Аспазшының еңбегі атты айналамен таныстыру сабағы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Катонқарағай ауданы

Үлкен Нарын ауылы

«Балбөбек» балалар бақшасы

Шегетаева А.Қ

«Балапан» тобының тәрбиешісі

Айналамен таныстыру сабағы

Тақырыбы: Аспазшының еңбегі

Мақсаты: Аспазшының еңбегімен таныстыру. Сөздік қорын молайту. Сұрақтарға толық жауап беру машықтарын қалыптастыру. Аспазшының еңбегін құрметтеу, ас қадірін бағалай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың барысы:

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болады. Сендер білесіңдер ме, біздің балабақшада асханада не бар?

-Асханада не пісіреді?

-Асханада тамақ пісіреді.

-Тамақты кім пісіреді ?

-Тамақты аспазшы апайлар пісіреді.

-Ендеше, қазір біз сендермен асханаға саяхатқа барамыз. Онда біз аспазшы апайлармен танысамыз, тамақ пісіретін ыдыстарды көреміз.

Балаларды асханаға апару.

-Міне, балалар біз асханаға келдік. Апайларға не айтамыз?

-Сәлеметсіздер ме, апайлар?

-Мынау асхана. Асхананың іші қандай?

-Асхана іші кең, жарық, таза, ақ.

-Міне мынау Наташа апай. Ол сендерге таңертеңгі, түскі, кешкі тамақтарды пісіреді. Наташа апай - аспазшы. Мынау Роза апай. Ол сендерге дүкеннен тамақ сатып әкеледі. Мынау Айнур апай. Айнур апай аспазшыға тамақ пісіруге көмектеседі.

Айнур мен Роза апайларға сөз беру. Олар асхана туралы, пісіріп жатқан тамақтары туралы айтып береді.

-Мынау ортада тұрған не?

-Ол пеш.

-Пештің үсті қандай?

-Пештің үсті ыстық.

-Ыстық пешке жолауға бола ма?

-Ыстық пешке жолауға болмайды. Қолың күйіп қалады.

Балаларман асханада тұрған заттардың аттарын атау.

Жаңа сөздер: асхана, аспазшы, еттартқыш, тоңазытқыш.

-Ал, енді балалар тобымызға барайық.

-Апайларға не айтамыз?

-Сау болыңыздар! Топқа қайту.

Сабақты қорыту:

-Біз бүгін қайда бардық?

-Біз бүгін асханаға бардық.

-Асханада не даййындайды?

-Асханада тамақ дайындайды.

-Асханада тамақ пісіретін апайды кім деп айтамыз?

- Асханада тамақ пісіретін апайды аспазшы деп айтамыз.

-Аспазшының еңбегі ұнады ма?

-Аспазшының еңбегі ұнады.

- Енді мен сендерге «Аспазшы» өлеңін оқып берейін.

Біздің бұл бақшада,

Бар әсем асхана.

Бар онда аспазшы

Ақкөңіл, жақсы апай.

Әлде май, құймақ па?

Борщ па, сорпа ма?

Әлде бал, қаймақ па?

Тұрады ортада:

Тәп-тәтті тағамы

Апай ас маманы,

Пісіре білгенге

Астың жоқ жаманы.

-Бүгінгі үйренген жаңа сөздерімізді тағы бір рет айтайықшы:

асхана, аспазшы, еттартқыш, тоңазытқыш

-Бүгін балалар сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сабағымыз аяқталды.

-Апайларға не айтамыз?

-Сау болыңыздар!

© 2010-2022