Урок по лепке Аққала

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы

№2 топқа арналған Исалина А.С

Білім беру саласы: Шығармашылық

Тараулар: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты: Ермексаздан аққала жасауға үйрету.

Білімділігі:. Қыс мезгілінің ерекшеліктері арқылы қыс мезгіліндегі табиғат сұлулығына назар аудару. Көркемдік танымдарын қалыптастыру. Ермексаздан аққала жасауға үйрету.

Дамытушылығы Ұсақ-қол моторикаларын дамыту.

Тәрбиелілігі:. Ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Билингвальді компонент: : аққала-снеговик, қар-снег, суық-холодно, қыс-зима

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардын іс әрекеті

Шаттық шеңбері:

Кел, балалар, түрайық,

Қолды белге қояйық.

Орнымызда айналып,

Билеп-билеп алайық.

Балалар

қимылмен

жасайды.

Ұйымдастыру іздестіру

Аяз қысып, өрнек сызып,

Ағаштары қар жамылып

Өзендер мұз боп қатады,

Бобектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

- Айналамызға қарайықшы

жан-жағымыз қандай?

- Қыс мезгілі сендерге ұнайды

ма?

- Несімен ұнайды? Қандай

ойындар ойнайсыңдар?

Балалар мен сендерге жұмбақ

жасырайын, шешуін кім айтады

екен:

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.

Балалар, біз бүгін қамырдан

аққаланы қалай жасау керектігін

білеміз.

- Ермексазды дөңгелетеміз де,

оңы үш бөлікке бөлеміз.

- Үлкен, орташа және

кішкентай етіп аламыз.

Тақтайшаға үлкен дөңгелегін, содан соң ортаншысын, соңында кішкене дөңгелекті домалатып аламызда кезектеп бірінің үстіне бірін қоямыз. Ермексаздан көзін, мұрынын, бас киімін жасаймыз. Аққала құлап қалмау үшін жақсылап біріктіреміз

. Сергіту сәті:

Қар жауады оң жақтан,

Қар жауады сол жақтан,

Қар лақтырып ойнасақ,

Су болады қолғаптар

Орындау тәсілін бекіту:

Біз нені мүсіндейміз? Бізге ермексаздың қай түсі керек? Бөлшектерді неліктен мықтап біріктіру керек? Балалардың дербес шығармашылық жұмысы. Кейбір балаларға жеке көмек көрсету.

Қыста.

Аппақ болып жатыр.

Иә, ұнайды.

Жапалақтап қар

жауады.

Шанаман, қар

лақтыру, аққала

жасаймыз.

(Қар)


Аққаланы жасау кезінде,балаларға жеке- жеке көмек беру.Қимылмен жасайды.

Балалардың жауаптары.

Рефлексивті түзетушілік

Ермексаздың қандай түстерін қолдандыңдар? Қимылды ойын: «қар лақтыру»

Балалар өздері таңдайды. Қызыға ойнайды.

Күтілетін нәтиже

Нені біледі : қыс, аққала жасау ерекшелігін:

Қандай түсініктерді игерді: қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау керектігін түсінеді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ермексазды илеп, домалату арқылы аққала жасауды меңгереді.


© 2010-2022