Доклад по казахскому языку Баланың мектепке оқуға психалогиялық дайындығы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы.

Оқуға психологиялық дайындықтың құрамдас бөліктері ретінде жеке тұлғалық, еріктік және интеллектуалдық/ақыл-ой/ даярлығын қарастырамыз. Жеке тұлғалық /немесе мотивацичлық/ мектепке даярлығы баланың жаңа әлеуметтік орынға /позицияға/ ұмтылысын жатқызады. Бұл позиция баланың мектепке, оқу-іс әрекетіне, мұғалімдерге және оқушы ретінде өзіне-өзі қатысынан байқалады.

6-7 жастағы бала үшін мұғалімнің тұлғасы аса маңызды. Бақылаулар мен зерттеулер мынаны көрсетеді: мұғалімнің талап-тілегін 6 жастағылар шын көңілімен, ынта-ықыласпен орындайды. Тек мектепте ғана, мұғалімнің талап-тілектерінің бәрін бұлжытпай, қарсылық етпей, таласқа салмай орындайды.

Т,А.Нежнова оқушының ішкі позициясының қалыптасуын зерттеген. Бұл позиция Л.И.Божовичтің айтуы бойынша дағдарыс кезеңінің негізгі жаңа құрылымы болып табылады және жаңа қоғамдық маңызы бар оқу іс-әрекетімен байланысты қажеттіліктер жүйесімен ұсынылады.

Оқу іс-әрекеті баланы ересектеу өмір сүру салтын бейнелеумен қызықтырады. Сонымен қатар баланың жаңа әлеуметтік оқушы позициясына ұмтылуы, әрдайым оқып үйренуге деген ықыласпен байланысты емес.

Мектеп көпшілік балаларды ең алдымен өзінің құрал-жабдық жиһаздарымен қызықтырады. Мұндай балалар мектеп өмірінің сыртқы ерекше белгілеріне, құрылыс ғимарат әшекейіне қызығады.

Мысалы: сөмке, дәптер, бағалар, кейбір мектептегі мінез-құлық ережелері.

Баланың мектепке даярлығын А.А.Венгер мен К.Н.Поливанова зерттеген. Олар оқу мазмұнын ересектердің фигурасынан бөліп алу қабілетін мектепке даярлықтың басты шарты деп есептеген. Зерттеушілер 6-7 жастағы бала үшін мектеп өмірінің сыртқы формальдық жағы ғана ашылады деген. Сондықтанда олар бар ынтасымен өзін «оқушы сияқты» ұстауға тырысады, яғни қолын көтеру, жауап бергенде тұру, тік отыруға тырысады. Бірақ мұғалімнің не айтып тұрғанына және оған не деп жауап беру керек екені балаға маңызды емес. 7 жасқа қараған бала үшін кез-келген тапсырма мұғаліммен қарым-қатынас жағдайына байланысты. Бала оқытылып жатқан пәнге мән бермей - мұғалімді ең басты қатысушы адам ретінде қабылдайды. Оқыту мазмұны- байқаусыз қалады. Осындай жағдайда мұғалімнің басты міндеті балаға оқытылатын пәнді ұсыну және оны жаңа мазмұнға араластыру, қайта ашу болып табылады. Оқыту мазмұны мен оны таратушы, яғни мұғалім - баланың санасында бөліну қажет. Егер олай болмаған жағдайда оқыту материалында алға жылжу мүмкіндігі жойылады.

Қорытынды: оқыту пәнін белгілеу және оны ересектерден бөліп алу - оқи білудің негізгі жағдайы болып табылады.

Сонымен, баланың мектепке жеке тұлғалық даярлығына тек әлеуметтік мотивтерді ғана енгізбейді «оқушы болу», «қоғамда өз орнына ие болу», сонымен қатар мұғалім ұсынып отырған оқу мазмұнына деген танымдылық қызығушылықтың болуын көздейді.

Мектеп өмірі баладан мінез-құлық ережелерін дәл орындауды, өз іс-әрекетін өз бетінше ұйымдастыра алуды талап етеді. Ересектердің талабы мен ережелеріне бағына алу қабілеті мектептегі оқуға еріктің даярлығының басты көрсеткіші болып табылады.

Д.Б. Элькониннің басшылығымен иынандай эксперимент жүргізілген. Баланың алдында бір үйме сіріңкенің шиі тұр. Зерттеуші балаға сіріңкенің шилерін бір-бірлеп басқа жерге қоюын сұрайды. Зерттелген балалардың жасы 5,6,7. Зерттеуші балалардың іс-әрекетіне Гезелл айнасы арқылы бақылау жүргізген. Мектепке даярланып жатқан балалар өзін қызықтырмайтын іспен тастамай, шамамен 1 сағат бойы айналыса береді. Жасы кішілеу балалар істі бастағаннан кейін біраз уақыт орындап, кейін бірнәрсе құрастыра бастайды. Мұндай балалар үшін тәжірибеге қуыршақ енгізіледі. Орта мектеп жасына дейінгі балаларға зерттеуші былай деп атайды:

«Мен келемін, ал Буратино қалады». Баланың мінез-құлқы өзгерді. Ол Буратиноға анда-санда қарап қойып бәрін дұрыс істейтіні анықталды.

Осылайша, бала мен ересектің қарым-қатынас жүйесі арқылы қойылған ережелер орындалады. Алғашқыда ережелер тек ересектердің ықпалымен орындалса, кейін затқа сүйену арқылы, ақырында ересектің немесе мұғалімнің қойған шарттары баланың ішкі әрекетінің зерттеушісі болады. Қорыта айтқанда бала шарттарды өз бетінше басқара алу қабілетіне ие болса мектепке оқуға даяр деп есептеуге болады.

Мектептегі оқыту интеллектуалдық дайындықты да қажет етеді. Бала өзінің мектепке дейінгі эгоцентризмін жеңіп, шындықтың әртүрлі жақтарын ажыратуға тиіс. Сондықтан да мектепке даярлықты анықтау үшін мөлшердің сақталуына арналған Ж.Пиаженің есептері пайдаланылады. /Мысалы: сұйықтықты кең ыдыстан жіңішкегк құю, арақашықтығы әртүрлі түймелер қатарын салыстыру т.б./.

Бала заттардың жеке жақтарын, параметрлерін көре білуі қажет осы жағдайда ғана пәндік оқытуға ауысуға болады.

Ол танымдылық іс-әрекеттің тәсілдерін меңгеруді шамалайды: қабылдауда сенсорлық эталондарды, рйлау сферасында кейбір интеллектуалдық операцияларды меңгеру. Мектепке интеллектуалдық даярлықтың маңызды жағы ол баланың ақыл-ой белсенділігі мен танымдық қызығушылығы, яғни жаңа бірнәрсе білуге деген құмарлық, бақыланған құбылыстардың мәнін түсіну, ақыл-ой міндетін шешуге ұмтылу.

