Сценарий: «Жасыл шырша жанында» ертеңгілігі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жасыл шырша жанында» ертеңгілігі

Мақсаты:

Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, Клоун, балалар, ата - аналар..
Музыка ойнап тұрады.)
Жүргізуші:

Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушіге Шолпан Аманқызына беріледі.
Жүргізуші:

Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші:

Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші:

Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Мумина:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Жамиля:
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.

Жансезім:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Жүргізуші:

Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)
Клоун:

Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!
Ойын: «Кім жеңеді?» (4 орындықпен)

Би: «Гномдар»
Жүргізуші:

Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар.
Жүргізуші:

Кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аяз ата, Аяз ата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Қоян кіріп келеді.)
Қоян:

Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарынды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші:

Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Қоян: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші:

Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Қоян: Жоқ.
Жүргізуші:

Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?!
Қоян: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аяз ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді)
Жүргізуші:

-Неге олай еттің? Аяз ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Қоян:

Ә, бәлем, солай ма екен! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды )
Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.
Жүргізуші:

Аяз ата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата:

Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.
Аяз ата:

Балалар, менің қарша қызым қайда жұр екен, кім тауып береді екен маған?

Арсен:
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.
Диас:
Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен.
Аян:
Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.
Нұрдаулет:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап

Ілияс:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Аяз ата:

Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтар дан кейін кідірмес. Клоун балам, сыйлықтарын берейік тақпақ айтқан балаларға.
Жүргізуші:

Аяз ата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңқар бойлы бір сұлу
Табыңдаршы, аты кім?
Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)
Ақшақар:

Сәлеметсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге.....
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар:

Көңілсіз бір бала жоқ, ойын - күлкі таралсын.
Құтты болсын....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жаңа жыл келеді.
Жаңа жыл: Кім десендер, мен жаңа жылмын, Маймылмын. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.
Аяз ата:

Бәрекелді, ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін.

Би: «Ұлпа қарлар »

А.Мұқаметжан.
Бізді байтақ далада,
Асқар тауда қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таң ғажайып қыс болды.
Бағдәулет:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!
Бейбарыс:
Бір топ бала сырғанап,
Би билейік зырлайық.
Қалды артта қар алып,
Іздерінен қар ұшып.
Анна:
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Стас:
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз атаны.
Иван:
Далада қар борайды,,
Ақ мамыққа орайды.
Айжан:
Мұз болады қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.

Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны.
Карина:
Қыс келді, Қыс келді.
Ақтарып ақ қарды.

Ақшақар ойын ойнатады.
Жүргізуші:

Кәне, балалар, бәріміз «Жаңа жыл!» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аяз атамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Клоун бәріміз!

С.Мұхамеджан

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Гүлім

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттаңды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Қуаныш

Тамаша,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қарасаң.

Әділжан

Кел билейік сенімен,

Деймін тартып жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар

Адамдардың демімен.

Нұрсипат

Міне тағы келіп тұр

Жаңа бір жыл балалар,

Жадыратып жер үстін

Төрімізге ол шыққан.
Ән: «Шыршаға бардық!»
Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аяз ата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар!



© 2010-2022