Планирование на тему Біз не үйрендік?

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Біз не үйрендік?

Білімділік мақсаты: Сауат ашу, математика және тіл дамыту, көркем әдебиет пәні бойынша балалардың алған білімдерін тиянақтау. Сараптап қорытынды жасау.
Дамытушылық мақсаты: Логикалық - ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тіл байлығын, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: интерактивті тақта, оқулық дәптер, үлестірмелі суреттер, сұрақ - жауап, түсіндіру.

I. Ұйымдастыру.
Армысың, ардақты аспан - ата!
Армысың, қасиетті жер - ана!
Армысың, шұғылалы алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Армысыңдар, қадірлі қонақтар!

II. Кіріспе бөлім.
Отан туралы сұрақтар қою.
1. - Біз қай Республикада тұрамыз? / балалар жауап береді /
2. - Біздің президентіміз кім?
3. - Отан туралы қандай өлең жолдарын білеміз?
Әйнегі - күн, шатыры аспан,
толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан Республикам менің.
Города - села,
Улица - дома,
Это - весе родная
Любимая страна.

III Негізгі бөлім Балалар, біз бүгін білім еліне саяхатқа шығамыз. Біздің алдымызда ұзақ сапар бар. Сондықтан уақытты тез өткізу үшін мен сендерге ертегі айтып беремін, мұқият тындап отырамыз. Баяғыда бір үйшік болыпты Дыбыстардың барлығы сол үйшікте өмір сүреді екен. Үйшіктегі дыбыстарды басқарып тұратын хан болыпты. Ол хан дыбыстардың үйшіктен кіріп, шығуын қадағалап отырыпты. Кей дыбыстар еркін шығады да ал, кейбіреулері шыға алмай қалады екен. Міне, балалар, біз ертегі тыңдап отырып әп - сәтте « Дыбыстар» аялдамасында да келіп қалғанымызды байқамай қалыппыз. Бұл аялдамада бізге дыбыстар туралы тапсырмалар бар, сол тапсырмаларды орындап көрейік.
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай болып?
2. Дыбыстарға байланысты өлең жолдарын білеміз бе?
Балалар бірнеше өлең шумақтарын айтады
Аялдама тапсырмасын өте жақсы орындап саяхатымызды одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алдық. Мен ертегіні ары қарай жалғастырамын, балалар. Сол үйшіктегі дыбыстар шыға алмайтын болғандықтан, бірігіп шығатын болыпты. Олар бірігіп шықса, жеңіл болатынын түсініпті. «Бірігіп көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтылмаған екен. Міне, бірліктің арқасында «Бірлік» аялдамасына да келдік. Бұл аялдаманың тапсырмасын орындайық.
1. «Кім мерген?»
2. «Шашылған әріптерді жина»
3. Тақтаға сөздерді жаз. /балалар құрастырған сөздерді тақтаға жазады/
4. Сөздерді оқу.
Ертегінің арғы жағын білу үшін қане көзімізді жұмайық. Ашамыз. Келесі аялдама «Жұмбақ» деп аталады. Бұл аялдамада математикадан не үйренгенімізді айтумыз керек.

1. Ойын; «Көршісін тап»
2. Онға дейін орыс тілінде сана.
3. Оннан бастап кері сана.
4. «Сандық сөздікті шеш»

IV Сергіту сәті
Девочки и мальчики
Прыгают как мячики
Ножками топ
Ручками хлоп хлоп

Енді ертегі желісі қандай екен, тыңдайық. Дыбыстар үйшіктен шығу үшін дос болып, бір - бірімен сөз құрап шыға бастапты. Біріксе орындалмайтын шаруа жоқ екенін түсініп, тіпті бірнеше сөз бірігіп шыға бастапты. Сөйтіп біз «Достық» аялдамасына келдік.
1. Сөз неден құралады?
2. Сөйлем неден құрлады?
3. Мына сөйлемде неше сөз бар?
4. Сөйлем соңына қойылады? /Сурет көрсету, сөйлем құрату/

V Қорытынды.
- Балалар бүгінгі саяхатымызда не тыңдадық? Қайда бардық? Не істедік? Міне, балалар, дыбыстар бір - бірімен дос болып сөз құрап, сөзден сөйлем құрайтын болыпты Сабаққа өте жақсы қатысып, киындықты жеңдік. Әр уақытта дос болып тату жүрейік Аузымыз бір болса, бір - бірімізге жақсы тілектер тілесек, алынбайтын қамал болмайды екен. Ендеше сабағымызды «Бала тілегі» әнімен аяқтайық



© 2010-2022