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫН АНЫҚТАУ

Баланың мектепке психологиялық дайындығын тексеру мақсатымен олардың оқуға дайындық мүмкіндігін және даму дәрежесін анықтау үшін жүргізеді.

Зерттеу жұмысын жеке балалармен де немесе тұтас топпен де жүргізуге болады.

Психологиялық зерттеудің мынадай шарттары бар:

Баланың мектепке даярлығын мектепке дейінгі мекеме немесе балалар емханасындағы дәрігерлер анықтайды.Бала бақшаға бармайтын бала болса онда оны жергілікті дәрігер анықтайды және баланың мектепке даярлық деңгейі медициналық психо-физиологиялық шарттар бойынша анықталады.

Медициналық шарттарға мыналар жатады:

1. Анатомия-биологиялық даму деңгейі

2. Тексеру кезіндагі науқастығы

3. Өткен жылғы науқастығы мектепте оқуға қажетті функциялар дамуының психофизиологиялық шарттары, бала психикасының даму деңгейін көрсететін психологиялық тұрғыда құрылған танымдық сұрақтар болады.

Мысалы: Кейн-Йерасек сынағы және тіл дыбысты айту санасын анықтау жұмысы жүргізіледі. Баланың мектепке дайындығын анықтау жөніндегі дәрігерлердің жұмысы 2 кезеңнен тұрады және мектепке дейінгілердің денсаулығын нығайту мақсатымен мектепке қажетті функциялардың дамуындағы кемшіліктерді түзетуге ерекше мән беріледі.

Баланың оқуға даярлығын терең зерттеу мектепке баратын жылдың алдында қазан мен қараша айларында өткізіледі. Ал мединицалық жоспарлы түрде диспансерлік тексеруді бала бақшада, балалар емханасында ларинголог, психоневролог, хирург, ортопед, тіс дәрігерлерінің бақылауынан өтеді.

Балалардың алғашқы әр жақты медициналық психо-физиологиялық тексеру нәтижелері олардың дәрігерлік даму қартарына түсіріледі.

Денсаулығы нашар әр түрлі ауытқуға ұшыраған балаларды ауықтыру және емдеу шараларының комплексі белгіленеді. Мектептегі оқуға қажет функциялары жете дамымай қалған кеңістігі байқалған балалардың тіліндегі және қолдың бұлшық қозғалысын дамыту үшін әр түрлі жаттығулар мен шұғыл шаралары ұсынылады.

Мұндай емдеу сауықтыру шараларын балалар емханасының маман дәрігерлері жүзеге асырады.

Баланың дыбыстарды айтуындағы кемістіктерді жою сабақтан логопед жүргізіледі. Қолдың бұлшық ет қозғалысын дамытуға арналған сабақтар мен жаттығуларды бала бақша тәрбиешісі немесе ата-аналарда жүргізе алады. Атап айтқанда сурет салуды тапсыру. Құрастыру конструкциялық ойындар әр түрлі жазу емлелерін жазып үйретуге болады. Баланың активті сөздің қорын анықтау үшін сынақтар да ұйымдастыруға болады.

Негізгі қимылды тексеру.

Жүру аяқты нық басып адымдап жүру, бағытты ауыстырып жүру, жылаңша ирелеңдей заттардың арасымен жүру, шашырап жүру, тізені жартылай бүгіп жүру, шеңбер бойымен бұрыш жасап жүру. Қолын неше түрлі қалыпта ұстау. Белгімен жаттығу жасап жүру.

Жүгіру.

Денесін тік ұстап, жүру мен жүгіруді алмастырып 1 мин. дейін тоқтамай тез жүгіру.

Сөздік мөлшерін байқау. Математикалық ұзындытарды танып білуін дамыту.

Әдістеме: 1 «Ұғымдарды, объектілердің ұқсастығы мен айырмашылығын айқындау, себептерін табу».

Ұғымдарды, объектілердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу - бұл ой операциялары, оларды бағалай отырып баланың интеллектуалдық процесстерінің даму деңгейін анықтай аламыз. Төмендегі сұрақтарға баланың дұрыс жауап беруіне байланысты ойлаудың осы ерекшеліктері анықталады:

  1. Қай жануар үлкен: ит пе әлде жылқы ма?

  2. Таңертең адамдар таңертеңгі асты ішеді. Ал күндіз және кешке тамақтағанда адамдар не істейді? /күндізгі ас және кешкі ас ішеді деген жауап дұрыс болып есептелінеді/.

  3. Күндіз далада жарық, ал түнде ше? /қараңғы - дұрыс жауап/.

  4. Аспан көк, ал шөп ше? /Жасыл/

  5. Алма, алмұрт, жүзім - олар... /жеміс-жидек-деп жалғастырған дұрыс болып есептелінеді/.

  6. Поезд келе жатқанда, шлагбаумды неліктен түсіреді?

  7. Шымкент, Тараз, Алматы - бұлар нелер? /қаланың аттары/

  8. Қазір сағат неше? /балаға сағатты көрсететін уақыттың неше болғанын сұрайды./ /сағатты да, минөтті де көрсететін жауап дұрыс болып есептеледі/

  9. Сиырдың төлін бұзау деп атайды, ал қойдың, иттің баласын қалай деп атайды? /қозы және күшік/

  10. Ит мысыққа ма, әлде тауыққа ұқсас па? Жауап бер және неге олай ойлайтыныңды түсіндір.

  11. Машинаға тежегіш не үшін қажет? /жылдамдықты тежеу үшін/

  12. Балға мен балтаның ұқсастығы неде? /бұлар ұқсас қызмет атқаратын құралдар/

  13. Тиін мен мысықтың ұқсастығы неде? /ең кем дегенде екі белгісін түсіндіретін жауап дұрыс болып есептеледі, мысалы: бұл-ағаштың басына өрмелей алатын, жұмсақ жүні, құйрығы, төрт аяғы бар жануар./

  14. Шеге және бұрандалы шегенің бір-бірінен айырмашылығы неде? /шегенің сырты тегіс, ал бұрандалы шеге кескінді, шегені балғамен ұрып кіргізсе, бұрандалы шегені бұрауышпен бұрап кіргізеді, бұрандалы шегенің конус пішінді қалпағы бар, ал шеге басы дөңгелек, ұшы үшкір пішінді./

  15. Футбол, теннис, жүзу, биіктікке секіру дегеніміз не? /спорттың түрлері, дене шынықтырудың түрлері/

  16. Сен көліктің қандай түрлерін білесің? /кем дегенде екі көліктің түрін атау, дұрыс жауап болып есептелінеді/

  17. Қарт адамның жас адамнан айырмашылығы неде? /қарт адамды жас адамнан ерекшелендіретін кем дегенде екі маңызды белгісін атау/

  18. Адамдар не үшін дене шынықтыру және спортпен айналысады? /денсаулығын сақтау үшін, күшті, сұлу, сымбатты болу үшін; спорттық жетістіктерге жету үшін, жарыстарда жеңу үшін/

  19. Егер де кімде-кім жұмыс істегісі келмесе, ол неге жаман болып есептеледі? /өйткені барлық адамдар жұмыс істеуі керек, онсыз дұрыс өмір сүруге болмайды, егер де адам жұмыс істемесе ол үшін басқа адамдар жұмыс істеуге мәжбүр болады; жұмыс істемеген адамға тамақ та, киім де, баспана да жоқ/

  20. Хатқа марканы не үшін қыстырады? /марка бұл хат жіберген адамның хатты керекті жерге жөнелту үшін төлем ақысының белгісі/

Нәтижелерді өңдеу

Әрбір дұрыс жауап үшін бала -0,5 балл алады, сондықтан да баланың осы әдістемеде алатын ең жоғарғы балы - 10.

