Тәжірибелі сабақ Әдемі тостаған

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Класы: 9 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев өмірі, шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларды Абайдың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен қосымша мәліметтер арқылы кеңірек таынстыру;

ә) тәрбиелік: тілалғыштыққа, адагершілікке баулу;

б) дамытушылық: оқушылардың танымдық көзқарасын, жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту.

Сабақтың типі: дәстүрден тыс интерактивті

Оқытудың әдіс - тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: портрет, шығармалар жинағы интерактивті тақта, кеспелер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Класты түгендеу

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


  1. Үй жұмысын тексеру:

Ауызша сұрақтар қою арқылы өткен сабақты, яғни Ыбырайдың өмірі мен шығармаларын еске түсіру.

«Жаз», «Азған елдің хандары» өлеңдерін талдау.

Кепе қағаздары:

  1. «Балғожа бидің баласына жазған хаты» өлеңіне талдау жасаңыз.

  2. «Атымтай жомарт» әңігімесінің негізігі түйіні не? Жомарттық дегенді қалай түсінесің?

  3. «Бақша ағаштары» әңгімесінің идеясы не? Сенің ата-анаң не ұстаздарың тәрбие беріп жатқанда тыңдамай, теріс айналған кезің болды ма?

  4. «Әке мен бала» әңгімесіне 5 жолды өлең құра.

Ыбырайдың өлеңдерін жатқа сұрау.

Жаңа сабақ.

1-слайд: Абай Құнанбаев

(1845-1904)

Асыл сөзді іздесең

Абайды оқы, ерінбе

Адамдықты көздесең

Жат тоқып ал көңілге.

С. Торайғыров

Абай өскен орта мен Абай нәр алған үш арна:

  1. Халық ауыз әдебиеті: «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Жұпар қорығы», «Еділ - Жайық».

  2. Шығыс әдебиеті: Фирдоуси, Науаи, Низами, Сағди, Шәмси шығармалары.

  3. Орыс және батыс әдебиеті: Л.Н.Толстой, Е.П.Михаэлис, Лермонтов, Крылов, Пушкин, Некрасов, Герцен, Добролюбов, Чернышевский, Шекспир, Байрон, Гете, Дюма.

Абайдың шәкірттері: Шәкәрім, Көкбай, Әсет, Әріп, Тұрағұл, Мағауия, Кәкітай, Уәйіс.

Құнанбайдың әйелдері мен балалары: Күңке, Ұлжан, Нұрғаным, Айғыз - Құдайберді, Тәкежан, Абай, Оспан, Ысқақ, Халиолла, Ысмағұл.

Абайдың әйелдері мен балалары: Ділдә, Әйгерім, Еркежан - Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан; Тұрағұл.

Абайдың балалары : Ақылбай мен Тұрағұлдан тараған ұрпағы.

Сабақты бекіту:

Үйге тапсырма:

Абайдың өмірі мен шығармашылық бастайлары жөнінде газет-журналдардан, оқулықтан тыс еңбектерден мйлімет жинау.

Бағалау.


© 2010-2022