Конспект занятия по казахскому языку для младшей группы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Екінші сәбилер тобына арналған

ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: «Қазақ тілі»

Тақырып: Сәлем-сөздің анасы. Мынау кім? Мынау не?

Бағдарламалық міндеттер:

Білімділік: балаларды қазақша амандасып, қарапайым сұраққа жауап беруге үйрету.

Дамытушылық:сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: достыққа тәрбиелеу.

Сабаққа арналған материалдар: ұлттық киімдегі қуыршақ, суретті сөздіктер.

Билингвальді компонент: Сәлеметсіз бе!, Сәлеметсіздер ме! Ұл-мальчик, қыз-девочка, мынау не? Мынау кім?

Әрекет кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы

Қуыршақ (ұлттық киімдегі әдемі қуыршақ) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арнайы қонақ болып келеді.

-Сәлеметсіңдер ме? балалар!

Бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айгөлек келеді. Кәне, бәріміз Айгөлекпен амандасайық.

-Сәлеметсіз бе!

Қуыршақ Айгөлек:

-Жаңа оқу жылдарыңмен құттықтаймын. Сендерге мемлекеттік тілді үйренуге көмектесемін, алдағы жұмыстарына табыс тілеймін.

2. «Танысу» д/ойыны

-Сенің атың кім? (Балалармен танысу).

Балалар таңырқай қарап, қызығушылық танытады.

-Сәлеметсіз бе!


-Сәлеметсіз бе!

-Менің атым -Маша!

-Менің атым - Кирилл.

Ұйымдас-тырушылық -

ізденіс

«Тыңда, көрсет, қайтала» дидактикалық ойыны.

Шарты: тақтаға қуыршақтың суреті ілінеді. Балалар педагогтің сұрақтарына жауап қайтарады.

-Мынау не?

-Қуыршақ ұл ма, қыз ба?

Дыбыстық жаттығулар.

-ҚУ-ҚУ-ҚУЫРШАҚ

ҚЫ-ҚЫ-ҚЫЗ

Сергіту сәті

Мен әдемі қуыршақпын,

Би билеймін көңілді.

Ұл мен қыздар тыңдайды,

Бірге билеп зырайды.

Қуыршақтың суреті.


-Қуыршақ.

-Қыз.

Балалар буындар мен сөздерді бірге қосылып және жеке-жеке қайталайды.

Өлең жолдарын оқытушымен бірге қайталап, қимылдар жасайды.

Рефлексивті-коррекциялаушы

«Сұрақ-жауап» дидактикалық ойыны.

-Мынау кім?

-Мынау не?

-Балабақшаға келгенде қалай амандасамыз?

-Мынау кім?

-Балабақшадан кетерде қалай қоштасамыз?

-Мынау - қыз.

-Қуыршақ қыз.

-Сәлеметсіз бе!

-Мынау - ұл.

-Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

біледі: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта біледі.

игереді: қазақша амандасу (Сәлеметсіз бе!), қоштасу (Сау болыңыз!) түрлерін меңгереді, «Мынау кім?» сұрағына жауап беру арқылы ұл, қыз сөдерінің мағынасын біліп, оларды дұрыс айтуды игереді.

меңгереді: бір-бірімен қазақша амандасып, қарапайым сұраққа жауап береді.


© 2010-2022