Суреттелген әдістеме негізінде мектепке оқуға түсетін балалардың сөз-логикалық ойлауын психодиагностикалауға арналады.

Егер де зерттеуді жүргізушіде баланың жауабы толығымен дұрыс деген сенімі болмаса, бірақ жауапты қате деп те есептеуге болмаса, онда балаға орташа баға қоюға болады - 0,25 балл.

Жауаптардың дұрыстығын бағаламас бұрын, баланың сол сұрақты дұрыс түсінгеніне көзіміз жетуі керек. Мысалы, кейбір балалар шлагбаум /тыйым салатын бөрене/ деген сөздің мағынасын, 19-сұрақтың мәнін бірден түсінбуі мүмкін.

Ескерту: мысалда келтірілген жауаптар ғана дұрыс болып есептелінбейді, басқалары да, баланың алдына қойған сұраққа мағынасы жағынан және ақылға қонарлықтай берілген жауаптар да дұрыс болып есептеледі.

Даму деңгейінің қорытындысы

10 балл - өте жоғары

8-9 балл - жоғары

4-7 балл - орташа

2-3 балл - төмен

0-1 балл - өте төмен

Әдістеме 2. «Баланың қоршаған дүниені бағдарлай алуын және тұрмыстық білім қорын анықтау».

Мектепке жаңадан түскен балалардың қоршаған дүниені бағдарлай алуы мен тұрмыстық білім қорын бағалау, төменгі сұрақтарға жауап беруінен анықталады:

  1. Сенің аты-жөнің кім? /егер де бала фамилиясын атының орнына атаса, ол қате болып есептелінбейді/

  2. Сенің жасың нешеде?

  3. Сенің ата-анаңның аты-жөні кім? /ата-анасының кішірейтілген атын атау қате болып есептелмейді/

  4. Сен туған қаланың аты қандай?

  5. Сен тұратын қаланың аты қандай?

  6. Сенің үйіңнің және пәтеріңнің нөмірі қандай?

  7. Сен қандай жануарларды білесің? Олардың қайсысы үй жануарлары, қайсысы жабайы аңдар? / екі үй жануарын және екі жабайы аңнан кем болмайтын жауап дұрыс болып саналады./

  8. Жылдың қай мезгілінде ағаштар бүршік жарып жапырақтар пайда болып, қашан түседі?

  9. Сен оянатын, түскі тамақ ішетін және ұйқыға дайындалатын күннің мезгілін қалай деп атайды?

  10. Сен киетін киімдерірдің және ас ішетін құралдардың аттарын ата? / үш киімнің және үш ыдыс-аяқтан кем болмайтын жауап дұрыс болып есептелінеді/

Әрбір дұрыс берілген жауап үшін бала 1 балл алады. Осы әдістемеде барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген үшін баланың алатын ең жоғарғы балдар саны - 10.

Әрбір сұраққа жауап беру үшін 30 сек. уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде жауап берілмесе ол қате болып есептелініп 0 болып бағаланады.

Даму деңгейінің қорытындысы

10 балл - өте жоғары

8-9 балл - жоғары

4-7 балл - орташа

2-3 балл - төмен

  1. балл - өте төмен

Әдістеме 3 «Иә және жоқ деп айтпаңдар».

Нұсқау: «Сен ойнағанды жақсы көресің бе? Қандай ойындарды ойнағанды жақсы көресің? Кел, біз екеуміз жаңа ойын ойнайық! Мен саған әртүрлі сұрақтар қоямын, ал сен оларға жауап бересің. Бірақ есіңе сақта - саған «Жоқ», «Иә», «Жо» - деп айтуға болмайды. Мысалы, - «жоқ, білмеймін», «жоқ,болмайды», «жоқ, істемеймін». Есіңе сақтадың ба? Ал, қандай сөздерді айтуға болмайды? /егер де бала «тыйым салынған» сөзді есіне түсіруге қиналса, онда нұсқауды қайта түсіндіру керек/.

Балаға 25 сұрақ қойылады, олардың жауабын зерттеуші бағаламайды және оларға деген қатынгасын білдірмейді.

/5 «бейтарап» сұрақ жұлдызша арқылы белгіленген/.

  • 1. Сенің атың кім?

  • 2. Сен қызсың ба әлде ұлсың ба?

  • 3. Сен мектепке барып жүрсің бе?

4. Сен балмұздақ жақсы көресің бе?

5. Сен көк түсті балмұздақты көрдің бе?

6. Балмұздақ ашшы ма?

7. Түнде күн жарқырай ма?

8. Сенің үстіңде көйлек бар ма? /шалбар/ /баланың үстінде жоқ киімнің аты аталады/

9. Қыста шөп өсе ме?

10. Шөп қызыл ма?

  • 11. Сен кіммен тұрасың?

12. Сенің әкең қуыршақпен ойнағанды жақсы көре ме?

13. Сен төбеде жүре аласың ба?

14. Сен ұша аласың ба?

15. Сенің атың.... /басқа атпен атау/

16. Сен дәрігерге барғанды жақсы көресің бе?

  • 17. Дәрігердің халатының түсі қандай?

18. Дәрігер балалардың шашын ала ма?

19. Сен ертегі тыңдағанды жақсы көресің бе?

  • 20. Сен қандай ертегілерді жақсы көресің?

21. Ьармалей өте мейірімді ме?

22. Ал мыстан кемпір мейірімді ме?

23. Мысық тышқаннан қорқа ма?

24. Сен қазір ұйықтап тұрсың ба?

25. Сиырлар аспанда ұша ма?

Сұрақтарды жылдам темпке қою керек. Егер де бала ұзақ уақыт үндемей тұрса, онда сұрақты қайтадан қойып, тезірек жауап беруін сұрау қажет.

Бала сұраққа жауап беруге қиналса, келесі сұраққа ауысу керек. Кейбір кезде балалар қимыл-қозғалыспен және ым-ишаралармен жауап беруге тырысады, мысалы, басын изейді және т.б.
Мұндай жағдайда баланы сөзбен жауап беруін сұрау керек. /мысалы, зерттеуші оның айтқанын түсінбеді және т.б./

Ойын аяқталғанда зерттеуші одан сұрайды: «Ойын саған ұнады ма? Қандай сөздерді атауға болмайтын еді? Кәне аташы... Сен ол сөздерді атадың ба? Неге сен оларды атадың?».

