

Көлбеңдейді көбелек.

Өте жақсы балалар орындарыңа отыра қалыңдар.

Өткенді пысықтау
- Балалар неше жыл мезгілі болады?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінің белгілері қандай?

  • Қыста неше ай бар? Қандай?

  • Қыста неше мереке бар? Қандай?

таспадан «қыс» мезгілінің дыбысын тыңдау.

Жұмбақ шешу.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (қар)

Дұрыс айтасыңдар балалар. Біз бүгін Өтебай Тұрманжановтың «қыс» өлеңін жаттаймыз.

Автормен таныстыру. Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда, ОҚО сол кезде «Бугун» деген ауылда дүниеге келген. Ол совет одағының ақын, жазушысы.Кедей отбасынан шыққан,Балалар үйінде тәрбие алған. Балаларға арнап көптеген шығармалар мен өлең-тақпақтар жазған. «Қарлығаш», «екі ағайын», «қара алтын» деген шығармалары бар.

Жаңа тақпақты жаттату.

1-ші суретте не көріп тұрсыңдар? Талдау, талқылау.

Бұл сурет«Алақай! қыс келді, балақай» деген мағынаны білдіреді.

2-ші суретте не көріп тұрсыңдар? Талдау, талқылау,

Бұл сурет «ойнаймыз, асыр сап, жалықпай» деген мағынаны білдіреді.

Жалықпай - ерінбей, шаршамай, деген мағынаны білдіреді.

Пай-пай-пай-жалықпай.

2-ші суретте не көріп тұрсыңдар? Талдау, талқылау,

Бұл сурет «шаңғы да тебеміз, шанамен» деген мағынаны білдіреді.

Тебеміз - сырғанау деген мағынаны білдіреді.

Міз-міз-міз- тебеміз.

2-ші суретте не көріп тұрсыңдар? Талдау, талқылау,

Бұл сурет «Киініп-ап жылы киіммен» деген мағынаны білдіреді.

Өлең жолдарын бірнеше рет қайталау.

Алақай! қыс келді, балақай!

Ойнаймыз! Асыр-сап, жалықпай,

Шаңғы да тебеміз шанамен.

Киініп - ап, жылы киіммен.

Дидактикалық ойын «Ыстық доп»

Музыка сүйемелдеуімен допты бір-біріне жугірту ауен тоқтасымен сол балаға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.

Сұрақтар.

-Қыс-жаз - куз және ........

-Дүйсенбі, сейсенбі ,.........

Бас, шаш, көз,.........

Тақпақты тағы бір рет қайталау,

Тақпағымызды әндетіп айту.

Тақпағымызды атребуттарды қолдана отырып тағы бір рет айту,

Жеке- дара айту;

Қорытындылау

Біз бүгін не істедік?

Тіл дамыту ортаңғы топ

Тіл дамыту ортаңғы топ

Тіл дамыту ортаңғы топ


Тіл дамыту ортаңғы топ


Тіл дамыту ортаңғы топ

Тіл дамыту ортаңғы топ

Тіл дамыту ортаңғы топ






Павлодар қаласы №54 сәбилер балабақшасы













Ашық сабақ



Топ: Ортаңғы «ә»

Тақырыбы: Өтебай Тұрманжановтың «Қыс» өлеңі.

Тәрбиеші: Бейбітова Меруерт





2016жыл









© 2010-2022