Әке ана және мен

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№13 бөбекжай-бақшасы







Спорттық сайыс



«Әке ана және мен»





Әке ана және мен





ІІ -ші кіші топтар «Жұлдыз», «Бүлдіршін»





Дене шынықтыру нұсқаушысы:Нурмагамбетов Н.К.


Тәрбиеші: Ақауова А.Е.







Қостана-2015ж



«Әке ана және мен»

Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Нурмагамбетов Н.К.

Тәрбиеші: Ақауова А.

Мақсаты:Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кеңтарату. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Төзімділігін, жылдамдығын, ептілігін, батылдығын дамыту.


Көрнекілігі: кедергілер, обрач, балдырған, шорти, тунель, секіруге арналған шарлар, тақта, қалам.

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Қазақстан Республикасының әнұраны

Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
ІІ. Негізгі бөлім
Құрметті әріптестер және ата-аналар,бүлдіршіндер бүгінгі«Әке ана және мен» сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа орта
ңғы және ересек топтары мен ата-аналарымыз қатысады.
Жарысқа қатысатын топтарды шақырамыз.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға отбасыларды шақырамыз.

1. «Жұлдыз» тобының отбасы: Абдулиндер: Ильгундировтар: Касымовтар;Кусайновтар
2 «Бүлдіршің» тобының отбасы: Ахметовтар: Рябченюк; Махамбетовтар;Ахметкалмевтар
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)

Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. (балабақша директоры)
2. (балабақша әдіскері)
3. (балабақша медбикесі)

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Сайыстың бағдарламасы 5 кезеңнен тұрады:
І кезең:
«Таныстыру»

ІІ кезең: «Шенберден секіру»

ІІІ кезең: «Допты кедергілерден домалат»

IV кезең: «Шарды жарып мақалды жалғастыр»

V кезең: «Велосипед»
VІ кезең: «Каппен секіру»

1) Атамнан басталар Әжемнен басталар Отбасы мыналар Ең жақын адамдар,-дей келе

І кезең: «Таныстыру»

Шарты: Әр отбасы өздерін таныстырады. (өздерінің қалауы бойынша)


2) Көңіл қойып қараңыз Жалындап тұр ғой балаңыз Жарыссын қане отбасылар. Қол соғып қарсы аламыз.

ІІ кезең: «Шенберден секіру»


Шарты: Бірінші әкеміз, екінші анамыз кезекпен 2обрачпен секіріп барып, кері кайтарда кедергілердің арасымен жүгіріп келіп, кезекті балалары алып, балдырғанмен жарысады.

3) Береке де осында Мерекеде осында Болып жатыр той думан Отбасылар сайысында

ІІІ кезең: «Допты кедергілерден домалат»

Шарты: Бұл кезеңде әкелерімізге салмақ көптеу түседі. Бірінші әкелеріміз шортимен секіріп барып, мәреге жеткеннен кейін кері жүгіріп келеді. Әкелеріміз анасымен бірге секіріп, кері жүгіріп келеді. Әкеміз бен анамыз балаларын алып дәл солай секіріп, жүгіреді.


4) Қайраттанып қарышта Озып шыққан жарыста Батыл бас қалыспа Жұлдыздарға, ғарышқа

IV кезең: «Шарды жарып мақалды жалғастыр»

Шарты: Әр топ мүшелері тунель арасымен өтіп, кедергілер арасымен қос аяқпен секіріп ,кері жүгіріп келу керек.


5) Болашақ үшін қиындыққа қол созған Үміт еткен ел арманын қолдасын Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан Ізгі, ниет жақсы өнеге тозбасын


V кезең: «Велосипед»


Шарты: Бұл кезеңді балаларымыз бірінші бастайды. Балаларымыз арнайы шармен секіріп барып, кері жүгіріп, кезекті анамызға береді. Анамыз кедергілер арасымен жүгіріп барып, мәреге жеткенде берілген тапсырманы орындау керек. Яғни көрсетілген есепті шешу керек. Әкемізде анамыз сияқты кедергілер арасымен жүгіріп барып, тапсырманы орындауы керек.
VІ кезең: «Каппен секіру»


ІІІ.Қорытынды бөлім:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.


Жүргізуші: Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Қатысушы отбасы мүшелеріне алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!




Әке ана және мен



© 2010-2022