Баланың барлық жауаптары және тапсырманы орындау уақыты, дұрыс жауаптардың саны /ойынның ережесіне дәл келетіндерді/ абсолюттік мағынады және проченттік қатынаста /20 «арнайы сұраққа дұрыс жауап 100 процентті құрайды/, әрбір баланы тапсырманы орындау қорытындысы бойынша үш топтың біреуіне жатқызуға болады: сондықтан да тапсырманы орындау уақыты ұзақ емес, олар тура берілген сұраққа «шыншыл жауап береді, ойын аяқталғанда олар «тыйым салынған сөздерді қолданған жоқпын дейді, білмеймін дейді.

2-топқа - дұрыс жауаптардың саны орташа айтқанда 30-70 процентке дейін. Бұл топ балалардың тапсырманы орындау уақыты ұзақ, оларға сұрақты қайталап отыру және жауапты жылдамдатуға тура келеді. Бұл топтың балалары ойынның ережесі бойынша берілген сұраққа тура жауап беруге болмайтынын түсінеді, «угу» деп атайды және т.б. Олар «тыйым салған» сөздерді айттық деп мойындайды, басқаша қалай айту керегін білген жоқпыз деп жауап береді.

3-топқа - дұрыс берілген жауаптардың саны орташа есеппен 70 проценттен көп. Тапсырманы орындау уақыты - орташа немесе көп емес. Бұл балалар дұрыс жауаптардың тәсілін іздеп табады, мысалы, жауапта сұрақтың етістігін қайталайды. Олар мұндай жауаптың мағынасы жағынан қисынсыз екендігіне кңіл аудармайды, олар өз қателеріне есеп бере алады және ойын кезінде өздері өзін түзетеді, қажеттігі жоқ жерде де жауаптарында, біле тұра өтірік айтады.

Әдістеме 4 «Кім үлкен?»

Нұсқау: « сен қызықты есептер шығарғанды ұнатасың ба? Осындай есепті шығарып көр: сенің қолыңда үш алма бар, мен саған тағы екі алма беремін. Сенде неше алма болды? /егер де бала қиналатын болса, зерттеуші есепті көрнекті түрде баламен бірлесіп шешеді. Бұл есеп ересектерді балалармен «іскерлік» қарым-қатынас жағдайына енуіне көмектеседі, оның шешімі есептелмейді/. Ал енді мынадай есептің шешімін тап: қоян қасқырдан үлкен, қасқыр аюдан үлкен. Бұл жағдайда не үлкен - қоян ба әлде аю ма? Неге сен олай деп ойлайсың, оны қайдан білдің?».

Есепті балаға тағы бір рет қайталайсыз. «Қане, тыңдашы қоян қасқырдан үлкен, қасқыр аюдан үлкен. Бұл жағдайда не үлкен - қоян ба әлде аю ма?».

Бұл тапсырманың қорытындысы бойынша бала үш топтың біреуіне жатқызылуы тиіс.

1-топқа - балалар міндетті орындай алған жоқ. Ересек адамның сұрағына «Бұл жағдайда не үлкен - қоян ба әлде аю ма?» Балалар, ойланбастан «Аю үлкен» деп жауап береді. Неге олай ойлайтынын сұраған кезде: -«Аю үнемі үлкен деп айтады. Олар есептің шартына бағдарланбай, бұрыңғы тәжірибесі негізіндегі, оңай елестерге бағдарланады.

2-топқа - балалар есепті бірден дұрыс шеше алмады. Алайда, олардың жауабы бірінші топтағы балалардікінен тым қарапайым да ырықсыз емес. Балалардың өз жауабын түсіндірудіталап еткенде, олар бұрыңғы тәжірибесіне сүйенбей, есептің шартына бағдарланады. Есепті екінші рет ұсынған кезде екінші топтың балаларының көбісі дұрыс шешімге келеді.

3-топқа - балалар дұрыс шешімге келеді, бірақ кейбір кезде есепті бірінші рет ұсынғанда өте жәй шешеді. Кейбірде балалар жауабын берместен зерттеушіден есептің шартын қайталауды сұрайды. З жауабын түсіндірген кезде, олар есептің шартын есіне түсіруге және оны талқылауға тырысады.

Әдістеме 5 «Қарындаштар».

Нұсқау: менің қолымда екі қарындаш бар. Мұқият қарап айтшы, олардың қайсысы ұзын? / Ересек адам ұзындығында кішкентай айырмашылығы бар екі қарындашты қолында ұстап тұр, ұзындығы кіші қарындаш шығып тұр, бірақ олардың қайсысы ұзынырақ екендігін көз мөлшермен анықтау қиын./

Баланың жауабын естігеннен кейін, зерттеуші қарындаштардың орнын ауыстырып, қайтадан қай қарындаш ұзынырақ екенін айтуды және оны қайдан білгенін сұрайды.

Нақтылау үшін диагностикалық тексеруді үшінші рет, қарындаштардың орналасуын бір-біріне деген қатынасы бойынша өзгертуге болады.

Тапсырманың нәтижесі бойынша барлық балалар үш топқа бөлінеді.

1топқа - балалар алға шығып тұрған қарындашты ұзын деп көрсетеді, яғни дұрыс жауап бермейді. Тапсырманы екінші рет ұсынғанда бұл балалар өз жауаптарының үйлеспейтіндігіне қарамастан, абыржымай, алға шығып тұрған басқа қарындашты ұзын деп көрсетеді. Балалар өздеріне таныс салыстыру тәсілін қолданбайды.

2топтағы - балалар «Қай қарындаш ұзынырақ?» деген сұраққа жауап бермейді, ересектерге қарындаштарды басқаша алуын сұрайды, қарындаштардың ұштарын бірге қосуын талап етеді немесе осы сұрақты анықтау үшін ұарындаштарды оларға беруін сұрайды.

3топқа - балалар есепті қарындаштармен әрекет етпей-ақ, ойша дұрыс шешеді. Қарындаштарға ұзақ уақыт қарап, содан кейін ғана жауабын беруі мүмкін. Балалар мұны қалай білді деген сұраққа, мысалы, былай деп жауап береді. Олар жаққа алға шығып тұрған қарындаш басқа жағынан алға шығып тұрған қарындаштан гөрі қысқа дейді.

Әдістеме 6 «Үш дойбы тасы».

Әдістеменің жұмыс орны шахмат тақтасының белгілі бір бөлігі - үште үш шаршы, қатты қағаз сызықшасы немесе таяқша, үш шаршы ұзындығына сәйкес және де үш дойбы тасы.

