Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ҚатынасФ. ОңғарсыноваКім болам?

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру сапасы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Ф.Оңғарсынова «Кім болам?»

Мақсаты: Балаларды Ф.Оңғарсынованың «Кім болам?» деген шығармасымен таныстыру, мәнін түсіндіру. Сурет бойынша «Мен кім боламын?» әңгіме құрастыру. Еңбекке деген құштарлығын ояту. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелік терін меңғеруді жалғастыру.

Билингвальдік компоненті: Тәрбиеші - воспитатель, дәрігер - врач, аспазшы - повар, ұста - , етікші - сапожник, мұғалім - учитель, ғарышкер - космонавт.

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар, таңертең ұйқыдан оянғанда, далаға шыққанда нені көресіңдер? Күннің нұрын көргенде көңіл-күйлерің қандай болады?

Қуан шаттан, алақай!

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Келген күнге қуанады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балаларға мамандық туралы өлең оқиды.

Әкем менің дәрігер

Шешем менің аспазшы

Ағам менің етікші

Жеңгем менің суретші

Атам менің ол ұста

Бәрі-бәрі жұмыста.

Әңгімелесу:

-Өленде қандай мамандық атауларың естіңіздер? (дәрігер, аспазшы, суретші, етікші)

Аяқ киімді ... жөндейді. (етікші)

Ұшақты ... жүргізеді. (ұшқыш)

Өлеңді ... жазады. (ақын)

Тамақты ... дайындалады. (аспазшы)

Ауруды ... емдейді.(Дәрігер)

Өртті ... сөндіреді.( өрт сөндіргіш)

Балаларды ... оқытады.( Мұғалім)

«Біреу-көп» (сөз ойыны):

-Ал сендердің ата-аналарың кім болып жұмыс істейді? (Балалардың жауабы).

-Сендердің ата-аналарың өлең жаза ала ма?

-Оларды ақын деп айтуға бола ма? Неліктен?

-Мен сүрет саламын. Мен сүретшімін бе? Неліктен?

-Сіздін әкеніз саяжайда үй соғып жатыр. Ол құрылысшы ма?

-Ал кім ұшқыш болғысы келеді?

-Ұлан сен кім болғын келеді? (Барлық балалар сұралады).

-Өз көршіңізден сұранызшы, ол кім болғысы келеді екен.

Сүретке назар аударыныздар ( әліппе-дәптерден қараныз).

«Болғысы келеді» сөз тіркесімен сөйлем құрастыру. Балалар кім болғысы келеді?

Қыз бала ... болғысы келеді (дәрігер)

Ер бала ... болғысы келеді (ғарышкер)

-Енді мен білемін: Сендер өскен кезде елімізге көп пайда келтіретін мамандықтар иелері боласындар.

Сергіту сәті: Балаларға өздері таңдаған мамандақтарын қимыл-қозғалыстармен көрсетуді ұсыну. Ал тәрбиеші оны шешу керек.

-Қазір біз мына сөздермен басталатын сөйлем құрастырайық.

Мен ... болғым келеді.

  1. Сендер кім болғыларың келеді?

  2. Сендер не жасаушы едіңдер?

  3. Неліктен бұл мамандық сіздерге ұнайды?

Д.о: «Кім көп дыбыс біледі»?

Дыбыстың айтылуына қарай сөздер жуан немесе жіңішке естіледі екен. Дыбыс жуан, жіңішке болып бөлінеді.

Д/о: «Тез ойла, сөз ойла».

Өленді тындайды.


Әңгімелейді




Балалардың жауабы



Барлық балалар өз ойларын айта білді.

Сүретке қарады.

Сөйлем құрып берді.


Қимыл-қозғалыстарын көрсетеді.


Балалардын жауабы.


Олжас, орман, ол, он-о дыбысы жуан дауысты боп естіледі.

Тез сөз ойлайды.

Рефлекстік түзету

Бүгінгі сабақта не туралы әңгімелестік? Сабаққа кім жақсы қатысты? Ойын ұнады ма?

Жауап қайтарады.

Күтілетін нәтиже:

Мамандық түрлері туралы ұғынады

Дыбыстардың жуан, жіңішкелігін түсінеді

Мамандық туралы әңгіме құрастыру қолданады



© 2010-2022