Қазақтың ұлттық аспаптары (0 класс)

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық аспаптары.

Мақсаты: Балаларды қазақтың музыкалық аспаптарымен және музыкалық дәстүрлерімен таныстыру, олардың әшекейленуі мен өңделуіне назар аударту, қазақ ертегілерінің, аңыздарының сарыны бойынша қазақ халқының өмірін, тұрмысы мен еңбегін бейленейтін суреттер салуды үйрету. Ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыру. Халықтың ұлттық өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: Домбыра, қобыз, даңғыра туралы жұмбақтар шешу.

Көрнекілік: Домбыраның, қобыздың, асатаяқ, тайтұяқ суреттері.

Билингвизм: Домбыра

Іс - әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық.

Балалармен сәлемдеседі:

Оқу - құралдарын тексереді. Топқа қазақтың музыкалық аспаптары - қобыз бен домбыраны әкеледі. Осы аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын әнді үнтаспадан тыңдатады.

Балалар аспаптарды қарайды, олардың дыбысын, құрылысын салыстырады.

Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен қазақтың халық музыкасы мен аспаптарының шығу тарихы туралы әңгіме жүргізеді.

Жетіген, қобыз, домбыра, туралы аңыздарды естеріне түсіреді.

Домбыра қобыздың пішінің, өнделуі мен әшекейленуін талдайды. Балаларға тақтадағы суретті көрсетіп, домбыраның немесе қобыздың суретін салуды ұсынады.

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді. Аңыздарды тыңдайды, халық ісмерлеріне өз көзқарастарының білдіреді.

Жаңа сөздерді, олардың маңызын естеріне сақтайды.

Домбыраның, қобыздың суретін салады.

Рефлексивті - түзетушілік

Балалардың суретін тексеріп, бағалап жақсы суретті мадақтайды, Бірлесе атқарған жұмыс үшін алғыс айтады

Бір - бірінің жұмысына сүйсінеді, халық аспаптарының мұражайын құрады

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қазақтың музыкалық мәдениетінің дәстүрлері туралы сұрақтарға жауап

бере алуды.

Қандай түсініктерді игерді: Музыкалық аспаптар туралы түсінікті, жаңа сөздердің

мағынасын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ең сүйікті аспаптардың пайда болуы туралы аңыздарды.



© 2010-2022