Нұсқау: «Міне шахмат тақтасының бір бөлігі. Мына дойбы тастарын кез-келген үш шаршыға қоюға болады. Тағы менде мынандай таяқша/қағаз кесіндісі/ бар. Мен бұны кез-келген үш шаршыға бірден қоя аламын - былай, былай немесе былай / ересек мүмкін болатын тәсілдерді, амалдарды көлденең, түзу, диагоналды түрде таяқшаны тақтайға қойып көрсетеді/. Үш бос шаршыға таяқшаны бірден қояға болмайтындай етіп, дойбы тасын қойшы - дойбы тасының үстіне таяқшаны қоюға болмайды».

Бала тапсырманы орындап болғаннан кейін, зерттеуші таяқшаның көмегімен тапсырманың дұрыс орындалғандығын тексереді. Дұрыс орындалмаған жағдайда, тапсырманы тағы бір рет орындауын сұрыйды.

Тапсырманың орындалу нәтижесіне қарай балалар келесі 3 топқа бөлінеді.

1-ші топтың балалары тапсырманы орындай алмайды. Олар тез және ретсіз дойбы тастарын тақтаға орналастырып , бірден тапсырманы шештік деп, зерттеушіге ұсынады. Таяқшаның көмегімен зерттеуші, , олардың орындағандары дұрыс емес екендігін көрсеткенде, олар тез дойбы тастарының орнын ауыстырады. Бұл балалардың тәртібінен, олар зерттеушінің позициясын ескермейтіндігін байқауға болады.

2-ші топтың балалары тапсырманы сондай-ақ орындай алмайды. Дегенмен, 1-ші топтың балаларын ерекшелігі, олар зерттеушінің позициясын ескеруге тырысады. Бұл тапсырманы орындау ұзақтығымен сипатталады. Сондай-ақ бұл топ балаларының көбісі қолдарына таяқшаны алып өз бетінше шешімнің дұрыстығын, ересектерге көрсетпестен бұрын тексереді.

3-ші топтың балалары тапсырманы тез шешеді. Олар зерттеушінің позициясын ескереді және ең басынан содан шығуға тырысады. Бұл балалардың таяқшаны қолдана отырып тапсырманы шешуге тырысқандығынан көрінеді.

Ескерту: «Үш дойбы әдістемесі дойбы не шахмат ойнай алатын мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп оқушыларына диагностикалық жұмыс ретінде ескерілмеген.

Әдістеме 7 «Кері есептер».

Балаларға 6 есепті шешу ұсынылады - 3 тура және 3кері.

Егерде бала тура және кері есептердің екеуін шешетін болса, онда ол тапсырманы орындады деп есептелінеді.

Тура есептер баланың операциялық құрамын шешу тәсілін қаншалықты меңгергенін тексеру үшін енгізген.

Тура есептер:

  1. Бұтақта 2 торғай отырады. Тағы 3 торғай ұшып келді. Бұтақта неше торғай болды?

  2. Мектептің жанында 6 ағаш өсіп тұрды. 3 ағашты басқа жерге көшіріп отырғызды. Мектептің жанында қанша ағаш қалды?

  3. Балада 4 кәмпит болды. Оған тағы үшеу силады. Балада қанша кәмпит болды?

Кері есептер:

  1. Бұтақта торғайлар отырды. Оларға тағы 2 торғай ұшып келі, енді олар 5 торғай болды. Бұтақта басында неше торғай бар еді?

  2. Мектептің жанында ағаштар өсіп тұрды. 3 ағашты қазып алып, басқа жерге отырғызған кезде, 4 ағаш болды. Басында мектептің жанында неше ағаш бар еді?

  3. Балада кәмпит болды. Оған тағы 3 кәмпит силағанда, онда 6 кәмпит болды. Басында балада қанша кәмпит бар еді?

  4. Берілген әдістемені орындау деңгейіне байланысты барлық балаларды 3 топқа бөлуге болады:

1 топ. Балалар тапсырманы орындай алмайды. Олар сөздердің тура мағынасына сүйене отырып, «ұшып кетті, «қазып алынды, «силады, кері есепті тура есептей қабылдап, шешеді. Егер олардан әрекеттерін түсіндіруін сұрасақ, әдетте олар егер торғайлар ұшып кетсе, онда алу керек деп және тағы сол сияқты жауаптар қайтарады.

2 топ. Балалар ұсынылған кері есепті шеше алмайды. Алайда олар, 1-ші топқа жататын балалардан, бұл енді тура есеп емес екендігін және олардың басқа жолмен шығарылатындығын жақсы түсінеді. Зерттеушінің Бұтақта торғайлар отырды жеген сөзінен кейін, «қанша?» деп сұрақ қою 2-ші топтың балаларына тән. Олар кері есепті, тура есепке айналдырғысы келеді. Бұл балалардың арифметикалық әрекеті ретсіз және негізделмеген сипатта. Олар есептің шартына кіретін сандарды мәнсіз манипуляциялайды, көбінесе олардың біреуін есептің жауабы ретінде атайды.

3 топ. Балалар тура және кері есептерді оңай шешеді. Балалардың мектепке психологиялық дайындығының 3-ші компоненті, балалардың өзіне деген көзқарасымен байланысты. Мектепке дейінгі балаға өзін-өзі асыра бағалау тән, ал мектепте оқытылу үшін бала /өзіне және өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне/ объективті түрде өзіне және өзінің іс әрекетінің нәтижесіне қарау керек. Сондықтан да балалардың мектепке психологиялық дайындықтың 3-ші компонентін, «Баспалдақтар әдістемесінің көмегімен тенып білуге болады».

Әдістеме 8 «Баспалдақтар».

Баланың алдында /оның көзінше/ баспалдақтың суретін салады.

«Міне, көрдің бе, баспалдақтар. Баспалдақтың ең жоғарғысына біз ең білімді балаларды, ал төменгі сатысына білімі төмен балаларды қоямыз. Сен қалай ойлайсың, баспалдақтың қай сатысына сені қоюға болады?».

«Білімді» және «білімі төмен» өлшеуіштерін басқаша: «мейірімді-мейірімсіз, «ақылды-ақылсыз», «әдемі-әдемі емес» тағы сол сияқты сөздермен жұмыстың түріне қарай өзгертуге болады.

Баланы бұл әдістеме жалықтырмас үшін және бала өзінің өткен /бұрынғы/ тәжірибесін қайта басшылыққа алмас үшін, әдістемені кішкене өзгертіп отыру керек, мысалы: баспалдақтың орнына әр түрлі биіктікте ұшып бара жатқан шарларды немесе мұнда тағы да жоғарғы шарда ең жақсылары /мейірімді, ақылды, әдемі және т.б./, ал ең төменгісінде - бұларға қарама-қарсылар тұрады.

Бұл тапсырманы орындау деңгейіне қарай, балаларды 3 топқа бөлуге болады.

1-ші топтың балалары сенімді, ойланбастан өзінің қандай қасиетін бағалауға ұсынылғандығына қарамастан өзін баспалдақтың ең жоғарғы сатысына қояды.

