Р дыбысы мен әрпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 24 .11.2015ж. « Жұлдыз» тобы

Аты-жөні: Нуриева Назгуль Нурлыбековна

Білім беру аймағы: Қатынас.

Өткізілетін аймағы: Сауат ашу.

Тақырыбы: Р дыбысы мен әрпі.

Сөздік жұмысы: Ара - пчела, қасқыр -волк.

Мақсаты:

Білімділік: Р дыбысы және әріпімен таныстыру. Рдыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Р әрпінің баспа таңбасын жазуды үйрету. Дауысты дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігін байқауға уйрету.

Дамытушылық: Баланың білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. Балаларды сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйретіп сөздік қорын дамыту. Жаңылтпаш, жумбақтар арқылы балалардың ойлау қабілетін уйрету.

Тәрбиелік: Балаларды сыпайлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:кеспе әріптер,жұмбақтар,жаңылтпаштар суреттер,әліппе дәптері, ойын хат

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру.

Іс-әрекет кезеңлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру сезімін ояту

Балалар бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар отыр. Кәне қонақтармен амандасып алайық.

Қатар-қатар тізіліп

Оқушыға ылайық

Қолымызды түсіріп

Шеңбер жасап тұрайық

.



  • Балалар қазір бізде сауат ашу сабағы.

  • Сауат ашу сабағында біз не істеймиз?

Сәлеметсиздерме!

Балалар шеңберге тұрып жылулық сезімін білдіреді.

Менде де жақсылық

Сенде де жақсылық

Менде бақыт,сенде бақыт

Менде мейірім ,сенде мейірім

Менде доспын сенде доссың

Бәріміз доспыз.

Біз бақытты баламыз,

Ойнап білім аламыз

Сауат ашу пәнінде

Оқып жазу жазамыз.

Ұйымдастыру ізденушілік кезең

Ой қозғау:

  • Балалар өткен сабақта біз қай дыбыспен таныстық. Есімізге түсірейікші.

Л дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз.

Мысал келтіру.

Бүгін біз сендермен тағыда бір дауыссыз дыбыспен танысамыз

Жұмбақ жасыру

Қарда бар, мұзда жоқ,

Жарда бар, құзда жоқ.

Бұл Р дыбысы екен.

Р дыбысының айтылуына байланысты тілге жаттығу жасау.

Тәтті тосап.

Тілімен астынғы үстінгі ерінді жалау.

2-жаттығу:Құлыншақ

Таңдай қағу

3-жаттығу:Алтыбақан

Тілді мұрынға иекке дейін жеткізу

Есіті почташы қағады.Хатпен бал салынған дарба әкеледі.

Сурет бойынша жұмыс:

Жұмбақты шеше отырып суретті табу.

Дыбыстық талдау жасау

Гүлге қонады,

Гүлдің қонағы

Үйіне кірсең

Бөшкелер балға толады

Күші десең, күші бар

Тісі десең,тісі бар.

Торуылдап ауылды

Түнде жортар ісі бар.

Әрі шешен,әрі әнші,әрі күйші

Әр үйде бар тапқышым,кәне тапшы.

Бие сүті құюлы,

Тері қабым сыйымды

Оқтауым тұр пісетін

Көмейіне сұғулы.

Сауат ашу дәптерімен жұмыс: Буындап оқу

Ра , ра, ра, а-ра, та-ра, ар-на

Сергіту сәті:

Иіл оңға түзу тұр

Иіл солға түзу тұр

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Дәптермен жұмыс:

Р дыбысын жазу.

1.Ауада жазу

2. Тақтаға жазып көрсету.

3. Бастырып жазу.

4.Өз бетімен жазып үйрену.

Жаңылтпаш айту.

1.Ақ кептер

Көк кепктер

Көп кептер

2. Ара, ара, аралар

Гүлдерден сорып бал алар

Алысқа ұшып бара алар

Бал тәтті ғой балалар

3.Үш дүр сұр қасқыр

Бес көк дүр қасқыр

Ойын»Тез ойла, сөз ойла»

Берілген тор көзге тиісті сөздерді қою

Сабақты қорытындылау

Балалар сендер бүгінгі сабақта ерекше ақылды,әрі алғыр болдыңдар.

Сабақ ұнадыма?

Несімен ұнады?

  • Балалар менің сендерге дайындаған тосын сыйым бар. Балаларға бал таратып беру. Балдың қасиеті айту

Өткен сабақта Л дыбысы мен әрпімен таныстық.

Мысалы: лақ балық, піл,Талғат Талғар

Балалар мұқия тыңдап жауаптарын айтады.



Р дыбысы мен әрпі



Тәрбиешінің артынан қайталайды





Жұмбақтың шешуі:Ара

Буынға бөлу.

А-ра.

Сөйлем құрау.

Мен араны көрдім.

Ара гүлге қонды

қасқыр

Қас-қыр.Мен қасқырды көрдім.Қасқыр жыртқыш аң

.

Радио.Ра-ди-о.

Мен радио тыңдадым Апамның уйінде родио бар.

Торсық.Тор-сық.

Мен торсыққа сүт құйдым.



Тәрбиеші оқиды балалар қайталайды.Өз бетімен оқу

Дауыстап,іштей оқу.

Іс -қимыл арқылы орындау

.

Балалар қайталап айтады.



Жаңылтпаштар арқылы дұрыс айту, тез айту дағдыларын дамытады





р


р


р

Балалардың пікірін тыңдау

  • Маған сабақ ұнады себебі біз сөздерді буынға бөлдік,жұмбақ шештік,жаңылтпаш айттық,ойын ойнадық

  • Келген қонақтармен қоштасу.



© 2010-2022