Мақаланың тақырыбы: Монтессори технологиясының бала тәрбиесіндегі орны

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Монтессори технологиясының бала тәрбиесіндегі орны

Монтессори негізін қалаушы М.Монтессори 1870 жылы 31 тамызда Италияның кішкентай қалашығында дүниеге келген. Жастайынан дәрігер болуды армандаған М.Монтессори педагогика саласына оқуға түскн, бірақ сондады баланың денсаулығына ой-өрісіне көп көңіл бөлген.

Монтессори дайындаған педпгогикалық жүйе ең алғаш рет ЮНЕСКО-да аталып, сонан кейін әлемге танымал болды. Қазіргі кезде Монтессори технологиясымен көптеген мемлекет балабақшалары, оқу орындары әр-түрлі арнайы мекемелері жұмыс жасайды. Монтессори технологиясы баланың жан дүниесін, және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамытады. Монтессори бұл технологияны ойлап шығарғанда ол ең алдымен бала денсаулығына және оның дамуына, шығармашылығына өзін-өзі танып білуіне көп мән берген.

Мен өз сабағымда әсіресе вариативтік сабақта Монтессор ьехнологиясын көп қолдануға тырысамын. Себебі, бұл технология арқылы бала мен мұғалім, бала мен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынас жақсы дамиды. Монтессори технологиясымен жұмыс жасаған кезде мұғалім балаға тәрбие беруші,сабақ оқытушы ұстазғана болып қоймай дамытушы ретінде дос та болды.Монтессори технологиясы кезінде мұғалім балалармен жерде кілемнің үстінде немесе баланың қалауымен еркін арнайы әдіс құралдарымен тізерлеп жүріп балаларымен тепе-тен болып ойнайды.

Кез-келген орта бәрі бірдей дамуға әсер етпейді. Сол себептен Монтессори әр балаға өзінің өзінің жеке дара дамуына мүмкіндік береді. Ол қызығушылығын тудыратын және оны өзінше жасап құрастыруға мүмкіндік беретін сала. Тек сол кездеғана бала өзінің қалаған ісін таңдап сонымен қанша-қаласа сол уақытқа дейін жұмыс жасайды. Бұл технология баланың таңдау еркіндігіне өте қажет. Монтессори педагогикалық жүйесі көпшіліктің есебі бойынша әлемдегі ең үздік 10 педагогиканың бірі болса, көптеген мемлекеттер арасында ең таңдаулы педагогика болып табылады.

Монтессори технологиясы арқылы мұғалім бала туралы көп нәрсе біле алады. Бұл "бақылау" арқылы көрінеді.Бала еркін жұмыс жасағанда қасындағы адамдардың бар екенің ұмытып кетеді, сол кезде мұғалім балалардың арасында отырып оларды бақылай алады, олардың қай нәрсеге икемдері мол екенің бақылап біле алады.

Бұл технология арқылы бла өзіне керекті құралды өз бетімен таңдай алады.

Мысалы; геометриялық денелері мен айнасы бар сенсорлық модуль-бұл балаға геометриялық денелерді әртүрлі көзқараспен қабылдау мен тануға мүмкіндік береді. түсті тандауға арналған модуль-бул әртүрлі пішіндер арқылы түрлі-түсті сурет жинауға мүмкіндік береді, қосу амалына арналған карточкалар, алуға арналған карточкалар,маркалармен ойын, бақылау картасы,Манна жармасында сурет салуға арналған қақпағы бар қорапша т.б көптеген монтессори материалдарын қолдануға болады.

Қазіргі кездегі балалардың нерв жүйелері жастай тозып кеткен, бұған себеп мына заманауи технологиялар. Өйтені, әр баланың көретіндері шет елдің түсініксіз мультфильмдері, ойнайтындары плпншет, қымбат ұялы телефондар. Қарап тұрсақ біз балаларымызды жоғалтып барамыз. олардың ойлары интернет пен виртуальный өмир.

Монтессори технологиясын қолдана отырып осындай тәуелділіктерден балаларды арылтуға болады. Бұл технология баланы жазалауды талап етпейді, жоғарыда айтып кеткендей бұл технология арқылы бала тез өзімен-өзі жұмыс жасайды. Бала Монтессори технологиясымен жұмыс жасап отырған кезде оның ішкі импульстері жақсы дамиды. Баланың ойы, миы жұмыс жасайды, балада ойлау қабілеті жоғарылана түседі, қолдарының маторикасы жақсы жұмыс жасайды, қолдары жұмыс жасаған кезде қан айналымда жақсарады, баланың денсаулығы жақсара түседі.

Менің ойымша әр ата-ана баласына копьютер планшет алып бергеннің орнынаМонтессори құралдарын алып беріп балабақшадан тыс уйде де балаларына көңіл бөліп осы технологиямен жұмыс жасаса еліміздің беделді абыройын көтеретің азаматтарын өсіп шығаруымызға сенімім бол.

"Қызғалдақ" балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі

Дуйсекова Ж.Б



© 2010-2022