2-ші топтың балалары ұзақ ойланады, өзін қайда қоюға болады, дегенмен де өзін баспалдақтың ең жоғарғы сатысына қойса, міндетті түрде мынандай сөздерді айтып: « Мен шынында да бәрінен де есепті жақсы шығарамын немесе «мен ең жылдаммын, өйткені жарыста бәрінен де оздым. Бұл топтың балаларына өздеріні бағалану қасиетіне қарай орындарын өзгерту тән,

3-ші топтың балалары бұл тапсырманы үлкендерше шешеді. Олар негізінен өздерін баспалдақтың ең жоғарғы сатысына емес, екіншісіне, үшіншісіне қояды. Олар топта немесе басқа жерде біреу оның одан да жақсы істей алуы мүмкін екендігін немесе олар үлкейгенде есепті жақсы шығара алатындығын, жылдам жүріп үйренетіндігін ескереді.

Бұл компонент бойынша психологиялық жағынан мектепке дайын бала 3-ші топқа жатқандар болып есептеледі. Егер 2-1-ші топтың балалары ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынас барысында өздерін тиісті деңгейде көрсетсе, олардың да мектепте оқытылуына болады. Бірақ оларға ерекше көңіл бөлу керек және жұмыс барысында /оларға/ тиісті коррекциялық әдістерді қолдану керек.

Әдістеме 9 «Ер адамның суретін салу».

Керн-Йерасектің сынағы, ер адамның суреті елестету арқылы бейнеленеді.

Балаға ақ қағазбен қарындаш беріледі.

Орындалған сынақты бағалау

1 балл- келесі жағдайларда қойылады. Салынған тұлғаның басы, денесі, аяқ-қолы болуы қажет. Адамның басы денесімен мойын арқылы қосылу қажет. Басында шашы бар /немесе оларды бас киім я қалпақ жауып тұр/, бетінде көзі, мұрны, аузы бар және құлақ бейнеленген. Қолдың 5 саусағы және білезігі салынған. Аяғы төменде бүгілген. Ер адамның киімі бейнеленген. Тұлға синтездік тәсілді қолдану арқылы, яғни тұлға бірден тұтас бейне ретінде салынған /қарындашты қағаз бетінен үзбей, контурды айналдырып шығуға болады/. Қолмен аяқ тұлғадан «өсіп тұрған секілді».

2 балл - бала егер де 1 тараудағы талаптарды барлығы, бейнелеудің синтездік тәсілінен басқасы орындала беріледі. үш бецнеленбеген бөлшек /мойын, шаш, қолдың бір саусағы, бірақ беттің бөлшегін емес/, талаптардан алынуы мүмкін, егер де бұл бейнелеудің синтездік тәсілімен теңестірілсе.

3 балл келесі жағдайда қойылады. Суретте бас, дене, қол, аяқ қос сызықпен салынған. Мойын, құлақ, шаш, киім, саусақтар, табан салынбаған болуы мүмкін.

4 балл - денесі салынған қарапайым сурет үшін беруге болады. Аяқ-қол жай сызықтармен ғана көрсетілген. /бір пар қол-аяқ жеткілікті/.

5 балл - дененің айқын бейнеленбегені / бас пен аяқ немесе аяқтың бастың басымдылығын бейнелеу/ немесе аяқ - қолдың екеуін салмағаны үшін беріледі.

Қазіргі кезде баланың бейнелеу іс-әрекеті кең түрде зерттелген, оның сатылары және хабарлаушы белгілері бөлінген. М.Д.Барсстонның, П.Лайтаның, К.Маховердің, И.И.Будницкаяның, Т.Н.Головинаның, В.С.Мухинаның, П.Т.Хоментаускастың және басқалардың зерттеуі мынаны көрсетті, графикалық бейнелеулердің ерекшеліктері белгілі дәрежеде балалардың ақыл-ой деңгейімен байланысты.

П.Т.Хоментаускастың ойы бойынша, психолог графикалық бейнелеулердің мынандай жақтарына көңіл бөлуі қажет.

1. денедегі бөлшектерді саны. Бас, шаш, құлақ, көз, қарашық, кірпік, қас, мұрын, бет, мойын, иық, қол, алақан, саусақ, аяқ, табан салынған ба жоқ па?

2. суреттің безендірілуі /киім мен әшекейлер/ : бас киім, жаға, галстук, қалта, белбеу, түймелер, банттар, шаштың үлгілері, киімнің күрделенуі, әшекейлер және т.б.

Тұлғаның көлемі де хабаолаушы бола алады: өзіне-өзі сенімді, үстемділікке бейім балалар, үлкен көлемдегі фигураларды салады, адамның кішкентай фигуралары өзіне-өзі сенімсіздікті, мазасыздықты, қауіптілік сезімді білдірді.

Егер де 5 жастағы бала суретте беттегі қандайда бір бөлшектерді тастап кетіп салса, /көз, ауыз/ бұл қарым-қатынас өрісінде күрделі ауытқушылықтарды білдіреді, аутизм, жекелену.

Неғұрлым сурет толық салынған болса, /ер адамның тұлғасы/, соғұрлым баланың психикалық даму дегейі жоғары болады.

Баланың жасы үлкейген сайын адамның суреті жаңа бөлшектермен бай түседі: егер 3,5 жастағы бала аяғы бар басты салатын болса, 7 жастан - тұлғаның бай схемасын салады. Осыған байланысты, егерде 7 жастағы бала қандай да бір бөлшкеті салмаса, /бас, аяқ, көз, мұрын, ауыз, қол, дене/ бұған көңіл аудару қажет.

Бұл сынақтың өздігінен диагностикалық мағынасы болмайды, яғни осы әдістеме бойынша баланы тексерумен шектелуге болмайды, ол тексерудің бір бөлігін құрауы мүмкін.

6-7 жастағы баланың оқуға дайындық дәрежесі, бір күрделі және үш қарапайым сынақтан құралған жинақтың көмегімен анықталады. Қарапайым сынақтарға: фонематикалық есту, мағынасыз сөз буындарын көшіру және сөздік сынақтар жатады. Күрделіге қысқа мерзімді есте сақтау және ой қорытындысын жасау сынағы жатады. Зерттеу 15-20 мин уақытқа созылады.

1. Фонематикалық есту сынағы

«Екеуміз бір сөз ойластырайық, мысалы , «терезе», деп зерттеуші балаға ойын ұсынады. Мен осы сөзді бірнеше рет қайталаймын, ал кейін басқа сөзге алмастырамын, мысалы, «орындық». Басқа сөзді ести салысымен былай істе деп, шапалақ ұрады. Ал кейіннен менің қателесіп айтқан сөзімді атайсың. Егер де мен таңдаған сөзімді ғана атайтын болсам, онда соңында сеп: «Бәрі дұрыс» дейсің. Түсіңдің бе?»

Қанағаттанарлық жауап берілгеннен кейін тікелей зертеуге көшуге болады. Ол төрт тапсырмадан тұрады. Бірінші таныстыру - жаттықтыру тапсырмасы / оның нәтижелері бағалау кезінде саналмайды/. Қалған үш тапсырма - сыналады.

Бірінші тапсырма - Р фонемасын тексеруге арналады.

Ара, ара, ара, ара, ара, ара, ара, ара, ара, ала, ара, ара,

Тары, тары, тары, тары, тары, тары, тары , тағы, тары, тары

Қара, қара, қара, қара, қара, қара қала, қара, қара, қара,

Рас, рас, рас, рас, рас, рас, рас, рас, рас, рас, тас, рас, рас

Екінші тапсырма - С фонемасын тексеруге арналады

Сай, сай, сай, сай, сай, сай, сай, сай, сай, тай, сай, сай

Қас, қас, қас, қас, қас, қас, қас, қас, қас, қас, қаз, қас

Кесе, кесе, кесе, кесе, кесе, кесе, кесе, кеше, кесе, кесе

Су, су, су, су, су, су, су, су, су, су, су, су, су, ту, су, су, су

Үшінші тапсырма - Т фонемасын тексеруге арналады

Тіл, тіл, тіл, тіл, тіл, тіл, тіл, тіл тіл, біл, тіл, тіл, тіл

Ата, ата, ата, ата, ата, ата, ата, ата, апа, ата, ата, ата, ата,

Түн, түн, түн, түн, түн, түн, түн, түн, күн, түн, түн, түн

Түбір, түбір, Түбір, Түбір, Түбір, Түбір, шүбір, Түбір, Түбір,

Төртінші тапсырма - К фонемасын тексеруге арналады

Қазан, қазан, қазан, қазан, қазан, қазан, қазан, сазан, қазан,

Қас, қас, қас, қас, қас, қас, қас, қас, тас, қас, қас, қас,

Қайық, қайық, қайық, қайық, қайық, жайық, қайық,

Басқа, басқа, басқа, басқа, басқа, баста, басқа, басқа,

Егер де / 1 сөзді 1 с ішінде/ бала артық сөзді анықтай алмаса немесе қате жіберетін болса, онда 1-2 келесі тапсырмадан кейін, анағұрлым жай жылдамдықпен /1 сөзді ,5 с ішінде/ сол қатарға қайтадан оралу қажет.

Бағалау шкаласы.

Төрт балдық бағалау шкаласы қолданылады.

0 балл - егер де бір тапсырманың өзінде бала артық сөзді байқай алмайтын болса, осы қатардағы сөздерді жай жылдамдықпен қайталап ұсынғанға қарамастан алады.

1 балл - «артық» сөзді қатарды жай жылдамдықпен қайталағанда ғана байқайды.

2 балл - «артық» сөзді кәдімгі жылдамдықпен ұсынғанда байқайды, бірақ уақытысында белгі бермей - «артық» сөзді қатарды тыңдап болғаннан кейін ғана атады.

3 балл - барлық тапсырмаларында уақытысында белгі беріп, «артық» сөздерді дұрыс атады.

Бұл шкала 6 жастағыларға да 7 жастағыларға да бірдей қолданылады. Өйткені жас еректешіктің өзі бұл қабілеттің дамуына аз әсер етеді.

Егер де қателер жіберілсе, онда тапсырманы орындау үшін алынған баға ең нашар орындалған тапсырма бойынша қойылады / яғни бірнеше тапсырмада жіберілген қателер саны қосылып есептелінбейді/.

Алынған балдардың саны

Фонематикалық естудің даму деңгейі

0

Төмен

1

Орташа

2-3

жоғары

2. Мағынасыз сөз буындарын көшіру сынағы

Балаға арнайы карточкада көркем жазумен жазылған мағынасыз сөз буындарын ұсынамыз. «Зерттеуші былай дейді - қара мына жерде бірнәрсе жазылған сен әлі жаза алмайсың, бірақ мұны көшіріп көрші. Жақсылап қарап, мына қағазға көшір». Тапсырманы орындау уақыты шектелмейді.

Өзіне сенімсіздік білдірген балалар, тапсырманы орындай алмаймыз, өйткені жаза алмаймыз деу мүмкін. Мұндай жағдайда оған үйдің немесе қарапайым геометриялық ою-өрнектің, /төртбұрыштар, дөңгелектер, үшбұрыштар/ суретін салу ұсынылады. Содан кейін ғана баланың орындаған әрекеттерін сан рет мақтап - мадақтап сөз буындарын көрсетуді ұсынуға болады. Бағалағанда, осы соңғы тапсырманы бағалаймыз.

Бағалау шкаласы

1 балл - шимайлар

2 балл - үлгімен ұқсастық бар, алайда үш әрпін ғана тануға болады.

3 балл - 4 әрпін оқуға болады.

4 балл - барлық әріптерді оқуға болады.

5 балл - әрбір әріп анық жазылған, бүкіл сөйлем 30 артық иілмеген.

Алынған балдардың саны

Өзін-өзі қадағалаудың даму деңгейі

0

Төмен

1

Орташа

2-3

жоғары

3. Сөздік сынақ

Тексеру жинағына енген басқа сынақтар секілді, осы әдістеме іріктеу негізінде құралған: белгілі сөздер жиынтығы алынып қайсысы балаға таныс екені анықталады. Алынған жауаптардың негізінде баланың сөздік дамуы туралы мәлімет алуға болады. Зерттеушілердің қарамағында бес өзара ауысатын сөз жиынтығы бар. Сондықтан да болашақ бірінші сыныптағыларды тексеру процесінде, зерттеушілер осы жиынтықтарды ауыстырып отыруы қажет: бір балаға бір жиынтық, екіншісіне - басқасы және т.б.

Сөздер жиынтықтары

  1. Велосипед, шеге, хат, қол шатыры, жүн, теңселу, қосу, тістеу, үшкір.

  2. Ұшақ, балға, кітап, шапан, қауырсын, дос, секіру, бөлу, ұру, доғал.

  3. Автомобиль, сыпырғы, етік, қабыршақ, дәптер, қорқақ, жүгіру, байланыстыру, шымшу, тікенекті

  4. Автобус, күрек, альбом, қалпақ, мамық, өсекші, айналу, қасу, жұмсақ, қашу.

  5. Мотоцикл, щетка, қалам, бәтеңке, жау, тері, сүріну, жинау, сипалау, кедір-бұдыр

Баланың сөздік қорын тексермес бұрын мұғалім былай дейді: « Сен басқа елден келген, қазақ тілін жақсы түсінбейтін адаммен кездескеніңді елестет. Ол сенен «велосипед деген сөздің мағынасын түсіндіруіңді сұрайды. Сен не деп жауап берер едің?»

Бала жауаптарын сөз жүзінде бергендіктен, оның сөздік қорын - пассивті /кейбір сөздердің мағынасын ғана біледі/, және белсенді /сөздерді белсенді түрде қолданады/ деп жорамалдауға болады.

Егер де сөз арқылы жауап бере алмаса, онда зерттеуші заттың суретін салуға немесе сөздің мағынасын қимыл-қозғалыс, ым-ишара арқылы көрсетуді сұрайды.

Тексерушінің ойынша балалар білетін синоним - сөздерін ұсынуға болмайды, өйткені сынақ балалардың ұғымдарды меңгергенін тексеруге бағытталмай, әдеби тілге жататын сөздерді меңгергенін тексеруге арналған.

Осы сынақты бағалау ретінде, жиынтықтағы әрбір он сөз үшін қойылған балдар қосындысын алуға болады.

Бағалау шкаласы

0 балл - бала сөздің мағынасын түсінбейді, немесе дұрыс түсіндірмейді, мысалы: «жүнді жастыққа салып, басқа жастайды».

1 балл - сөздің мағынасын түсінеді, алайда өз түсінігін сурет, я болмаса қимыл-қозғалыс, ым-ишара арқылы түсіндіре алады.

1,5 балл - бала затты сөз арқылы сипаттайды, мысалы: «велосипед - рның үстіне мініп тебеді, оның екі дөңгелегі болады, кейбір кезде үш дөңгелегі - екі үлкен және бір кішкентай болады». «Қол шатыры жаңбырдан сақтану үшін қажет».

  1. балл - бала ғылыми жақындатылған анықтама береді.

Мысалы: «Хат - бұл өзің туралы жазуға болатын және конвертке салып почта арқылы жіберуге болатын қағаз».

Осы әдістеме бойынша алуға болатын ең жоғарғы баға 2*10=20 балл.

Баланың жасы өскен сайын сөздік қор тез баитын болғандықтан алты және жеті жастағылардың жауаптарын бөлек бағалағанымыз дұрыс. Осыған байланысты, бұл қабілеттің даму деңгейін анықтау үшн төмендегі таблицаны қолдануға болады.

Жас ерекшелік

топтары

Сөздік даму деңгейі /жинаған балдар саны

Төмен

Орташа

Жоғары

Алты жастағылар

6,5

7-12

12,5

Жеті жастағылар

11,5

12-15

15,5

4. Қысқа мерзімді есте сақтау және ой қорытындысын жасау сынағы

Бұл сынақта бір оқу материалы екіншісімен байланысты, бірақ сапасы жағынан әртүрлі қабілеттерді - қысқа мерзімді есте сақтау мен ойлаудыің логикалық түрін анықтау үшін арналған.

Сынақ тексерушінің балаға деген мына сөзінен басталады:

- Сен әртүрлі әңгіме тыңдағанды жақсы көресің бе? /әдетте бала мақұлдайтын жауап береді/.

Қазір мен қысқаша әңгіме бастаймын, ал сен оны қайталап беру үшін, жақсылап есіңе сақтауға тырыс. Келістік пе? /әдетте бала келісетінін білдіреді/.

Үш бала өмір сүріпті. Асқар, Қайрат және Мәди. Асқар Қайраттан қысқа. Қайрат Мәдиден қысқа. Қайтала.

Егер де бала осы үш сөйлемді толығымен және қателеспей қайталай алмаса, онда тексеруші былай дейді: «Тағыда бір рет қайталап көрйін. Зейін қойып тыңда...»

Хаттамада тапсырманы орындауға қажет болған қайталаулардың саны белгіленеді. Бұл көрсеткіш баланың қысқа мерзімді, мағыналы есте сақтаының деңгейін бағалау үшін қызмет етеді: қайталаулардың саны неғұрлым аз болса, оның деңгейі де соғұрлым жоғары болмақ. Сонымен қатар төмендегі таблица пайдаланылады.

Жас ерекшелік

топтары

Қысқа мерзімді мағыналы есте сақтау деңгейі

қажет болған қайталаулардың саны

Төмен

Орташа

Жоғары

Алты жастағылар

8

5-7

1-4

Жеті жастағылар

7

4-6

1-3

Бала толықтай дұрыс жауап бергеннен кейін, тексеруші қарапайым ой қорытындыларын

жасау қабілетін тексеруге ауысады:

-Жарайсың! Міне енді дұрыс қайталадын. Ал енді ойланып көр де мынаны айт: балалардың қайсысы ең ұзыны?

-Егер де бала дұрыс жауап бере алмаса, тексеруші былай дейді:

-Тағы да ойланып көр: Асқар Қайраттан қысқа, Қайрат Мәдиден қысқа. Балалардың қайсысы ең ұзыны? /Әңгіменің тек соңғы бөлімі қайталанады сұрақтың өзі/.

Бала дұрыс жауап бергеннен кейін, оған тағы да бір сұрақ қойылады:

-Балалардың қайсысы ең қысқасы?

Баланың қарапайым ой қорытындыларын жасау қабілетінің даму деңгейін анықтауда осы сынақты орындауға қажет болған қайталаулардың жалпы саны есептеледі. /Еске сақтағаннан бастап/. Сонымен қатар төмендегі табилица пайдаланылады:

Жас ерекшелік

топтары

Қарапайым ой қорытындыларын жасау қабілетінің даму деңгейі /жалпы сынақты орындауға қажет болған қайталаулардың саны/

Төмен

Орташа

Жоғары

Алты жастағылар

10

5-9

1-4

Жеті жастағылар

8

4-7

1-3

Жоғарыда суреттелген бүкіл төрт сынақтың орындалуына бақылау жасау, баланың ақыл-ой белсенділігінің деңгейі туралы қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар келесі белгілер пайдаланылады:

Ақыл- ой белсенділігінің төменгі деңгейі: тапсырманы орындауға бала қосымша талаптандырулардың көмегімен кіріседі, ал жұмыс кезінде көп алаңдайды;

Мысалы мынандай вариант болуы мүмкін, бала басында жұмысқа қызығушылығын білдіреді,кейін келе ол тез суып қалады.

3.Ақыл ой белсенділігінің жоғары деңгейі: бала ұсынылған тапсырмаларға, мұғалімге қызғушылығын білдіреді. Өздігінен сұрақтар қойып, әңгімені ықыласпен қолдап отырады.

Баланың мектепке оқуға даярлығының деңгейін

тексеру жургузу нәтижелерінің анализі.

Бірінші сынып оқушысын тексерудің

психологиялық карточкасы.

Атыжөні:_____________________________________________________________________

Тексеру күні:____________________________________________________________________

Даярлықтың психологиялық

көрсеткіштері

Бағалау деңгейлері

төмен

орташа

жоғары

0 Ақыл ой белсенділігі

1 Өзін өзі бағалау

2 Фонематикалық есту

3 Сөздік қордың дамуы

4 Қысқа мерзімді есте сақтау

5 Ой қорытындысын жасау/ойлау/


III-тарау. Коррекциялық дамытушылық

жұмыстар.

№1Ойын. «Поезд».

Мақсаты:Баланың танымдық белсенділігін ояту, логикалық ойлауын, қабілетін дамыту.



© 2010-2022